Аннотациялар – 2020 жыл

№1/2020 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Н.С. Алпысов, Б.Ж. Сағымбеков, Е.С. Кемали «Рейдерлік: Қазақстан Республикасындағы қылмыстық жауапкершіліктің теориялық және практикалық аспектілері» Бүгінгі күні рейдерлік құқық бұзушылықтың қиын құрамының бірі болып табылады, себебі құқық бұзушының іс-әрекеттері заңды сипатта немесе азаматтық-құқықтық мәмілеге айналды. Бизнесті бұзатын лауазымды тұлғаларға қатысты шешуші шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында атап көрсетілген. Мақала авторлары құқық бұзушылықтың осы түрі үшін қылмыстық жауаптылықтың негізгі аспектілерін қарауға әрекет жасады. Негізгі көзқарастар құқықтық базаның жеткіліксіздігін пайдалана отырып және мемлекеттік, әкімшілік және әлеуеттік ресурстарды сыбайлас жемқорлық пайдалана отырып жүзеге асырылатын мүлікті, жер кешендерін және меншік құқықтарын бірлесіп сіңіру ретінде рейдерлікті анықтауға негізделеді. Сонымен қатар, авторлар рейдерліктің пайда болуына негізінен заңнамадағы олқылықтар, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 249-бабының қолданыстағы конструкциясының жетілмегендігі ықпал ететінін атап өтті. бизнес, кәсіпкерлік, рейдерлік, заңсыз сіңіру, кәсіпті жаулап алу, қылмыстық жауаптылық, лауазымды тұлға
2 Е.Е. Қаженов, Ә. С. Қаженова «Жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар (жалпы жағдайы және жетілдірудің жеке мәселелері)» Мақала Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің бірінші тарауына енгізілген қылмыстық құқық бұзушылықтардың мәселелерін зерттеуге арналған. Адам құқықтары институтының тарихи экскурсы және дамуына талдау жасалды. Адам құқықтары бекітілген алғашқы құжаттары көрсетіледі, соның ішінде қазақ даласында – Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан туралы ережелер келтірілген. Соңғы бес жылдағы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық мәліметтерін пайдалана отырып, жеке тұлғаға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы жағдайы ашылады. Зерттеу, бірінші тараудың атауын «Адамның дене тұтастығына және қол сұғылмаушылығына қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар» деп өзгерту, жала жабу мен қорлау туралы нормаларды адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар тарауына ауыстыру қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде кісі өлтірудің, дене жарақаттарын келтірудің және өзге де ауырзардаптардың алдыналу үшін жүйелі түрде үйдегі зорлық-зомбылық (отбасылық (тұрмыстық) зорлық-зомбылық) үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу керектігі анықталды. жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, адам құқықтары, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар статистикасы, тарауды қайта атау, үй зорлық- зомбылық (отбасылық (тұрмыстық) зорлық-зомбылық)
3 О.А. Книженко, А.В. Шамара «Украинаның антитеррористік заңнамасын нормалау жолдары» Мақалада авторлармен Украинаның антитеррористік заңнамасын халықаралық және мемлекеттің ішкі заңнамалық актілерімен келістіру мақсатында, жетілдіру қажеттігі қарастырылады. Ондай міндет 2011 жылы Украина Президентімен қойылған болатын. 02.09.2011 жылғы № 898 Украина Президентінің Жарғысымен бекітілген 2011-2013 жылдарға арналған терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар Жоспарына сәйкес, терроризммен күрес саласындағы ұлттық заңнамаға талдау жүргізу жоспарланған. Қажет болған жағдайда заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау және енгізу қарастырылған. 2013 жылдың 25 сәуіріндегі Украина Президентінің № 230/2013 Жарғысымен бекітілген, терроризммен күрес Тұжырымдамасы қабылдануына байланысты, Украина территориясындағы терроризммен күрес БҰҰ (Бүкіл Ұлттар Ұйымы) жаһандық контртеррористік стратегиясы мен Еуропалық Одақтың контртеррористік стратегиясының басты ережелеріне сүйене отырып, ұлттық деңгейде анықталған принциптерге негізделуі тиіс. Сонымен қатар, 2019 жылдың 5 наурызында қабылданған терроризммен күрес туралы келесі № 53/2019 Тұжырымдамада терроризммен күрестегі субъектілерді ғылыми қамтамасыз етуді және терроризммен күресудегі нормативтік-құқықтық қамсыздандыру шараларын жақсарту белгіленген. антитеррористік заңнама, БҰҰ, Еуропалық Одақ, контртеррористік стратегиясы, терроризм
4 Д.Д. Сүлеймен «Қылмыстық теріс қылық және құқық бұзушылықтардың жаңа классификациясы: жақсы және жаман жақтары» Теріс қылықтар енгізілгеннен бастап құқық бұзушылықтардың жаңа классификациясының орындылығы туралы даулар туындауда. Қазақстан заңнамасы заңсыз әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылықтарға, онша ауыр емес, орташа, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстарға нақты бөлінуімен, онсыз да халықаралық стандарттарға сәйкес келетін. Құқық бұзушылықтардың жаңа классификация идеясы кеңестік және посткеңестік кезеңдегі қылмыстық-құқықтық догмалардың шеңберінен шығатын байыпты ғылыми негізге негізделуі керек еді. Алайда құқық бұзушылықтардың жаңа жүйесін құру теріс қылықтарды әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардан ажыратудың критерийлері туралы нақты түсініксіз жүзеге асырылды. Кейбір теріс қылықтардың құрамын әкімшілік құқық бұзушылық санатына қайтару мәселелері көтерілуде. Бастамашылар теріс қылықтарды енгізу ұсақ-түйек деликтерді тергеп-тексеруге одан да көп күш пен құралдар жұмсалып, дәлелдер жинауды қиындатқанын, жазаның бұлтартпастығы қағидасын бұзғанын атап өтті. Жеке теріс қылықтарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қайта көшіру арқылы практикалық проблемаларды шешу әкімшілік-деликтік құқығын реттеу тақырыбын жоятын теориялық кемшіліктерді жоққа шығармайды. құқық бұзушылықтардың жіктелуі, қылмыстық теріс қылық, құқық бұзушылық критерийлері, теріс қылықтырда тергеп-тексеру практикасы, полиция құқығы
5 Т.С. Шандаулов, Д.Ж. Мұқанов «Әскери қылмыс бойынша заңнаманы және құқық қолдануды жетілдіру туралы» Бұл мақалада әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қолданыстағы әскери-қылмыстық заңнама мен сот-тергеу практикасы талданды. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасы тұжырымдамасының жекелеген нормаларының сәйкессіздігі, олар үшін көзделген санкцияларға қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігі бөлігінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Жеке проблемалық мәселелер зиянды салдарларды түсіндіру, қылмыстық құқық бұзушылықтарды аралас құраммен саралау, сондай-ақ түзеу жұмыстары түріндегі жаза шараларын қолдану кезінде қылмыстық істерді тергеу және сотта қарау барысында анықталды. Талдау нәтижелері бойынша әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы мәселелерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдары мен соттың құқық қолдану практикасын түзету мақсатында нақты ұсыныстар әзірленді. қылмыс, қылмыстық заңнама, әскери қызмет, әскери қылмыстық қылмыстар, сот-тергеу практикасы, әрекет, қоғамдық қауіпті салдарлар, біліктілік
6 С.А. Беликова «Атқарушылық іс жүргізудегі медиацианы құқықтық реттеу» Мақала «Атқарушылық іс жүргізу туралы» Украина Заңындағы медиацияны құқықтық реттеуге арналған. Судьяның қатысуымен медиация дауларын реттеу рәсімі 2017 жылы Украинаның іс жүргізу заңына енгізілген. Бұл процедураның өткізілуі Украинаның Азаматтық іс жүргізу кодексінде, Украинаның Коммерциялық іс жүргізу кодексінде және Украинаның Әкімшілік іс жүргізу кодекстерінде көрсетіліп, орын тапқан. Атқарушылық іс жүргізудегі медиация сот медиациясының аналогы болып есептеледі, өйткені сот шешімін орындау сот процесінің қорытынды сатысы болып табылады, ол шешімдердің мәжбүрлі түрде орындалуын қамтамасыз етеді. Сот шешімдерінің орындалуы Украинаның «Атқарушылық іс жүргізу туралы» Заңында қарастырылған. Алайда, бүгінгі күні бұл заң, сот шешімін орындау сатысындағы медиацияның барлық шараларын толықтай құқықтық реттеу қажеттілігіне байланысты, жетілдірілуі қажет. медиация, дауды реттеу, сот шешімі, атқарушылық іс жүргізу, мемлекеттік (жеке) орындаушы, құқықтық реттеу
7 Б.Б. Бұралкиева, Д.У. Досымов «Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіндегі медиацияны реттеудің кейбір мәселелері» Мақала Қазақстан Республикасының Қылмыстық процесіндегі медиация мәселелерін қолдану рәсімін зерделеуге арналған. Авторлар қылмыстық сот ісін жүргізуде медиация рәсімдерін қолдану бойынша, шетелдік үздік және оңтайлы заңнамалық практикаларға шолу жасайды. Қылмыстық істер бойынша медиацияны қолдануды реттейтін қолданыстағы ұлттық заңнама талданды, бұл оның «әлсіз жақтарын» анықтауға және оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізуге, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық процесінің 382-бабына қажетті өзгерістер жасауға көмектесті. Бұл, біріншіден, кінәсіздік презумпциясы қағидасын бұзбауға мүмкіндік береді, екіншіден, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарға олардың өздеріне тиесілі құқықтарды іске асыруға мүмкіндік береді, үшіншіден, іс жүргізуді үнемдеу бөлігінде мемлекеттік саясатты іске асырады. Жалпы бұлар, Қазақстанда қылмыстық медиацияны қолдануды одан әрі кеңейтуге алып келеді. медиация, медиатор, қылмыстық процесс, жанжалды реттеу, медиация рәсімі, жанжалды шешудің баламалы тәсілдері, құқықтық жанжал, қылмыстық медиация
8 Ж.А. Құранбек «Қазақстандағы жылжымайтын мүлік объектілері саласындағы алаяқтық» Жылжымайтын мүлік нарығы көбіне оңай ақшаны ұнататындарды тартады. Жыл сайын алаяқтар әртүрлі жылжымайтын мүлік түрлерімен жасалатын мәмілелер бойынша алаяқтық жасаудың жаңа әдістерін ойлап табады және осы саладағы алаяқтық әрекеттердің көбеюі байқалады. Осы жағдай мақаланың өзектілігін анықтайды. Мақалада соңғы бірнеше жылдағы статистикалық мәліметтер пайдаланылған, талдау сот практикасының материалдарына сәйкес жүргізілген. Алдау және сенімге қиянат жасау жолымен жылжымайтын мүлік объектілерін иелену тәсілдері талданады. Практикалық маңызы зерттеуде тұжырымдалған жекелеген қорытындылар мен ұсыныстар тұрғын үй жылжымайтын мүлік саласында жасалатын алаяқтықтың түрлі тәсілдерінің алдын алуға ықпал етуі мүмкін. Осы ғылыми мақала пікірталас сұрақтарынан тұрады және тұрғын үй жылжымайтын мүлік саласында жасалатын алаяқтықтың алдын алу мәселелерін қызықтыратын барлық адамдарға арналған. жылжымайтын мүлік нарығы, жылжымайтын мүлік объектілері, қылмыс, жылжымайтын мүлік саласындағы алаяқтық, алаяқтық тәсілдері, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, статистикалық көрсеткіштер, криминогендік детерминанттар
9 С.Б. Райымжан «Одорологиялық білімді қылмыстарды ашу мен тергеу тәжірибесінде қолдану мәселесіне» Мақала одорология сияқты криминалистикалық техниканың дәстүрлі емес саласының көмегімен қылмыстарды ашу мен тергеудің кейбір мәселелеріне арналған. Кейде зерттелетін учаскелерде қылмыстың дәстүрлі іздері (бұзу іздері, аяқ киім, саусақ іздері және т.б.) мүлдем жоқ немесе аз мөлшерде қалады. Мұндай іздерге өзінің пайда болуының табиғаты бойынша қылмыс жасаған адамның жоюы немесе жасыруы мүмкін емес іздер жатады. Ең алдымен атап айтқанда бұл, көрінбейтін жағдайларда жасалған қылмыстарды тергеу кезіндегі иіс іздері. Автор шет мемлекеттерінің оң тәжірибесін, одорологиялық ілімнің даму тарихын, криминалистикалық одорологияның перспективалық және өзекті бағыттарын қарастырды. Одорологиялық білімді пайдалану кезінде тәуекелдер, оң және теріс жақтары белгіленді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне одорологиялық сараптамаларды тағайындау және жүргізу мәселелері бойынша кейбір өзгерістер енгізу ұсынылды. биодетектор, иістің орыны, кинологиялық зерттеу, ольфакторлы зерттеу, ит-детекторы, одоролог-маманы, бекіту, одорологиялық сараптама
10 Р.Ш. Қарымсаков, Ж.Ж. Абралиев, М.Ж.Құдайбергенова «Қазақстан Республикасы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының кейбір мәселелері» Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қамтыды. Ұсынылған ғылыми мақалада авторлар 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңын талдауға әрекет жасады. Жоғарыда көрсетілген заңды талдау негізінде авторлар жеке бөлімдер мен баптар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады, бұл оған үйлесімдік береді. Бұдан басқа, олар талданып отырған заңға ведомстволық бақылау мен прокурорлық қадағалауды көздейтін нормаларды енгізуді ұсынады. Сонымен қатар, авторлар абылданған «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын ұсынады, өйткені қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң, құқық бұзушылықтардың алдын алу, прокурорлық қадағалау, ведомстволық бақылау, жасырын тергеу әрекеттері, жедел-іздестіру шаралары
11 С.Б. Тапаев, Е.С. Кемали «Қылмыстық қудалау: прокуратура органдарының орыны мен рөлі» Мақалада қылмыстық қудалаудың ұғымы, мәні және маңызы, сонымен қатар әмбебап қылмыстық іс жүргізу функциясы ретінде, сондай-ақ оны жүзеге асыру механизмінде күдікті институтының орыны қарастырылады. Авторлар бұрын қабылданған заңдарда, халықаралық-құқықтық актілерде, сондай-ақ қолданыстағы Қылмыстық-процестік кодексіндегі қылмыстық қудалау ұғымдарын зерделейді және ашады. Сонымен қатар, қылмыстық қудалауға қатысты жекелеген ғалымдардың ұстанымдарын зерделеп, талдап және олардың көзқарастарын ашып көрсетеді. 2017 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына прокуратура мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыратыны туралы жаңа норма енгізілгендіктен, бүгінгі күні қылмыстық қудалау ұғымының нақты анықтамасының қандай маңызы бар екеніне назар аударады. Осыған байланысты, авторлардың пайымдауынша, қолданыстағы Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті және қажетті конституциялық негіздерге сүйене отырып, керекті түзетулер енгізу қажет. қылмыстық қудалау, айыптау, қылмыстық іс жүргізу мәжбүр ету, күдікті, прокурор, тергеуші, конституциялық норма
12 А.Ж. Сыздыков «Қазақстанның кәсіпкерлік туралы заңнамасы: қалыптасу кезеңдері» Бұл Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік иститутының қалыптасуы туралы нормативтік-құқықтық хронологияны жүргізуге талпынған, ғылыми шолу мақаласы болып табылады. Кәсіпкерлік құқығы бойынша еңбектерді талдау негізінде, кәсіпкерлік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жіктеу келтірілген. Автормен кәсіпкерлік қызметінің даму кезеңдері ашылған. Кәсіпкерлік институты қалыптасуының не бары бес кезеңі анықталған. Шолу жасау кезінде кәсіпкерлік институтының дамуына елеулі рөл атқарған, өзекті нормативтік құқықтық актілеріне сілтеме жасалған. Мақалада Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылдануының, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерін қорғауға бағытталған органдар мен ұйымдардың қызметінің маңызы мен рөлі көрсетілген. Автор кәсіпкерлік институты дамуы жетілуінің жаңа кезеңіне алып келетін келесі сценарийді ұсынып отыр. мүлік, инвестиция, нормативтік құқықтық актілер,кәсіпкер, кәсіпкерлік, қаржы жүйесі, шаруашылық қызмет
13 А.Б. Тұрсынов «Қазақстандағы балалар құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» Бұл мақалада кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін сақтаудың маңызды аспектілері: зорлық-зомбылық пен балаларға қатал қараудың алдын-алу, оларды оңалту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, отбасылық қолайсыздықты анықтау шаралары, сондай-ақ балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар қарастырылады. Автор халықаралық тәжірибе негізінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстармен күресудің бірқатар шараларын ұсынады. Мақалада нақты міндеттер мен тұжырымдар, практикалық іске асыру мүмкіндігі, соның ішінде заңнамалық олқылықтарды жою туралы ақпарат бар. Көтерілген мәселелерді іске асырудың перспективалары байқалады. Атап айтқанда, автордың осы саладағы практикалық қызметін есепке ала отырып, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды және қолайсыз отбасыларды анықтауды автоматтандыру процесі ұсынылды. Сондай-ақ жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды оңалтудың бірыңғай жүйесін құру туралы ұсынысқа назар аудару керек. Жалпы, проблемалық мәселелердің практикалық шешімдері, заңнаманы және уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілген. балалар, қорғау, қауіпсіздік, қамтамасыз ету, құру, жетілдіру, шешім
14 Қ.Ә. Утаров «Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналымы ұғымы туралы» Өнеркәсіптік өнімнің жаһандық заңсыз айналымының және оның әлемдік экономикаға, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) мүше-мемлекеттердің экономикасына кері әсерінің жалпы сипаттамасы берілді (2018 жылы 17 млн-нан астам контрафактілік тауар бірлігі). Мақалада Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) туралы шартты және оған сәйкес қабылданған ЕЭО басқа да актілерін, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің азаматтық және өзге де заңнамасын талдау негізінде «өнеркәсіп», «өнеркәсіптік өнім (өнеркәсіптік тауарлар)», «тауарлар (өнімдер) айналымы», «өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналымы» ұғымдары зерттеледі. Одақтың мүше-мемлекеттерінің өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналымына келісілген қарсы іс-қимыл мәселелерін тиімді шешу үшін ЕЭО қолданыстағы нормативтік құқықтық базасының жеткіліксіздігі туралы қорытынды жасалды. ЕАЭО туралы шартқа қосымша арнайы хаттамада терминдер ретінде бекіту үшін өнеркәсіптік тауарлардың (өнеркәсіптік өнімнің) және кондициялық емес өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналымы ұғымдарының анықтамалары қалыптастырылды. ЕАЭО туралы шарт деңгейінде өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналымы ұғымын айқындауды жария ету ЕЭО мүше-мемлекеттердің осындай айналымға қарсы іс-қимыл саласындағы келісілген қылмыстық саясатын қалыптастыру және іске асыру үшін маңызды алғышарт болып табылады. өнеркәсіптік өнім, өнеркәсіптік тауарлар, өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналымы, кондициялық емес өнім, жалған өнім, контрафактілік өнім, сапасыз өнім, тіркелмеген өнім, сертификатталмаған өнім

 

№2/2020 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Меркель И.Д. «Пропорционалдылық принципі: оны қазақстанның құқықтық алаңында қолдану мүмкіндігі» Мақалада автор Қазақстан Республикасының құқықтық саласында «пропорционалдылық принципін» қолдану мүмкіндігінің теориясын зерттеді. Жалпы құқықтық мағынада берілген принцип жария билік органдары көздеген мақсаттар сипаты мен оларға қол жеткізу үшін қолданылатын іс-әрекеттер арасындағы сәйкестікті білдіреді. «Пропорционалдылық принципін» қолданудың тарихы мен халықаралық тәжірибесі, Халықаралық ұйымдардың, Адам құқықтары жөніндегі Страсбург сотының, ГФР Федералдық конституциялық сотының актілері, ГФР қылмыстық іс жүргізу кодексі және т.б. зерттелді. Автордың пікірінше, бұл талап адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге әкеп соғатын әрекеттерге қолданылады. Сондай-ақ, мұндай шектеу қажетті шеңберден шықпауы керек, шамадан тыс (тепе-тең емес) болмауы керек. Атап айтқанда, адамды жауапкершілікке тартқан жағдайда жаза қылмыстың немесе теріс қылықтың ауырлығына мөлшерлес (тепе-тең) болуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік құқықтық актілеріне ұсыныстар енгізілді. принцип; пропорционалдылық; органдар; құқықтар; бостандық; адам; азамат
2 С. К. Амандықова, Н. И. Хайрмуханмедов, Д. Б. Османова «Қазақстандағы ЖОО-да эндаумент-қорлар жұмысын құқықтық реттеу: заңнамаларға талдау» Бұл мақалада ҚР жоғары оқу орындарындағы эндаумент-қорларын құқықтық реттеудің өзекті мәселелері, сондай-ақ отандық және халықаралық заңнаманы талдау және жоғары білімдегі капиталды қалыптастыру мен толықтыруды құқықтық айқындау және мақсатты инвестициялардан түскен кірістерді пайдалануды құқықтық реттеу қажеттілігі қарастырылады. Сондай-ақ эндаумент-қорларды қалыптастыруды, толықтыруды және пайдалануды құқықтық реттеу қажеттілігі қарастырылады. Біздің еліміздегі эндаумент-қорлардың қызметін реттейтін заңнаманы зерделеу үшін біз алдымен дамыған елдердің озық тәжірибесін қарастыруымыз керек. Көптеген авторлардың көзқарастары бойынша эндаумент қор ұғымының мағыналық түсіндіруінің көптеген нұсқалары берілген. Егер мақсатты капиталды ұйымның өзі құрған болса, онда қор деп арнайы жеке шотқа бөлінген қаражат жиынтығы түсініледі. Мақсатты капиталды растау тек осы қорлармен операциялар жасауға арналған арнайы рәсіммен реттеледі, мысалы, сенімгерлік басқару, бухгалтерлік есеп, аудит және т.б. Мұндай ұйым (эндаумент-қор) ерекше құқықтық қабілеттілікке ие, яғни нысаналы капиталды қалыптастыруға және толықтыруға, табысты пайдалануға және нысаналы капиталдан басқа табыс алушылардың пайдасына тек нысаналы іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. құқық; эндаумент-қорлар; жоғары оқу орындары; ҮЕҰ; мақсатты капитал; инвестициялар; нормативтік актілер
3 Ж. С. Сейтаева, Р. С. Балашов «Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Өзбекстан Республикасының жұмыс тәжірибесі» Бұл мақала Өзбекстан Республикасының адам саудасына қарсы күрес саласындағы оң тәжірибелері мен қазіргі заманауи реформаларын зерделеуге, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия сияқты үйлестіру-кеңесші құралдардың рөлін ықтимал теориялық жалпылауға бағытталған. Авторлар Өзбекстанда және Қазақстанда ведомствоаралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыруға салыстырмалы- құқықтық зерттеу, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өзбек Республикалық ведомствоаралық комиссиясын адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық комиссияға реформалау мен қайта құруға талдау жүргізеді. Жүргізілген талдау Өзбекстан Республикасы бүгінгі күні Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында белгілі бір жетістіктерге жетіп отырғанын көрсетуде – бала еңбегі түбегейлі жойылды, Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары шеңберінде міндеттемелер орындалды, бұл елдің деңгейін АҚШ Мемлекеттік департаменті рейтингісінің үшінші санатынан екінші санатына дейін көтеруге мүмкіндік берді. адам саудасы; траффикинг; мәжбүрлі еңбек; адам саудасының құрбандары; адамдарды заңсыз әкету; ведомствоаралық комиссиялар; заңсыз еңбек; аумақтық комиссиялар; Өзбекстан Республикасы; мигранттар
4 Жижис С.А. «Кәмелетке толмағандарды жыныстық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудың кейбір мәселелері туралы» Мақалада автор кәмелетке толмағандарды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері үшін, атап айтқанда, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін қарастырады. Қаралып отырған қылмыс құрамның қолданыстағы диспозициясы қылмыстық процеске тартылған адамдар тобының заңсыз ұлғаюына ықпал ететіні және кәмелетке толмағандарға қатысты ізгілендіру саясатына сәйкес келмейтіні атап көрсетіледі. Сот-тергеу практикасын талдау және ТМД елдерінің заңнамасын зерделеу нәтижелері келтірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына толықтырулар ұсынылған, себебі он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе өзге де жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер үшін жауаптылықты көздейтін норманың логикасы көрсетілген норманың заң техникасына қайшы келеді. қылмыс; кәмелетке толмаған; он алты жас; көрінеу; субъект; кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы; жаза, қылмыстық жауаптылық
5 Ким А.И. «Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл шараларын жетілдірудің өзекті мәселелері» Мақала көлеңкелі экономиканың бөлігі ретінде заңсыз ойын бизнесіне арналған. Көлеңкелі экономика мәселесі өте өзекті, өйткені әлемде көлеңкелі экономикаға тап болмайтын нарықтық құрылымы бар мемлекет жоқ. «Көлеңкелі экономика» ұғымы үй шаруашылығындағы жеке еңбектен бастап кәсіпкерліктің әртүрлі формаларына дейін іс-әрекеттің кез-келген түрін қамтиды. Көлеңкелі экономика түрлерінің бірі – заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру. Ойын бизнесінің өзі кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлеріне жатпайды. Құмар ойындар мен ойын бизнесі заңмен қудаланбайды. Кінәлі адам белгілі бір жағдайларда ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Атап айтқанда, ойын мекемесін заңсыз ашқаны не ұстағаны немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастырғаны, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар бергені не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастырғаны және өткізгені не ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін ғана жауапкершілік болады. Автор бірқатар елдердің шетелдік тәжірибесін және отандық құқық қолдану тәжірибесін талдауды ескере отырып, заңсыз ойын бизнесін алдын алу жөніндегі бірқатар шаралар ұсынады. көлеңкелі экономика; заңсыз кәсіпкерлік; заңсыз ойын бизнесі; құмар ойындар; лицензиялау; зиян; лудомания
6 Д.Ж. Мұқанов, Р.А. Мирзалимова «Мемлекеттік шекараны қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы мәселе» Осы бапта отандық және шетелдік заңдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету ережелерін бұзу туралы қылмыстық істер бойынша құқық қолдану практикасы талданды. Шетелдік тәжірибені зерделеумен кеңес заңнамасының ортақтығына байланысты қаралып отырған қылмыс үшін жауапкершілік туралы мәселеге ұқсас көзқарастар анықталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы норманың жеткіліксіз тиімділігі және бір мәнді емес сот-тергеу практикасы қылмыстың осы түріне қарсы іс-қимыл жасау тәсілдерін жетілдіру қажеттігін туындатады. Негізгі проблемалық мәселе салдардың қоғамдық қауіптілігін, атап айтқанда олардың мемлекет қауіпсіздігіне зиянын анықтау болып табылады. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша көрсетілген қылмыс түрі үшін жауапкершілік туралы мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді. мемлекеттік шекара; шекара қызметі; ұлттық қауіпсіздік; елеулі зиян; заңсыз өту; жауапкершілік; қылмыс; заңнама; практика
7 А.А. Смағұлов, А.Қ. Қанатов «Заңнаманы жетілдіру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (құқықтық модельдеу тәжірибесі)» Бұл мақалада қылмыстық заңнамада бекітілген есірткі қылмысының құрамын «қайта құрудың» теориялық және ғылыми-практикалық негіздері талданады. Есірткінің түріне байланысты қылмыстық жауаптылықтың аражігін ажырату Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінің қылмыстық нормаларына балама нұсқау бола алатындығы баса айтылды. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құруда басты назарды қылмыстық іс-әрекеттің объектісіне (затына) – халық денсаулығына (есірткі, олардың аналогтарына) назар аудару ұсынылды. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын екі санатқа бөлу: шығу тегі өсімдік және синтетикалық. Тиісінше, анықталған есірткінің түрі бойынша есірткі қылмысына саралау ұсынылды. Мақаланың негізгі қорытынды – Қылмыстық кодекстің 297-бабының жаңа редакциясы арқылы қылмыстық заңнаманы жетілдіру мүмкіндігі және нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің есірткі саудасымен байланысты жазаны қатаңдату туралы тапсырмасын орындау болып табылады. Қылмыстық кодекстің 297-бабы; модельдеу; қылмыстық құқық бұзушылық; жазаны қатаңдату; есірткіні тарату
8 Е.А. Омаров, Т.Ғ. Маханов, Н.С. Әлімқұлов «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі процестік шығындардың жекелеген түрлерін есептеу әдістемесі» Ғылыми мақалада Қазақстан Республикасындағы процестік шығындарды есептеу мәселесі қозғалады. Процестік шығындардың құрамына жататын негізгі элементтерді анықтау үшін, авторлар олардың түсінігі мен мазмұнына негізгі ғылыми көзқарастарды зерделейді. Оған қоса Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік заңнамасында процестік шығындар ұғымы көзделмеген, тек ҚПК-нің 177-бабына сәйкес олардың түрлері ғана көрсетілген. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысында көзделген «процестік шығындар» анықтамасы да айтарлықтай пысықтауды талап етеді. Зерттеу нәтижесінде авторлар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қылмыстық сот ісін жүргізу барысында жасырынған адамдарды күштеп әкелуді және іздестіруді жүзеге асыруға арналған шығындарды өндіріп алу тәртібін реттеу бөлігіндегі олқылықтарды анықтады. Осыған байланысты, авторлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен нормативтік реттеу ұсынылатын күштеп әкелу және іздестіру шығындарын есептеу әдістемесін ұсынады. процестік шығындар; іздестіру; күштеп әкелу; шығыстар; шығындар; қылмыстық сот ісін жүргізу; жедел-іздестіру шаралары; әдістеме; есептеу
9 Т.А. Ханов, Кадацкий С.Н. «Қылмыстық процесте полиграфты қолдану» Мақалада сотқа дейінгі тергеу органдарының практикалық қызметінде полиграфты пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Қылмыстарды ашу және тергеу кезінде полиграфты қолданудың орындылығына қатысты процессуалдық ғалымдардың авторлық ұстанымы келтірілген. Құқық қорғау органдарының практикалық қызметінде полиграфты пайдаланатын елдердің оң тәжірибесі зерделенді. Авторлар тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ақпарат алуға тыйым салынған құралдар тізімінен полиграфты алып тастау қажеттілігін негіздейді. Полиграф сотқа дейінгі тергеу кезінде дәлелдік қызметті жақсартуға ықпал етеді. Авторлар тыйым салуларды абсолюттендіру жаратылыстану және техникалық ғылымдар өкілдерін дәлелдеудің және қылмыстарды ашуды қамтамасыз етудің жаңа құралдарын әзірлеуге ынталандырудың мүмкін еместігіне әкеп соқтыратынын көрсетеді. Қазақстан Республикасында, таяу және алыс шетелдерде техникалық құралдардың көмегімен қылмыстық процеске қатысушылардың айғақтарының шынайылығын бағалау талпыныстары жиілеп келеді. Негізгі критерий ретінде жауап алынатын адамның толқу дәрежесінің өзгеруі сияқты фактор пайдаланылады. Авторлар қылмыстық процесте полиграфты қолдану және оның физиологиялық реакцияларын бекіту арқылы жауап алынатын адамның айғақтарының шынайылығына бағалау жүргізетін қатысушы маман-полиграфологты енгізу туралы мәселені заңнамалық деңгейде реттеуді ұсынады. қылмыс; полиграф; жалған айту детекторы; қылмыстық процесс; тергеу; қылмыстық іс; дәлелдеу; ғылыми жетістіктер
10 Е. С. Мерзадинов, А. А. Секішев, Е. М. Абайдельдинов «Прокурордың қылмыстық қудалау бойынша уәкілеттіктерін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері» Авторлар 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдауға байланысты прокуратура органдарының қылмыстық қудалауды жүзеге асыру бойынша қызметін құқықтық реттеуді түзетудің кейбір өзекті мәселелерін зерттеді. Мақала қолданыстағы заңнамада Конституцияның 83-бабының 1-тармағын жаңа редакцияда жүзеге асырудың ықтимал нұсқаларын ғылыми талдауға арналған және авторлардың практикалық жұмыс тәжірибесімен бекітілген бірқатар ғылыми негізделген ұсыныстардан тұрады. Онда қылмыстық-процестік кодексіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туралы мәселе қойылады. Соңғысы сотқа дейінгі тергеу барысында прокурор өкілеттігінің аражігін нақты ажырату проблемасымен дәлелденеді. Жарияланымда қылмыстық істі сотқа жіберу қажеттілігі туралы айыптау актісін немесе өзге де шешім жасауды прокурордың айрықша өкілеттігіне беруге ерекше назар аударылды. Авторлардың ойынша ұсынылған жарияланым заңгерлердің, қылмыстық процесті жүргізетін қызметкерлердің, сондай-ақ осы проблематикаға мүдделі кең қазақстандық және шетелдік жұртшылықтың арасында аталған мәселені жан-жақты талқылауды бастауы мүмкін. Ұсынылған жарияланым авторлардың ойынша, заңгер-ғалымдар, қылмыстық процесті жүргізетін орган қызметкерлері арасында, сондай-ақ осы мәселеге мүдделі қазақстандық және шетелдік жұртшылық арасында аталған мәселені жан-жақты талқылаудың бастауы болуы мүмкін. Конституция; конституциялық түзету; адам құқықтары; мемлекет мүдделері; прокурор; қылмыстық процесс; сотқа дейінгі іс жүргізу; прокурордың айрықша өкілеттіктері
11 Никитин Е.Л. «Прокурормен қылмыстарды анықтау және тергеу барысындағы жедел және тергеу бөлімшелерінің өзара іс-қимылдарының заңдылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету» Мақалада заңдылықты сақтау принциптері негізінде қылмыстарды анықтау және тергеу барысындағы жедел іздестіру мен тергеу бөлімшелерінің өзара іс-қимыл деңгейінің тиімділігін арттырудың мүмкін жолдары мен құралдары қарастырылады. Есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және тергеу кезінде жол берілетін жедел-іздестіру және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларының, соның ішінде құқық қорғау органдары бөлімшелерінің өзара тиісті іс-қимылдарының болмауына байланысты елеулі құқық бұзушылықтар анықталды. Прокурордың өзара іс-қимылдарды ұйымдастырудағы басты рөлі атап өтіледі. Жарияланымда қылмыспен күрес саласындағы құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру және тергеу бөлімшелерінің өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттырудың, оңтайлы ресейлік моделін табу үшін ресейлік және шетелдік тәжірибені қолданады. Прокурордың жедел-іздестіру және тергеу органдарының қызметіне ықпал етудің тиімді нысандары – үйлестіру функциясын іске асыруда, заңдылықты қамтамасыз ету үшін анықталған. прокурорлық қадағалау; үйлестіру; келісу, үйлестіру формалары, үйлестіру кеңестері; жедел-іздестіру қызметі; қылмыстық іс жүргізу қызметі; жедел-іздестіру іс-шаралары; тергеу әрекеттері; тергеу тапсырмалары; жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері
12 А.Қ. Рахметоллов, С.Ж. Бекішева, А.С. Қыздарбекова «Мемлекеттік органдардың құқық қолдану тәжірибесіндегі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері» Қазіргі қоғамның іргетасты мәселелерінің бірі халықтың экономикалық белсенділігін, мемлекеттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды сектордың – кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы болып табылады. Ғылыми әлемде де, құқық қолдану практикасында да әртүрлі пікірталастар жүргізіледі, теріс құбылыстарға қарсы әрекет ету, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жүйесін жақсарту құралдары талқыланады. Жүргізілген зерттеуде авторлар қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдарын нүктелік зерттеуге және қылмыстық қудалау органдарының ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту мәселелеріне бастамашылық ететін уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық қолдану тәжірибесінің проблемалық аспектілерін анықтауға назарын аударады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 235-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде бұрын тіркелген және одан кейін тоқтатылған қылмыстық істерге жүргізілген талдау мерзімінен бұрын қылмыстық қудалау фактілерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметінде көрініс тапқан проблемалық аспектілерді шешу қажеттігін көрсетеді. құқық қорғау органдары; құқықты қорғау; кәсіпкер; валюталық операциялардың мониторингі; бақылау; жауапкершілік; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
13 Т.Е. Қаудыров, М.А. Шакенов «Прецедент сипаты бар ережелерді қолдану аспектісіндегі Италия мен Австрияның сот тәжірибесі» Бұл мақала романо-германдық құқықтық отбасы шеңберіндегі прецеденттік құқығының элементтерін анықтау бойынша салыстырмалы құқықтық эмпирикалық зерттеудің жалғасы болып табылады. Мақалада жасалған талдаудың объектісі Италия және Австрия республикаларының жеке сот актілері болып табылады. Италия мен Австрияда прецедент құқығының элементтерін қолдану мүмкіндігін анықтайтын құқықтық қатынастар талдаудың пәні болды. Зерттеу әдістемесі қолданыстағы нормативтік материалдар мен құқық қолдану практикасы актілерін эмпирикалық талдауға негізделген. Осы мақаланы жазудың мақсаты – итальяндық және австриялық судьялардың істі мәні бойынша шешуде қабылдаған актілерінде алдыңғы шешімдерін қолдану фактісін және оның дәрежесін анықтау. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін қойылған міндеттер: – сот шешімдерінің ресми онлайн мәліметтер базасын анықтау және мүмкін болса, осы жүйелердің жұмысын бағалау; – сот актілерін жоғарыда жазылған электрондық дерекқорға орналастыру жүйесі мен алгоритмін анықтау; – соңғы актілерге артықшылық бере отырып, әртүрлі сот актілерінің шешімдеріне талдау жасау; – болуы мүмкін практикалық ұсыныстарды тұжырымдай отырып, нәтижелерді теориялық жалпылау. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасындағы прецедент құқығының элементтерін имплементация мәселелеріне арналған монографиялық зерттеуде тұжырымдау үшін қолданылады. прецедент; сот актілері; Италия; Австрия; сот шешімдері; Жоғарғы Сот; нормативтік шешімдер; құқықтық ереже

 

№3/2020 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Т.Ж. Қаратаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тұлғаларды жазадан босатудың кейбір мәселелері» Мақалада әкімшілік жауапкершіліктен босатудың негізі ретінде жасалған құқық бұзушылықтың маңызы болмашы екендігін анықтаудың жолдары қарастырылады. Маңызы болмашы әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізімін немесе олардың белгілерін, сондай-ақ оны заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Маңызы болмашы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату институтын қолданудың негіздері мен оның тәртібін реттейтін нормаларды жүзеге асырудың жолдары қаралды. Сонымен қатар, мақалада маңызы болмашы негіздермен байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатуға қатысты әкімшілік заңнаманың нормалары, оның нысандары мен түрлері, жауапкершіліктен босатудың негіздері мен шарттары, аталған институтты жүзеге асырудағы сот практикасы, сондай-ақ бұрын қолданыста болған заңнамалардың нормалары және әкімшілік жауаптылықтан босатудың аспектілерін реттейтін шет мемлекеттердің заңнамалары талданды. Әкімшілік-құқықтық теорияны одан әрі дамыту және аталған институтты заңнамалық, құқық қолдану практикасы тұрғысынан қамтамасыз ету және жетілдіру туралы ұсыныс айтылды. әкімшілік құқық бұзушылық; әкімшілік жауаптылықтан босату негіздері; маңызы болмашы әкімшілік құқық бұзушылық; әкімшілік жаза; әкімшілік жауаптылық; ауызша ескерту; сот тәжірибесі; заңнама
2 Т.И. Кенжаев «Өзбекстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын сараптау институтының қалыптасуы» Осы мақалада Өзбекстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын сараптау институты сияқты маңызды механизмнің пайда болу тарихын және оның әрі қарай дамуын зерттеуге тырысқан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық құжаттар рөлінің маңыздылығы көрсетіледі. Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясы (Нью-Йорк, 2003 жылғы 31 қазан). Сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісінің Стамбул іс-қимыл жоспарының ерекше рөлі белгіленген және Стамбул жоспары аясында елді шолу кезінде Өзбекстан Республикасы үшін жасалған. Өзбекстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын сараптау механизмін одан әрі қарай жетілдіруге бағытталған және қабылданған базалық құжаттар келтіріледі. сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптау; құқықтық актілердің жобалары; сыбайлас жемқорлық; реформалар; механизмдер; реттеу; алдын алу; профилактика; тәжірибе
3 Краснобаева Л.А. «Беларусь Республикасында жария қызметтерді іске асырудың теориялық және қолданбалы мәселелері» Мақалада жария қызметтерді әкімшілік шартты іске асыру нысанында жүзеге асыру мәселелері зерттеледі. Әкімшілік шарттың мәні, түрлері және келісімдердің басқа түрлерінен ерекшелігі ашылады. Автор басқару құқықтық актісін шығару әкімшілік шарттың пайда болуының негізі болып табылатынын көрсетеді. Жұмыста жария қызметтерді қамтамасыз етуге бағытталған негізгі нысан ретінде әкімшілік шарттың каузалдығы туралы тезис негізделген. Әкімшілік құқық ғылымында алғаш рет әкімшілік-шарттық құқықтық қатынастардың анықтамасы азаматтың немесе ұйымның нақты қажеттіліктерін жүзеге асыруға бағытталған қоғамдық қатынас ретінде берілген. Әкімшілік шартты жария шарт ретінде атқарушылық-өкімдік функцияларды жүзеге асыратын орган жасайтыны және қызметтер көрсетуге сұрау салумен жүгінген адамдардың белгісіз тобына қатысты мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді белгілейді деген қорытынды тұжырымдалады. әкімшілік шарт; әкімшілік құқық; мемлекеттік басқару; азаматтық құқық; шарт; мемлекеттік басқару органдары; құқықтық актілер; жария қызметтер
4 Ә.Қ. Әбішева «Қазақстан Республикасында он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті жетілдіру мәселесі» Мақала кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы басқа әрекеттер арқылы жыныстық бостандығына қол сұғушылық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелеріне арналған. Құқық қорғау органдарының талдауы негізінде кінәлілерді жәбірленушімен ерікті түрде жыныстық қатынасқа түскені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту процесінде туындайтын проблемалар көрсетіледі. Компоротивистік талдау шеңберінде жақын және алыс шет елдердің зорлық-зомбылық анықтамасын, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жеткен адамдармен ерікті түрде жыныстық қатынасқа түскені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату шарттарын анықтаудағы тәжірибесі ұсынылған. Мақаланың қорытынды бөлімінде жағдайдың өзгеруіне байланысты ұлттық қылмыстық заңнаманың қылмыстық жауапкершіліктен босату бөлігіндегі кемшіліктерін шешуге әрекет жасалды және педофилия белгілері бар қылмыстармен күрес шеңберінде қылмыстық заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жасалды. жыныстық қатынас; жыныстық сипаттағы әрекеттер; кәмелетке толмаған жас; зорлық жасау; қылмыс субъектісі; қылмыстық жауаптылықтан босату; жәбірленушімен неке; жыныстық тәрбие; қылмыстық әділет
5 Е.А. Омаров «Жалақыны толық көлемде және белгіленген мерзімде төленуiн бірнеше рет кідіртуді саралау мәселелері (ҚР ҚК қк 152-б. 3-б.)» Ұсынылған мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы Бойынша жалақының толық төленуi бірнеше рет кідіргені үшін жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық статистика туралы деректерді, 100-ден астам сотқа дейінгі тергеу материалдарын және соттар қараған қылмыстық істерді зерделеу жалақыны төлеуді бірнеше рет кідіртуді тергеу және саралау проблемалық мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді. Сотқа дейінгі тергеу органдарының ескіру мерзімдерін есептеудегі кемшіліктер анықталды, оның себебі қылмыстық құқық бұзушылықтың ұзаққа созылған сипаты болып табылады. Автор жеке тұлғалардың жалақыны төлемеу туралы көптеген мәлімдемелерімен айыптау үкімдерінің болмауына байланысты мақаланың тиімсіздігі туралы қорытындыға келді. Сонымен қатар, жәбірленушімен татуласу кінәліге теріс әсер етпейді, бұл осы құқықты заңсыз мақсаттарда теріс пайдалануды тудырады. Зерделеу нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікті күшейте отырып, қылмыстық жауапкершілікті жоюды ұсынады. жалақыны төлемеу; жалақыны кiдiрту; еңбек құқығы; қызметкердің шағымдары; жұмыс берушіні тарту; әкімшілік преюдиция; толық көлем; белгіленген мерзімдер
6 Г.Қ. Шушикова, Е.С. Кемали, М.Г. Әжібаев «Қазақстандағы азаптауларға қарсы іс-қимыл мәселелері» Мемлекеттің құқықтық саясаты қылмыстық процесс барысында азаматтардың құқықтарын сақтауға, жазаны орындауға, әділеттілік пен заңдылық қағидаттарын іске асыруға бағытталған. Сонымен бірге, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру барысында, сондай-ақ сотталғандардың жазасын өтеу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғайтын лауазымды адамдар оларға қатысты азаптауларға және қатыгез қарым-қатынасқа жол береді. Қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған адамдарды азаптаудың және оларға тиісінше қарамаудың анықталған фактілері қоғам тарапынан теріс бағалауды тудырады. Лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекеттері адам құқықтарын бұзып қана қоймай, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен халықаралық конвенцияларда жарияланған негізгі қағидаттарды ұстанатын құқықтық мемлекет ретіндегі Қазақстанның беделіне нұқсан келтіреді. Осыған байланысты, заңдылықты сақтау және демократиялық мемлекет құру саласында жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан, отандық құқық қорғау жүйесі қоғам арасында адам құқықтары мен бостандықтарын бұзатын жазалау жүйесі ретінде жиі көрінеді. Бостандықтан айыру орындарында адам құқықтарын сақтау саласындағы қалыптасқан жағдай оны шешу үшін елдің ғылыми қоғамдастығынан тиімді ұсыныстар әзірлеуді талап етеді. адам құқықтары; азаптау; қатыгездік; қылмыс субъектісі; қатысушы мемлекет; қылмыстық заңнама; тиімділікті арттыру
7 И.М. Беляева, А.Қ. Құсайынова, Б.М. Нұрғалиев «Тергеу жағдайы: типтеу және жіктеу мәселелері» Мақалада тергеу жағдайларын жіктеудің ең өзекті мәселелері талданады. Мақалада криминалистиканың негізгі санаттарының бірі болып табылатын тергеу жағдайына, өз пікірталастарын тергеуді алгоритмдеу және бағдарламалау бағытына өткізген криминалистердің қызығушылығын әлсіретпейтіндігі баса айтылған. Бұл жұмыста авторлар тергеу жағдайын қылмыстық-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистикалық және оның құрылымының басқа да компоненттері тұрғысынан қарауды ұсынады. Тергеу жағдайы институтының мәні ғылыми зерттеулер мен эмпирикалық материалды талдау призмасы арқылы анықталады. Мұндай тәсіл маңызды, себебі тергеу жағдайы қылмыстарды ашу және тергеу кезінде тиісті жіктемелерде көрініс табады. Тергеу жағдайының криминалистикалық табиғатына назар аударылды. Бұл жерде тактикалық-криминалистикалық, әдістемелік-криминалистикалық және осы екі бағытты қамтитын элементтер қарастырылған. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде оларды зерттеу мен жіктеу маңызды болып табылады. тергеу мерзімдері; тергеу жағдайы; криминалистикалық сипаттама; типтік тергеу жағдайы; қылмысты тергеу; тергеу жағдайының компоненттері
8 Качалова О.В. «Қылмыстық іс жүргізудегі адам құқықтары: коронавирус дәуіріндегі дағдарыс» Мақалада коронавирустық пандемия жағдайында қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын шектеу мәселесі қарастырылады. Мұндай шектеулердің критерийлерін анықтау туралы мәселе алғаш рет қойылды. Пандемия кезіндегі халықаралық-құқықтық актілерді, ұлттық заңнаманы және әртүрлі елдердің құқық қолдану практикасын талдау негізінде автор пандемия жағдайында адам құқықтарын шектейтін шаралар заңның үстемдігі, адам құқықтарын құрметтеу, заңдылық, құқықтық сенімділік және пропорционалдылық қағидаттарында жүзеге асырылуы керек деген қорытындыға келеді. Пропорционалдылықты әрбір нақты жағдайдағы жеке және қоғамдық мүдделердің ақылға қонымды тепе-теңдігін анықтау арқылы анықтауға болады, олар қозғалатын мүдделерді олардың маңыздылығы тұрғысынан бағалау арқылы жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, басым құқықтар мен бостандықтар болып табылады, оларды жүзеге асыру ең маңызды тауарларды қамтамасыз етеді. Жеке және жария мүдделер арақатынасының ақылға қонымды теңгерімін айқындауға, адам құқықтарының туындайтын жанжалын шешуге мүмкіндік беретін өлшемдер істің тікелей мән-жайлары (эпидемиологиялық жағдай, процеске қатысушылардың денсаулық жағдайы, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар үшін жүргізілетін іс жүргізу іс-қимылдарының шұғылдығы мен маңыздылығы және сот төрелігінің мүдделері, қажетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету мүмкіндігі) ескеріле отырып айқындалады. Қылмыстық процесте адамның әртүрлі құқықтары арасында жанжал туындаған жағдайда оны шешудің тиімді құралы сот бақылауы болуы мүмкін. адам құқықтары; короновирус пандемиясы; әділ сот ісін талқылауы; қылмыстық процесс; қылмыстық сот ісін жүргізу; қорғау құқығы; құқықтарды шектеу; қылмыстық әділет органдары
9 Т.А. Түсіп «Қорғалуға құқығы бар куәнің мәртебесі мәселесіне» Бұл мақалада автор қылмыстық процесте азаматардың құқықтарын қорғау мәселелерін қарастырады. Атап айтқанда, жаңа процессуалдық тұлға – қорғауға құқығы бар куәгер талданды. Автор қылмыстық процеске қатысушының өзіне тән құқықтары мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі баяндайды. Құқық қолдану тәжірибесінде орын алған проблемалар, оның ішінде қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің қорғалуға құқығы бар куәгер мәртебесіндегі адамдармен жұмыс істеу ашықтығының жоқтығы атап өтілді. Процеске қатысушылардың есепке алу-бағалау қызметінің сәйкессіздігін жою мәніне ұсыныстар енгізілді. Жеке нормаларды құру кезінде дәлдік пен бірізділіктің болмауына қатысты мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарына қатысты қолданыстағы қылмыстық процестік заңнамасына өзгерістер мен түзетулер бойынша дәлелді ұсыныстар енгізілді. қылмыстық процесс; іс жүргізу мәртебесі; құқықтарды қорғау; процеске қатысушылар; күдіктінің құқығы; қорғауға құқығы бар куәгер
10 Б.А. Құлмұханбетова «Құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін анықтау критерийлері (ішкі істер органдары мысалында)» Мақалада әртүрлі мәліметтер негізінде құқық қорғау органдарының тиімділігін өлшеу мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тәжірибесінде пайдаланылатын ақпарат көздерін талдау негізінде автор тұтастай құқық қорғау органдары, атап айтқанда ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін бағалау үшін субъектілер шеңберін және деректер алу қайнар көздерін кеңейту қажеттігі туралы қорытындыға келеді. Автордың пікірінше, мұндай кеңейту құқық қорғау саласындағы істердің жай-күйі туралы объективті және толық көрініс алуға мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдарының тиімділігін анықтаудың мүмкін бағыттары ретінде автор шет елдердің тәжірибесін жалпылау негізінде П.А. Раевский мен С.А. Пархоменко ұсынған критерийлер жүйесін негізге алуды ұсынады. Арнайы әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар, статистика деректері сияқты ашық деректерді талдауды негізге ала отырып, автор көрсетілген өлшемдерді Қазақстан полициясына қатысты шындықты ескере отырып қарайды. Жалпы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының тиімділігін бағалау кезінде оларды пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды тұжырым жасалады. халықтың сенімі; бағалаудың сандық критерийлері; бағалаудың сапалық критерийлері; қоғамдық бақылау; қоғамдық пікірге сауалнама; құқық қорғау органдарының қызметін бағалау; қызметті бағалау жүйесі; құқық қорғау органдарының тиімділігі
11 Ғ.Қ. Өтебаев «Қылмыстардың алдын алудың әкімшілік-территориялық үйлестірілуі» Автор мақалада қылмыстардың алдын алуды отандық үйлестірудің негізгі міндеттерін ашады. Қылмыстардың алдын алуды үйлестіру практикасын зерттеу негізінде кез-келген үйлестіру органы үшін міндетті міндеттер жиынтығы бөлінеді, олардың кешені белгілі бір дәрежеде жүйенің болуын қамтамасыз етеді. Автордың пікірінше, жалпы әкімшілік-аумақтық үйлестіру жүйесі және үйлестіру кеңестері, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа ғана емес, бүкіл қылмысқа қарсы әрекет етеді. Автор қолданыстағы Үйлестіру кеңесін қылмысқа қарсы күресті басқаруға қабілетті органға айналдыруды ұсынады. Оның бақылау және үйлестіру өкілеттіктерін кеңейту оның Қылмысқа қарсы күресті басқару органы ретінде қалыптасуына әкеледі. Жоғары және төменгі Үйлестіру кеңестері арасындағы тікелей байланыстарын, олардың арасындағы қатынастардың модельдерін, сондай-ақ жүйенің шекараларында құрылымдық қайта құрулар мен мақсатты қайта бағдарлауды дамыту арқылы нығайту қажет. үйлестіру; Үйлестіру кеңесі; уәкілеттілік; қылмыстардың алдын алу; сыбайлас жемқорлық; ұйымдасқан қылмыстылық
12 Н.Қ. Адалиев «Белсенділікке әсері» Мақалада босқындардың 2014-2016 жылдардағы Еуропа елдеріндегі Террористік белсенділікке әсері баспана іздеушілер мен босқындардың саны, халық саны, жан басына шаққандағы ЖІӨ және террористік шабуылдар сияқты өлшемдерді қолдана отырып өлшенеді. Жұмыс барысында босқындардың 34 Еуропа елдеріне әсерін өлшеу үшін әртүрлі регрессиялық модельдер жасалды және талданды. Алынған мәліметтерді айырмашықтағы әртүрлі бағалау моделін қолдана отырып талдау ұсынылды. Осы модельді қолдана отырып, біз еуропалық елдер арасындағы ішкі айырмашылықтарды ескеріп, талдауды босқындардың көші-қонының әр елде болған террористік шабуылдардың санына әсеріне бағыттай аламыз. Содан кейін босқындардың дағдарысына жауап ретінде баспана іздеушілерді қабылдауды кем дегенде 20% – ға арттырған барлық елдерді- баспанаға мейірімді елдер ретінде ажыратуға болады. Модельді қолдану арқылы босқындар террористік актілердің пайда болуына әсер етеді деген болжам дәлелденді. Баспана іздеушілердің коэффициенті террористік шабуылдардың өсуіне әсер ететін босқындармен байланысты өсіп келе жатқан, оң өсу ретінде қарастырылғанмен, 2015 жылы саясаттың өзгеруі ықтимал қауіптің өсуіне байланысты Еуропа елдерінің халқына ұзақ уақыт әсер еткенін көрсетеді. босқындар; террористік белсенділік; террористік шабуылдар; модель; босқын мәртебесін іздеуші адамдар; қауіп; талдау; дағдарыс

 

№4/2020 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Н.Қ. Адалиев «Сервистік» полицияның қалыптасуы мен эволюциясы: тарихи және зам анауи аспектілері» Бүгінгі күні «Халық үніне құлақ асатын» мемлекеттің жағдайында азаматтар сенімінің өзектілігі арта түсуде. Елбасы мен Мемлекет басшысы полицияның сервистік моделіне көшудің басымдықтарын белгіледі. Мақалада «сервистік» полиция моделінің қалыптасуы мен эволюциясының негізгі кезеңдерінің мысалдары келтірілген. Зерттеу барысында сервистік полиция моделін қалыптастырумен байланысты түйінді индикаторлар мен проблемалар және оның негізгі функциялары анықталды. Қарастырылған тақырыптың өзектілігі азаматтық белсенділіктің едәуір өсуімен сипатталады, бұл қазақстандық қоғамның көзқарасын және қоғамды мемлекеттік басқаруға тарту қажеттілігін көрсетеді. Мақала авторы шет елдердің тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның ерекшеліктері мен мемлекеттік органдардың қызметін ескере отырып, қазақстандық полиция қызметіндегі қоғамдық-бағдарланған тәсіл моделін стратегиялық дамытудың негізгі құжатын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізеді. азаматтардың сенімі; полицияның сервистік моделі; қоғамдық-бағытталған тәсіл; қауіп-қатерлер; қоғамдық тәртіпті қорғау; шет елдердің тәжірибесі
2 А.Қ. Құсайынова «Салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершіліктің проблемалық мәселелері» Бұл мақала салықтық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті белгілейтін құқықтық нормаларға арналған. Онда шет елдердің Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерінде және салық заңнамаларында қамтылған жауапкершілік нормаларына салыстырмалы талдау жасалады. Сондай-ақ, мақалада маңызы болмашы болған кезде әкімшілік жауапкершіліктен босатылуға жататын салық салу саласындағы құқық бұзушылықтардың өлшемдерін анықтау туралы және қоғамдық қауіпті ескере отырып, салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар мен әкімшілік және осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазаларды саралау қажеттілігі туралы мәселе көтеріледі. Заңда көзделген тиімді шаралар, сондай-ақ салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті қолдану кезіндегі құқық қолдану практикасының проблемалық мәселелері, оның ішінде коллизиялық нормалармен байланысты өзекті проблемалар қарастырылған. салықтар; салықтық құқық бұзушылықтар; салықтық жауапкершілік; әкімшілік құқық бұзушылық; әкімшілік жауапкершілік; жауапкершілік; коллизиялық нормалар; айыппұл
3 Б.Қ. Нұрғазинов, Т.Қ. Мәкенов, Д.Б. Тебаев «Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің құралы ретінде» Мақалада авторлар мемлекеттік билік органдарының функцияларын жүзеге асырудың түйінді нысандарының негізгі тәсілдерін қарастырады және «мемлекеттік қызмет» анықтамасын, қызмет көрсетуші және қызмет алушы болып табылатын шетелдік тәжірибені, мемлекеттік басқару органдары мен уәкілетті ұйымдар ұсынатын қызметтердің жіктемесін қарастыруды ұсынады. Сондай-ақ, «жасырын мемлекеттік қызметтердің» болуы туралы мәселе қарастырылады және оларды болдырмау тәсілдері ұсынылады, халыққа және ұйымдарға қызмет көрсетуді автоматтандыру және цифрландыру бойынша мемлекеттік саясатты табысты іске асырудың мысалдары келтіріледі. Талқылау үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласынан мысалдар келтіре отырып, қызметтерді автоматтандырудың кері жағын зерделеудің маңыздылығы туралы мәселе көтеріледі. Жалпы, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын және басқа да стратегиялық құжаттарды іске асыру шеңберінде, сондай-ақ, ғылыми-теориялық ізденістерді ескере отырып, мақала авторлары мемлекет қызметін оның нақты өкілдері арқылы халыққа қызмет көрсету призмасы арқылы қарастыруды ұсынады. мемлекеттік қызмет; құқықтар мен заңды мүдделер; цифрландыру; автоматтандыру; халық үніне құлақ асатын мемлекет; жер учаскесі; мемлекеттік органдар; ұйым; функциялар; жеке және заңды тұлғалар
4 Е.Әнуар, Д.Д. Сүлеймен «Қазақстандағы құқық бұзушылықтардың жіктелуін тарихи талдау мәселесіне қатысты» Бұл мақалада авторлар Қазақ хандығынан бастап қылмыстық құқықтық ғылымның қазіргі даму кезеңіне дейінгі құқық бұзушылықтарды санаттау мәселелерін қарастырады. Тарихи талдау құқық бұзушылықтардың ауырлығына және қоғамдық қауіптілігіне қарай санаттарға бөлінуі барлық елдердің, соның ішінде қазақ мемлекетінің құқық тарихында болғанын көрсетті. Құқық бұзушылықтар жүйесінің тарихи дамуын талдауды негізге ала отырып, қылмыстық теріс қылық енгізу үшін практикалық қажеттілік болған жоқ. Теріс қылықтар институты енгізілгенге дейін қазақстандық заңнама қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша құқыққа қарсы әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылықтарға, ауыр емес, орташа, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстарға бөлді. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың үстінен теріс қылықтарды енгізу, тиісті теориялық зерттеусіз, тәуекелдерді нақты бағалаусыз, іс жүзінде құқық қолданушыны бұрмалап, құқық бұзушылықтарды ажырату туралы мәселені туғызды. құқық бұзушылық; жіктеу; тарихи талдау; құқық бұзушылықтардың аражігін ажырату; қазақтардың әдет-ғұрып заңдары; қылмыстық теріс қылық; аражігін ажырату
5 Ж.Б. Жолжақсынов «Жануарларға қатыгездікпен қараудың алдын алудың қылмыстық-құқықтық шаралары» Көптеген дамыған мемлекеттерде заңнама тек адамның ғана емес, жануарлардың да құқықтарын реттейді. Қазақстан Республикасында жануарларға қатыгездікпен қарау проблемасына жануарлардың құқықтары өте тиімді қорғалған басқа елдермен салыстырғанда жеткілікті көңіл бөлінбейді. Қоғам жануарларға қатыгездікпен қарау мәселесінің моральдық аспектілерінің маңыздылығын бағаламайды, ал жануарларға қарау көбінесе кез-келген қоғам өмірінің моральдық-этикалық, экономикалық және әлеуметтік аспектілеріне және көптеген адамдардың сезімдері мен мүдделеріне әсер етеді. Қазіргі қылмыстық құқық пен психология жануарларға қарсы зорлық-зомбылық пен іс-әрекеттердің адамдарға қарсы зорлық-зомбылық арасындағы тікелей байланысты айқын көрсетеді. Мақала жануарларға қатыгездікпен қарау бөлігіндегі заңнаманы жетілдіру мәселелеріне арналған. жануарлар; қатыгездік; жануарларға зорлық-зомбылық жасау; жануарлар құқығы; қылмыстық жауапкершілік; жануарларды құқықтық қорғау; өлтіру; садистік әдістер; қоғамдық жұмыстар; қоғамдық қауіп
6 Д.Қ. Қайыржанова, Д.Д. Сүлеймен «Континенталды құқық жүйесі елдеріндегі қылмыстық құқық бұзушылық түсінігі және оны жіктеу мәселелері» Қазіргі уақытта қылмыстық теріс қылық ұлттық қылмыстық заңнама институттарының бірі болып табылады. Бұл институт көптеген мемлекеттердің қылмыстық құқығында орын алады, бірақ оны қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мақалада континенталды құқықтық жүйе елдерінің қылмыстық заңнамасындағы құқық бұзушылықтардың аражігін ажырату критерийлері, сондай-ақ қылмыстық әрекеттерді жіктеу мәселелері қаралды, құқық бұзушылықтардың түрлері, оның ішінде қылмыстық теріс қылық ұғымдары анықталды. Бұл құқықтық категориялар континенталды құқықтық жүйе елдеріне қатысты салыстырмалы құқықтану тұрғысынан қарастырылады (Франция, Австрия, Швейцария, Германия және Қырғызстан). Талдау нәтижелері теріс қылық институты енгізілгенге дейін қазақстандық құқық бұзушылық жүйесі өзінің құқыққа қарсы әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылықтарға, ауыр емес, орташа, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстарға егжей-тегжейлі бөле отырып, әлемдік стандарттарға сәйкес келетінін көрсетті. қылмыс; қылмыстық теріс қылық; бұзушылық; қылмыстардың жіктелуі; қоғамдық қауіптілік; жаза; континенталды құқықтық жүйе; қылмыстық жауапкершілік; онша ауыр емес қылмыстар
7 Ж.К. Қаражанова, М.Д. Қаражанов «Квазимемлекеттік және жекеше секторлардағы сыбайлас жемқорлық ұғымын анықтау мәселесіне қатысты» Қылмыстық статистика көрсеткендей, квазимемлекеттік және жекеше секторлардағы сыбайлас жемқорлық экономиканың мемлекеттік секторындағы жемқорлықтан кем емес. Алайда, қолданыстағы отандық және шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы талдау көрсеткендей, квазимемлекеттік және жекеше секторлардағы сыбайлас жемқорлық ұғымының сапалы және толық анықтамасы жоқ екендігін айқындады. Мақалада сыбайлас жемқорлықты анықтау мәселесінің өзектілігі айқындалған, отандық және шетелдік заңнама мен «сыбайлас жемқорлық» ұғымының доктриналық түсіндіруі зерттелген және талданған. Осы мәселені шешуге авторлармен өзіндік шешу жолы берілген, сондай-ақ квазимемлекеттік және жекеше секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа авторлық анықтамасы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына негізделді, дегенмен Конвенцияда жеке сектор ұғымы берілмеген. Бұл анықтама сыбайлас жемқорлықтың жекеше және жария секторлары туралы ережелерді талдаудан алынған. Авторлар ұсынған «жекеше сектор» ұғымы да көп назар аударуға тұрарлық. БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы; ережелерді талдау; парақорлық; квазимемлекеттік сектор; жекеше сектор; мемлекеттік сектор; шетелдік заңнама; мемлекеттік функциялар
8 Е.А. Омаров, А.Ж. Сыздықов «Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау қағидаларын бұзу: қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық аспектілер» Ұсынылған мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген еңбекті қорғау қағидаларын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мақалада ғалымдардың қауіпсіз еңбек жағдайларын қорғау және қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікірлері берілген, сонымен қатар жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі халықаралық тәжірибе қарастырылған. Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және еңбекті қорғаудың басқа ережелерін бұзуға тән қылмыстық-құқықтық баға беру жүзеге асырылған. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистикасын зерттеу есеп берудегі сәйкессіздіктерді анықтауға мүмкіндік берді. 150-ден астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен соттарда қаралған қылмыстық істерді зерделеу нәтижесінде авторлар тергеу практикасы мен аталған құқық бұзушылықтарды квалификациялаудың проблемалық мәселелерін анықтады. Соңғы бөлімде практикалық қызметті одан әрі жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар берілген. еңбекті қорғау қағидалары; еңбек жарақаттары; қауіпсіздік техникасы; қызметкерлердің құқықтары; жұмыс беруші; қауіпсіз еңбек жағдайлары
9 Б.Н. Қалмұхаметова «Адамдарды ұстап берудің (экстрадициялау ) негіздері мен тәртібін регламенттейтін қылмыстық процестік нормаларды жүйелеу туралы мәселеге қатысты» Бұл мақалада автор жүргізілген зерттеу негізінде адамдарды ұстап беру (экстрадициялау) туралы нормаларды оның негіздері мен іс жүргізу тәртібі дербес регламенттелетін белгілі бір іс жүргізу нысанын бере отырып жүйелеуді жүргізу орынды деп санайды. Қылмыстық жауаптылыққа тарту және үкімді орындау үшін адамды ұстап беру (экстрадициялау) негіздері мен тәртібіне жүргізілген талдау қазіргі уақытта бар қажеттіліктерді тұтастай қанағаттандырады. Алайда, оларды қылмыстық процестік құқығы тұрғысынан реттеу осы салада қалыптасқан құқықтық дәстүрлерге сәйкес келмейтінін атап өткен жөн. Қылмыстық процесс кез келген процестік әрекетінің негіздері мен процестік тәртібін нақты анықтаумен сипатталады. Басқаша айтқанда, барлық қылмыстық-процестік институттары белгілі бір іс жүргізу нысанына оралған. іздестіру; қылмыстық қудалау; мәжбүрлеу; ұстау; уақытша ұстау; экстрадициялық қамақ; регламенттеу; ұстап беру
10 А.С. Сәрсенбаев «Күдіктіні ұстаудың кейбір мәселелері процестік мәжбүрлеудің негізгі шарасы ретінде» Мақалада автор күдіктіні ұстау институтына әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға, ТМД-ның кейбір елдерінің, Еуропаның заңнамаларына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізеді. Статистикалық деректерді пайдалана отырып, автор күдіктіні ұстау шеңберінде Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңнамасы жеткілікті түрде жетілдірілді деп пайымдайды. Шетелдік заңгер ғалымдардың зерттеулерін талдау негізінде отандық тәжірибені негіздеуге тырысады. Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдіктіні босатудың ережелері мен негіздері болып табылады. Автор ұсталғандардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың отандық қылмыстық процестік тәжірибесін қарастырып, ұсынды. Автор қорытындыда ұстауды қылмыстық процестік мәжбүрлеу және әкімшілік мәжбүрлеу тәртібімен ұстау шаралары ретінде ажырату, сондай-ақ аталған шараны жүргізу кезінде күдіктінің құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы қорытындыға келеді. ұстау; уақытша ұстау; ұстау үшін негіздер; қылмыстық құқық бұзушылық; әкімшілік құқық бұзушылық; сотқа дейінгі тергеп-тексеру; мәжбүрлеу шаралары; бұлтартпау шарасы
11 А.Қ.Рахметоллов, А.С.Қыздарбекова, С.Ж. Бекішева «Кәсіпкерлерге қатысты қаралатын қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сарапшылар мен уәкілетті органдардың көмегін пайдалану мәселесіне қатысты» Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілері жиі кездесетін салалардың қатарына жедел-іздестіру қызметі мен қылмыстық процесс болып табылады. Мақалада эмпирикалық материалды пайдалана отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың жекелеген себептері қаралады. Авторлармен кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу себептерінің арасында сотқа дейінгі тергеудің мерзімінен бұрын басталуы, сотқа дейінгі тергеу жүргізу басталғанға дейін және сатысында тартылатын мамандар мен сарапшылардың қорытындыларының сәйкес келмеуі және дұрыс еместігі, аталған адамдардың жауаптылығы және қолданыстағы заңнаманың кемшіліктері көрсетілген. Болып жатқан процестерді тұрақтандыру үшін: сотқа дейінгі іс жүргізуді ерекше кезең ретінде қарау; уәкілетті және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы мен бақылау тетігін кеңейту; проблемалық мәселелерді шешу жолдарын азаматтық деңгейге ауыстыру; дәйексіз қорытындылар бергені үшін мамандар мен сарапшылардың жауапкершілігін заңнамалық деңгейде белгілеу жолымен ұсынылады. құқықтарды қорғау; кәсіпкер; сотқа дейінгі тергеп-тексеру; маман; сарапшы; құқық қорғау органдары; қылмыстық процесс; жауапкершілік
12 Д.С. Смағұлова, А.Қ. Жанғабылова, Michel Remi Njiki «Қазіргі заманғы доктриналардағы энергетикалық қауіпсіздік мазмұнының тәсілдерін талдау» Мақалада «энергетикалық қауіпсіздік» ұғымының тәжірибелік тәсілдеріне талдау жасалады, «энергетикалық қауіпсіздік» туралы негізгі түсініктер беріледі. Импорттаушы, экспорттаушы және энергия ресурстарының транзиті жүзеге асырылатын елдердің энергетикалық саясаты тұжырымдамасын зерттеу негізінде оның мазмұнына бірыңғай тәсілдерді көрсетуге әрекет етеді. Қолданыстағы халықаралық заңнаманы талдау, біздің ойымызша, тәсілдердің алуан түрлілігі мен оның мазмұнының әмбебаптығына негізделген зерттеудің бірыңғай тұжырымының жоқтығын көрсетеді. Сондай-ақ, авторлар бұл тұжырымды нақты құқықтық тұрғыдан ғылыми талдау қажеттігін, елімізде және әлемде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайларын тұрақты құқықтық сүйемелдеу қажеттілігін алға тартады. Қорытын бөлімінде, авторлар зерттеген ұғымдардың мазмұнын ашады.. қауіпсіздік; ұлттық қауіпсіздік; энергетикалық қауіпсіздік; отын-энергетикалық кешен; энергетикалық ресурстар; жер қойнауын пайдалану; энергетикалық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер; энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі
13 А.А. Тынышбаева, Ә.Қ. Шаймерденов «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид: әлеуметтік- психологиялық себептер және алдын алу шаралары» Кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау проблемасы қазіргі қазақстандық қоғамда өзекті және маңызды болып табылады. Мақалада суицид әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Аяқталған суицидтер мен суицидтік әрекеттердің статистикалық деректеріне талдау жүргізілді, қазақстандықтардың суицид жасау сипаты мен үрдістері анықталды. Қазіргі әлеуметтік ахуалды талдау негізінде кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының себептерін зерттеуде жүйелі және жан-жақты тәсіл жүзеге асырылды, жасөспірімдердің суицидтерінің табиғаты зерттелді. Белгіленбеген себептер бойынша аяқталған суицидтердің едәуір санының аспектілері, әлеуметтік желілердің рөлі, кибервиктимизация және буллинг қарастырылады. Әлеуметтік практика мен уәкілетті органдардың қызметіне жан-жақты талдау жүргізілді, суицидтік және суицидтен кейінгі кезеңде жасөспірімдерге құқықтық және әлеуметтік-психологиялық, медициналық көмек көрсету және алдын алу шаралары қаралды. Алдын алу шараларының ұлттық және шетелдік тәжірибесі зерделенді, оның негізінде ұлттық және өңірлік деңгейде алдын алу және ден қою жөніндегі ұсыныстар әзірленді. суицид; кәмелетке толмағандар; суицидтік және суицидтен кейінгі мінез-құлық; суицидтің табиғаты мен себептері; әлеуметтік жағдай; әлеуметтік практика; алдын алу шаралар