Жалпы мәліметтер

Мерзімді баспасөз басылымы – «Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы» журналы

Желілік басылым – «Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы» журналы

Құрылтайшы және меншік иесі – «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы» ММ

Жас санаты белгісі – 12+

Журнал 2016 жылдан бастап шығарылады.

Есепке қою туралы куәлік – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті берген мерзімді баспасөз басылымы (2016 жылғы 25 сәуірдегі №15969-Ж), желілік басылым (2018 жылғы 21 мамырдағы (№16600-СИ).

ISSN – 2518-7252

Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізілген (17.04.2019 ж. ҚР БҒМ БСБК № 396 бұйрығы, 28.01.2021 ж. ҚР БҒМ БСБК № 52 бұйрығы (ҚБПУ)

2020 жылдан бастап «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның  Қазақстандық дәйексөздер базасында (ҚазДБ) индекстелуде, сондай-ақ «Ресейлік ғылыми дәйексөздер индексі» (РҒДИ) ғылымометриялық жүйесіне енгізілді және Қазақстандық ғылыми академиялық кітапхана (ҚҒАК) және Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана (РЖООАЭК) жүйесінде толық мәтінді форматта еркін ақысыз қолжетімді.

Әрбір мақалаға DOI нөмірі беріледі (объектінің цифрлық сәйкестендіргіші).

Баспа түрінде шығады.

Жариялау тілдері – қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Жылына 4 рет шығарылады.

Журнал құқық қорғау органдарының мәселелерін кешенді түүрде талқылау және шешу, жаңа заң шығару бастамалары мен новеллаларды қалыптастыру үшін ғылыми және білім беру ақпараттық ортаны қалыптастырудың инновациялық алаңы болып табылады.

Журналдың негізгі мақсаты болып құқық қорғау қызметі, заң ғылымдары және халықаралық құқық саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді,  сондай-ақ оқырмандарды әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми жасалымдарын енгізумен таныстыру болып табылады.

Журналдың міндеттері:

1) құқық қорғау қызметін және құқықтың әртүрлі саласын дамыту мен жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қалыптастыру мақсатында отандық және шетелдік заңнаманың, құқық қолдану практиканың  отандық және шетелдік қазіргі жай-күйін зерттеу;

2) мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, шет мемлекеттердің заңнамасы мен халықаралық құқықтың теориялық және эмпиристикалық аспектілерін талдау;

3) Қазақстан Республикасы мен басқа елдердің құқық қорғау органдарының қызметіне  салыстырмалы түрде талдау жүргізу;

4) Журнал тақырыбында қарастырылған ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық, ғылым салаларындағы мамандар қызметінің негізгі нәтижелерін көрсету;

5) практикалық қызметкерлер мен заң қауымдастығын зерттеулер нәтижелерімен таныстыру.

Журналда Академияның және құқық қорғау органдары мен басқа да ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындарының  қызметкерлері және жеке бастама тәртібінде ғылыми зерттеулер жүргізетін азаматтар орындайтын құқық қорғау қызметі, құқық және ғылым саласындағы  ашық ғылыми зерттеулердің нәтижелері жарияланады.

Журналдың ғылыми жарияланымдарында дәйексөздердің жоғары индексті авторлардың географиялық әр түрлілігі қамтамасыз етіледі.

Авторлық құқықтың кез келген бұзушылықтар заң бойынша қудаланады.

Журнал материалдарын қайта басып шығару тек қана Редакцияның келісімі бойынша рұқсат етіледі.

Журнал материалдарын қайта басу тек Редакцияның келісімі бойынша болады.

Бас редактор – Сыздықов Алмаз Жақсыбекұлы – Академияның Ғылыми қенес Хатшысы, (PhD) философия докторы

Редакция мекенжайы: 010078, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қосшы қ., Республика көшесі, 94 құрылыс

Телефон: +7 701 329 2412, +7 701 232 9935, +7 701 442 0242

Е-mail: 7171181@prokuror.kz, 7171410@prokuror.kz, 7171402@prokuror.kz

WWW: vestnikacademy.kz