Аннотациялар – 2019 жыл

№1/2019 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Чаплюк О.И., Ковальчук Ю.И. «Төтенше заңдардың заңдық техникасы: теориялық-әдістемелік тәсілдері» Мақалада авторлармен төтенше заңдардың заңдық техникасының теориялық-әдістемелік аспектілері зерттелген. Заңдық техника ұғымының құрамдық элементтеріне және оның негізіне, анықтамасына доктриналық талдау жасалған. Олар төтенше заңдардың заңдық техникасы ұғымының анықтамасын жетілдіруге және олардың мазмұнындағы төтенше заңдардың заңдық техникасы қасиеттерін негіздеуге мүмкіндік берді. Заң ғылымы аппаратының жүйесіндегі категориялық-ұғымында төтенше заңдардың заңдық техника орыны анықталды. заңдық техника, заңдар, төтенше заңдар, заң шығару процесі, нормативті-құқықтық акт, төтенше заңдардың заңдық техникасы, мемлекет қауіпсіздігі
2 Д.Т. Амуртаева «Қоғамдық жұмыстар түрінде жазаларын өтеп жатқан тұлғаларға пробациялық бақылау жасаудың кейбір мәселелері» Бұл мақала қоғамдық жұмыстарға тарту сияқты жаза түрін орындаудың өзекті мәселелеріне арналған. Атап айтқанда, пробациялық бақылаудағы тұлғаларға қатысты қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны өтеу мәселелері қаралды. Сондай-ақ, осы жаза түрін тағайындаудың шарттары мен тағайындауға болмайтын шектеулер қарастырылады. Пробациялық бақылау ұғымы және оның заңды табиғаты ашылады. Пробациялық бақылаудағы және қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны өтеуші адамдардың істерін зерделеу барысында, жүргізілген қылмыстық жазаны орындау заңдылығының сақталуы бойынша ұсынылған талдау, пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы бұзушылықтар мен олқылықтар бар болғандықтан оларды жою талап етіледі, деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. ылмыстық-атқару жүйесі, талдау, пробациялық бақылау, сотталғандар,жазасын өтеушілер, қоғамдық жұмыс, қоғамдық жұмыстарға қатысу, орындау тәртібі, бұзушылықтар, прокурорлық қадағалау, заңдылықты сақтау
3 М.Ғ. Маханов, М.О. Қасымова «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы: кеше, бүгін және ертең» Мақалада авторлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасына рестроспективалық-құқықтық талдау жүргізген. Қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қаралды. Жүргізілген нормашығармашылық қызметтің кемшіліктерін көрсетіп және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері арқылы негіздеп, оны одан әрі дамыту жолдарын ұсынады. қылмыстық кодекс, қылмыстық-құқықтық норма, қылмыстық құқық бұзушылық, ізгілендіру, нормашығармашылық қызмет, талдау, түзетулер, ұсыныс
4 Я.А. Резник «Украинаның қылмыстық құқық жүйесіндегі сөз байласу ұғымы» Сөз байласу ұғымы Украинаның қылмыстық құқық жүйесінде белгілі бір дәрежеде «тікелей» мағынаны білдіреді. Қылмысқа қатысу институтында сөз бай- ласу қылмысы, формалды түрде заңнамалық ұғымдар қатарында болмаса да оның негізгі және түйінді нышандары болып табылады. Алдын-ала сөз байласу – топтық қылмысқа қатысуы сияқты, қылмысқа қатысуды айқындау критерияларының нышандары. Екі тұлғадан кем емес жасырын келісім жүргізген, олардың бірігіп жасаған іс-қимылдары және жалпы қылмыстық мақсатқа жету үшін болған ойлары, яғни қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің барлық нормаларында пайлананылған «сөз байласу» термині, қылмысқа қатысу нышандары болып табылады. сөз байласу, қылмысқа сыбайлас қатысу, алдын-ала сөз байласу, қажетті қатысу, теріс белгісі, адамдар тобы, қылмыстық құқық жүйесі, құпиялы келісім
5 Д.Д. Сүлеймен, Е. Әнуар «Қылмыстың, теріс қылықтың және әкімшілік құқық бұзушылықтың ара жігін ажыратудағы кейбір аспектілері» Қылмыстық теріс қылықтың тарихи ұғымы Ресейдің XIX ғасырдағы заңнамасында бекітілген еді. Алғаш рет 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасының талаптарына негізделген 2015 жылы елдегі қылмыстық заңға «қылмыстық теріс қылық» санаты енгізілді. Мақаланың авторлары әкімшілік құқық бұзушылық, теріс қылық және қылмыс ұғымдарының ара жігін ажырату мәселелеріне қатысты зерттеу жүргізген. Мақалада қылмыстың, теріс қылықтың және әкімшілік құқық бұзушылықтардың ұғымдарын нақтылау бойынша және ажырату үшін ғылыми және құқықтық тәсілдерді әзірлеу туралы алдын-ала нәтижелер көрсетіледі. Қоғамдық қауіпті қылмыстардың, теріс қылықтың және әкімшілік құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ құқық қолдану практикасының көрсеткіштерін талдау нәтижелері келтірілген. Тиісті қорытындылар мен ұсыныстар жасалды. қылмыстық теріс қылық, әкiмшiлiк құқық бұзушылық, құқық бұзушылықтардың ара жігін ажырату критериясы, қоғамдық қауiптiлiк, жазалау, санкциялар, қылмыстық теріс қылық туралы істі тергеу
6 Р.Ш. Қарымсақов, М.А. Дусанбекова «Жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметтерін прокурорлық қадағалау мен бақылаудың кейбір мәселелері» «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2016 жылғы 28 желтоқсанда күшіне енуі ұлттық қауіпсіздік органдары үшін практикалық шаралар жүйесіндегі маңызды оқиға деп санауға болады. Осы Заң қабылданғанға дейін Ұлттық қауіпсіздік органдары өз қызметін «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде жүзеге асырды. Ұсынылып отырған мақалада, авторлармен жоғарыда көрсетілген заңдарға прокурорлық қадағалау мен жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін бақылау шектеріне қатысты талдау жүргізілді. Атап айтқанда, авторлар «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көзделген байланыс желісінің жедел мониторингін прокурорлық қадағалау мәніне енгізуді ұсынады. Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау мәніне қарсы барлау істерін тоқтату және ашу тәртібін енгізу ұсынылады. Бұдан басқа авторлар «Жедел-іздестіру қызметі туралы» және «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына Президенттік, Парламенттік және сот бақылауын жеке баптарға бөліп енгізуді ұсынады. Осыған байланысты, авторлар Ресей Федерациясының оң тәжірибесін зерттей келе олар Қазақстан үшін де қолайлы деген пікір айтады. Авторлар қазақстандық және ресейлік заңнамаларға жасалған салыстырмалы түрдегі құқықтық мониторингі нәтижесінде заңдарды жетілдіру бойынша өз шара- ларын ұсынады. концепция, жедел-іздестіру қызметі, қарсы барлау қызметі, прокурорлық қадағалау, бақылау жедел-іздестіру шаралары
7 Шереметьев М.И. «Қазақстандағы құқық қорғау қызметінің ашықтығын құқықтық реттеу мәселелері» Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ашықтығы мен есеп беруге міндеттілігі олардың қызмет тиімділігін, азаматтар тарапынан сенімділігін арттыру мен сыбайлас жемқорлықты төмендету кепілі болып табылады. Бұл Қазақстан үшін, сондай-ақ барлық посткеңестік кеңістік үшін де жаңа құбылыс және бүгінгі күні мемлекеттік аппаратты реформалау белгілерінің бірі болып табылады. Жаңа демократиялық мемлекет қалыптасқаннан кейінгі кезеңдегі билік-қоғам өзара қатынасына осындай бағытты қолдану, белгілі бір сатыда оның қоғамдық және мемлекеттік институттарын жетілдіруде деп ұғыну қажет. Азаматтық құқық сұраныстарының болуы және мемлекеттің тиісті саясатын іске асырудың пайда болуы оның белгілі бір, жеткілікті жоғары даму деңгейін көрсетеді. Мақала авторының ойынша осы тұрғыда, Қазақстандағы аталған құқықтық қатынас саласын реттейтін аса мәнді бағдарламалы құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді қабылдау өте маңызды. құқық қорғау қызметінің ашықтығы, шешім қабылдау ашықтығы, кадрлық саясат ашықтығы, ашық үкімет порталы, ашық деректер, ашық деректер тізімі, қоғамдық бақылау, қоғамдық кеңестер, ақпаратқа қол жеткізу
8 Б.Б. Бұралқиева, Е.К. Мыңжанов «Құқық қорғау органдарында ересектер аудиториясы үшін инновациялық оқыту тәсілдерін енгізу» Бұл мақалада ересек аудиториямен жұмыс істеу үшін тиімді қолданылатын оқытудың инновациялық тәсілдері талқыланады, мысалы, симуляция және проблемаға бағытталған оқыту. Теориялық негіздер және қысқаша тарихи анықтама берілді. Проблемалық-бағдарланған оқытудың ерекшеліктері, күшті және әлсіз жақтары толық талданды. Құқық қорғау органдарының академиялық және біліктілігін арттыру бағдарламаларында ең жоғары нәтижеге жету үшін аралас әдісті енгізу қажеттілігі негізделген. Талдау негізінде авторлар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) және сыбайлас жемқорлық схемалары арқылы алынған заңсыз кірістерді жылыстату» атты тренинг мыса- лында аралас әдісті қолдануды ұсынады. Сондай-ақ, мақалада мұғалімнің рөліндегі түбегейлі өзгерістер «мұғалім –басшыдан» «мұғалім – фасилитаторға» талқыланады. Жаңа аралас модельдің басты артықшылығы тыңдаушылар арасында сыни және ерекше ойлауды дамыту, сондай-ақ тәжірибелік қызметте тікелей пайдалану дағдыларын жетілдіру болып табылады. инновациялық оқыту әдістері, модельдеу, проблемалық- бағытталған оқыту, сыни ойлау, студенттің және оқытушының рөлі
9 Ш.Ә. Өтеміс «Өмір бойына бостандығынан айыруға сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың мәселелері» Мақалада автормен Қазақстан Республикасында өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтының кейбір аспектілері туралы айтылған. Еліміздің қылмыстық заңнамаларын ізгілендіру процестерін ескере отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы халықаралық тәжірибе зерделенген. Еліміздегі қылмыстық заңнамалардың кемшіліктері талданған. Отандық және шетелдік беделді ғалым-заңгерлердің осы мәселе туралы пікірлері берілген. Сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды жетілдіру саласы бойынша ұсыныстар енгізілген. Ғылыми тұрғыдан негізделген шараларды дамыту ұсынылған. құқықтық саясат, өмір бойына бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату институты, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру, түзелу, халықаралық тәжірибе

 

№2/2019 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Т.К. Ауенов «Қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті жетілдіру мәселесіне қатысты» Мақалада Қазақстан Республикасында қоғамдық іс-шараларды мемлекеттік рет­теу саласындағы қолданыстағы заңнаманың өзекті мәселелері, сондай-ақ оларды ұйымдастыру және жүргізу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жаза туралы мәселелер қарастырылған. Соны­мен қатар, жұмыста бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік қолданылатын баптардың ретроспективті талдауы жүргізілді. Проблемаларды белгілеу нәтижесінде келесі бағыттар бойынша шешу жолдары негізделіп ұсынылған: «Қоғамдық іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасының жаңартылған Заңын әзірлеу және қабылдау; заңсыз қоғамдық іс-шараларға қатысушыларға әкімшілік жауапкершілікті жеңілдету және ұйымдастырушылар үшін қатайту; қоғамдық іс-шараларды мемлекеттік реттеу саласындағы халықтың құқықтық нигилизмін еңсеру жөніндегі жұмыс. Қазақстандық құқықтық жүйенің даму көрсеткіштеріне ғана емес, қазақстандық қоғамда да, халықаралық деңгейде де құқық қорғау органдарының имиджіне кері әсерін тигізетін мәселелерді шешу ұсыныстары әзірленіп берілген. Бұл ұсыныстар ұлт Көшбасшысы қойған құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полицияның жұмысын түбегейлі жақсарту және оларға халықтың сенімін арттыру жөніндегі міндеттерді орындауда оң әсер етуге мүмкіндік береді. қоғамдық іс-шара, әкімшілік жаза, бейбіт жиналыс, митинг, пикет, шеру, демонстрация, көпшілік іс-шара
2 Н.Ш. Жемпейісов «Қазақстан Республикасының «ұлттық қауіпсіздік» ұғымын анықтау туралы мәселесіне қатысты» Аталған мақала «ұлттық қауіпсіздік» институтының негізгі ұғымына, оның анықтамасына арналған. Қазақстан Республикасының сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың кез келген мемлекетінің ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ету жүйесінде ұғымдық аппа­ратты анықтау маңызды. Зерттелетін құбылыстың белгілі бір институтының негізгі ұғымдарын, элементтерін және атрибуттарын анықтамастан, кез-келген білім саласының мемлекеттік құқықтық нормаларының ықтимал жүйесін құру қиын. Осы мақалада «Ұлттық қауіпсіздік» инсти­туты қазақстандық қоғамның маңызды стратегиялық құбылыстарының бірі ретіндегі ғылыми- практикалық талдаудан өтті. «Ұлттық қауіпсіздік» ұғымының негізгі мазмұнын анықтаудағы американдық тәжірибеге айрықша көңіл бөлінеді. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді ескере отырып, «ұлттық қауіпсіздік» ұғымының авторлық анықтамасын ұсынады. қауіпсіздік, жүйе, қауіп-қатерлер, қорғаныс, қорғау, шабуыл әрекеттері, қамтамасыз ету, соғыс, материалдық емес құралдар
3 Е.М. Хакимов «Шетел тәжірибелерінің талдауы негізіндегі жол қозғалысы саласындағы заңнамаларды жетілдіру» Мақалада жол қозғалысы ережелерін бұзатын азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үдерісі бойынша ТМД-ның кейбір мемлекеттерінің құқықтық негізі талданған. Мазмұнында жол қозғалысы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін жетілдіру механизміне жаһандық көзқарас көрсетілген. Автор жедел қызмет көлік жүргізушілерінің телефондар мен радиостанциаларды пайдалануы мәселелерін заңмен реттеу жолын көтеріп отыр. Қазақстан Республикасының заңнамасында «аппаттық жағдай» түсінігі дефинициясының жеткілікті түрде талқыланбауына байланысты, жол шаруашылығындағы құқық бұзушылықтарды саралауда мәселелер туындайтынына мән берілен. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының және жақын шетелдердің заңнамасы бойынша автоматтық тәртіппен жұмыс істейтін арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген құқық бұзушылықтарға әкімшілік жаза қолдану тәртібі қарастырылған. Сонымен қоса құқық қолдану тәжірибиесінде туындаған кейбір мәселелер көрсетілген. Мақалада осы мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне редакциялық нормаларды жетілдіру бойынша авторлық ұсыныстар жасалды. жол қозғалысы, әкімшілік жауапкершілік, заңнаманың жаңғыруы, апаттық жағдай, көлік құралдарын басқару, шетелдік тәжірибе, жүргізуші куәлігі, айыппұл, жүргізуші
4 Р.А. Амерханов «Тауарды қашықтықтан сату тәсілін құқықтық реттеудің кейбір мәселелері» Тауарларды қашықтықтан сату тәсілі – бұл болашағы мол және тез дамып келе жатқан бағыт. Мақалада қашықтықтан сауда жасау ұғымына, оның заңды белгілеріне талдау жүргізіледі, тауарларды сатудың осы тәсілінің анықтамасы тұжырымдалған. Бөлшек сауданың осы түрінің қазіргі жағдайы, оның оң және теріс жақтары қарастырылады. Жөнелтімдік (пошталық), теледидарлық және электрондық тәрізді, тауарларды қашықтықтан сатудың қолданыстағы нысандары талданады. Сатушы мен сатып алушының арасындағы қатынастар зерттеледі. Қашықтықтан жүзеге асырылатын, тауарларды бөлшек сатып алу мен сатуды құқықтық реттеудің кейбір мәселелері талқыланады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Желілік маркетинг, қоғамдық таратушылар, пошта арқылы және басқа да тәсiлдермен сату жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сауда ережесiн бекiту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Тұтынушылардың құқықтарын бұзбауға мүмкіндік беретін осы тәсілмен тауарларды сатып алу кезінде кейбір ұсынымдар беріледі. тауар, сатушы, тұтынушы, құқықтарды қорғау, қашықтықтан сауда жасау, интернет, пошта, дүкен
5 М.Г. Әжібаев «Ұрыс жағдайы» ұғымын анықтау туралы мәселесіне қатысты» Елдің Негізгі заңында көрсетілген заңдылық қағидатын ұстану азаматтардың құқықтарын мен еркіндіктерін қорғауға бағытталған, қылмыстық қудаулауды және әділ сотты жүзеге асырған кезде қолданылатын заң терминдерінің әзірленуіне және қолданылуына тікелей байланысты. Қылмыстық заңнама елдегі құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету құралдарының бірі болып танылды. Мемлекеттің құқықтық саясаты қылмыстық қудалау кезінде азаматтардың құқықтарын бұзу түрлерін азайтуға, әділдік қағидаларының орындалуына, жазаның қолданылмай қалмайтындығына, заңдылық қағидаларын орындауға бағытталған. Сонымен бірге, заңның орындалуын қамтамасыз ету, қылмыстық жазаланатын мінез-құлық, қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің квалификациялық белгілері ретінде қызмет ететін терминдер мен ұғымдарсыз толық болмайтыны көрінеді. Мақаланың маңыздылығы жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің қылмыстық заңнамасын, елдің Конституциясымен кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтар туралы әртүрлі қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды жетілдіру мақсатында қылмыстық құқық саласындағы «ұрыс жағдайы» ұғымын анықтау және әзірлеу қажеттілігін көрсетті. Автормен жүргізілген зерттеу шеңберінде қылмыстық заңнаманың бірнеше баптарында квалификациялық атрибуты ретінде қызмет ететін «ұрыс жағдайы» ұғымы әзірленді, бірақ бұл терминнің Қазақстан заңнамасында жоқтығы анықталды. қауіпсіздік, ұрыс жағдайы, жауапкершілік, квалификациялық белгі, мемлекет, қылмыстық заңнама
6 Ә.М. Әлібекова «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету саралануының кейбір мәселері қатысты» Мақала қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оған басшылық етуді саралаудың кейбір мәселелерін зерттеуге арналған. Қаржылық пирамида ұғымына ерекше көңіл бөлінген, мұндай ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері анықталған. Зерттеу кезінде автор қаржы пирамидасының белгілерін түсінуге бағытталған ғалымдардың көзқарастарын зерттеді. Қылмыстық-құқықтық талдаудың шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасына сәйкес қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құру және басшылық етуді саралаудың кейбір ерекшеліктері зерттелді. Қаржылық (инвестициялық) пира­мида құру және басшылық ету ғана емес, оған қатысуға ұсыныс пен ынталандыру жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыру ұсынылады. Мақала авторы қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және басшылық ету құрамының сараланған және ерекше сараланған белгілерін талдау негізінде оларды жетілдірудің нақты шара­ларын ұсынады. қаржылық пирамида, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, қылмыстық жауаптылық, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы, қылмыстық құқық бұзушылықтың сараланған белгілері
7 Р.А. Медиев, Е.К. Секенов «Алыс шетелдердегі қылмыстық сот ісін жүргізуде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді құқықтық реттеу тәжірибесі» Осы ғылыми мақала алыс шетелдердің қылмыстық сот ісін жүргізуде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді құқықтық реттеу тәжірибесін талдауға арналған. Қылмыстық процесте жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында құқықтық реттеуді қалыптастыру және дамыту мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіндегі жасырын тер­геу әрекеттері бойынша барлық заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Германияның қылмыстық процестік кодексінің VIII бөлімінде «жасырын тергеулерге» ерекше назар аударылған. Зерттеудің маңыздылығы мен өзектілігін көрсете отырып, авторлар Қазақстанның құқық қолдану қызметіндегі цифрландыруды іске асыру және оның барысы туралы бірнеше қорытындыға келіп отыр. Зерттеу материалдары оқу процесінде және заң оқыту орындарында, біліктілікті арттыру институттарында және қызметтік дайындық жүйесінде табысты қолданылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының қылмыстық процесі, Германияның қылмыстық процесі, жасырын тергеу әрекеттері, жасырын тергеу
8 Р.К. Сарпеков «Қазақстан Республикасының заманауи қылмыстық саясаты және оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар» Ұсынылған мақалада Қазақстан Республикасындағы заманауи қылмыстық- құқықтық ахуалды талдау және қылмыстық-құқықтық саясаттың тиімділігін арттыру мәселесі көтерілген. Қоғам мен мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде қылмыстық-құқықтық саясат мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылатындығы белгіленді, халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасы оны жүзеге асырудың тиімділігіне байланысты; қылмыстық құқық саясатындағы гуманизм қағидаты қылмыстық құқықтың репрессиялық деңгейін төмендетуді білдіреді; соңғы жылдары Қазақстан қылмыстық заңнаманы жетілдіруге және оның репрессивтілігін төмендетуге, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған бірқатар шаралар қабылдады; құқық қорғау саласындағы табысты практикаға кедергі келтіретін факторлардың бірі – заңнаманың тұрақсыздығы; оның тиімділігіне оң әсер ететін қылмыстық саясаттың принциптері ғылым мен жоспарлау қағидаларын қамтиды. Соңғы жылдардың статистикалық материалдары негізінде, жүргізіліп жатқан қылмыстық саясаттың кейбір реформа­лары қылмыстың тұрақты төмендеуіне әкелмегені көрсетілген. Қылмыстық саясаттың тиімділігін арттыруды автор келесі жолдар тұрғысында қарастырады: ғылыми қылмыстық саясат қағидаттарын сақтау, қылмыстың алдын алу шараларын басымдықпен пайдалану; жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен бас тарту принципін және алдын-алу іс-әрекеттерін пропорционалды қаржыландыру жолымен алдын алу шараларын қолданудың тиімділігін арттыру; қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеудің сапасын арттыру, тұрақсыздықты жою жөніндегі шараларды қабылдау. қылмыстық-құқықтық саясат, қылмыстық саясат, қылмыстық саясат тұжырымдамасы, қылмыстық саясат қағидалары, криминализация, декриминализация, пенализация және депенализация
9 М.Е. Төлеуова «Пара алуды және пара беруді саралау белгілері болған кезде дәлелдеу» Қылмыстық процестегі дәлелдеу – қылмыстық қудалау органдары мен сот қызметінің негізгі құрылымы болып табылады. Сотқа дейінгі іс жүргізу басталғаннан, сот үкімі шыққанға дейінгі әр процестік шешім дәлелдеу процессінде табылған құжаттарға негізделеді. Тергеушімен нақты қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жағдайлар тізбесін дұрыс анықтау оның табысты аяқталу мүмкіндігін және негізгі сот талқылауының сатысына жету мүмкіндігін анықтайды. Аталған мақалада тергеу әрекетінің аспектісі зерттеледі, яғни парақорлық қылмыстық істері бойынша анықталуға жататын сұрақтарға жауап береді. Осыған байланысты, парақорлық қылмыстық істері бойынша дәлелдеудің теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу ерекше өзектілікке ие. дәлелдеуге жататын мән-жайлар, дәлелдемелер, параны қорқытып алу, параны бірнеше рет алу, параны ірі мөлшерде алу, парақорлық нысандары, қылмыстық іс бойынша дәлелдеу
10 Е.Б. Абдрасулов, Ж.И. Ибрагимов, Г.Ә. Төлеуханова «АҚШ пен Жапониядағы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мәдениетін құқықтық реттеу және қалыптастыру практикасы мен нығайтудың кейбір аспектілер» Мақалада АҚШ пен Жапониядағы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби құқықтық мәдениетін қалыптастыру және нығайту тәжірибесі, сондай-ақ құқықтық реттелуінің кейбір аспектілері қарастырылады. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық сананы жаңғырту аясындағы мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәдениетін көтеру, осы қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуі мен қолданылуына қатысты ең озық елдердің тәжірибесі талданған. АҚШ пен Жапония елдерінің мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтық этикасының даму жүйесіндегі ең оңтайлы тұстары көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық сананы жаңғырту аясындағы мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәдениетін көтеру міндеттерін қамтамасыз ету басқа шет мемлекеттердегі құқықтық мәдениеттің қалыптасуы және жетілдіру мәселелері бойынша салыстырмалы объективті талдауды қажет етеді. Бірақ белгілі мемлекеттердің осы саладағы заңнамасы мен тәжірибесіне тоқталмастан бұрын, кәсіби құқықтық мәдениеттің басты құрамдас бөлігі болып табылатын кәсіби этика мәселесін қысқаша қарастыруымыз қажет. Қазіргі заманғы әлемдік қауымдастықтағы көптеген мемлекеттердің қызметшілерінің мінез- құлқы кәсіби этика негізін құрайтын қағидаттармен анықталады. Мемлекеттік қызметшінің кәсіби құқықтық мәдениеттерінің басты құрамдас бөлігі болып табылатын кәсіби этика мінез-құлықтың негізгі реттеушісі ретінде, оның аражігін құқық бұзбаушылық, мәдениеттілік, этикалық талаптар бойынша анықтайды. Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықтың көптеген елдерінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасын бекітетін заңнамалық негізге баса назар аударылады. Негізгі қағидаттар, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының өзіндік бағыттары ретінде этикалық кодекстерде көрініс табады. Озық елдердің тәжірибесін талдау мақсатында бұл ғылыми мақалада осы саланың АҚШ және Жапония мемлекеттеріндегі құқықтық реттелуі жүйесінің кейбір қырлары зерделенеді. құқықтық мәдениет, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық этикасы, кәсіби парыз, этикалық кодекс, этика жөніндегі уәкіл, мемлекеттік қызметкерлердің бірлестігі, моральдық нормалар, діни нормалар, құқықтық сана, қоғамдық сана
11 Петухов Н.А., Рябцева Е.В. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық принциптер мен нормалардың Ресей Федерациясы сот жүйесінің дамуына ықпалы» Халықаралық принциптер мен нормалар мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық саясатына ортақ көзқарастарды дамытуға ықпал етеді. Халықаралық құқықтық нор­маларды іске асыру мемлекеттің ұлттық ерекшеліктерін, оның құқықтық жүйесін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу ерекшелігін ескеруі тиіс. Халықаралық құқық талаптарына сәйкес, сондай-ақ Ресей Федерациясының құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, өткізілген зерттеуде, сыбайлас жемқорлықтың тиімді алдын алу және онымен күресу үшін қажетті пәнаралық (көп пәнділік) тәсіл қолданылды. Практикалық нәтижелер ратификацияланған халықаралық конвенцияларда қамтылған халықаралық принциптер мен нормаларды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың (GRECO) ұсынымдарын ескере отырып, сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыруды оңтайландыру бойынша ұсыныстарды қамтиды. Ресей мемлекеттік сот төрелігі университетінде сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты қалыптастыру мақсатында судьялар мен сот қызметкерлері үшін өткізілетін барлық біліктілікті арттыру курста­рында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мүдделер қақтығысын жоюдың негізгі бағыты енгізілді. Оқу үрдісін оңтайландыру үшін судьялар мен сот қызметкерлерін өздерінің тікелей міндеттерінен қол үзбей-ақ, мұндай сабақтарды жүйелі түрде өткізу үшін қашықтықтан оқыту курстары әзірленуде. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттар, сот жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
12 Бринчук М.М. «Тұрақты даму аясында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» Мақалада тұрақты даму тұжырымдамасы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды және қажетті факторы және алғышарттары ретінде қарастырылады. Автор халықаралық құқық көздерін терең талдау негізінде Ресей Федерациясының заңнамасында іске асырылуы тиіс тұрақты дамудың негізгі идеяларын ашып көрсетеді. Қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны қорғау тұжырымдамасын қалыптастыру үшін маңызы зор: 1) шаруашылық және өзге де қызметте табиғат қорғау талаптарын ескеру қажеттілігі; 2) қоғам мен мемлекеттің дамуы тек қазіргі заманның қажеттіліктерін ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақтарды да қанағаттандыруы қажет. Ресей Федерациясының қолданыстағы экологиялық заңнамасы бірқатар кемшіліктер мен әлсіздіктерді анықтауға мүмкіндік беретін тұрақты даму қағидаттарын көрсету үшін зерттелді. Атап айтқанда, қоршаған орта сапасының нормативтері Солтүстіктің осал табиғатының экологиялық ерекшеліктерін есепке алмайды, конструкторлық құжаттама және инженерлік ізденістер нәтижелері федералдық деңгейде мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерінің санынан алынып тасталады. Белгіленген проблемаларды шешуде автор қоғамдық саясатты жүзеге асыру кезінде экологиялық тұрғыда экономикалық басымдықтарды өзгертуде, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдіснамалық негізі болуға тиіс тұрақты даму тұжырымдамасының идеяларын насихаттауда көрінеді. қоршаған орта сапасы, тұрақты даму тұжырымдамасы, қоршаған ортаны қорғау, табиғат, тұрақты даму, экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаға әсерді бағалау, экологиялық мүдделер, экологиялық басымдықтар

 

№3/2019 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Е.Б.Абдрасулов, А.Е.Абдрасулова «Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2018 жылғы 5 маусымдағы Қарағанды облыстық сотының «атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 27-бабы 5 тармағын конституциялық емес деп тану туралы» ұсынысы бойынша құқық нормаларының ұқсастығын және түсіндіруді қолдану практикасына құқықтық талдау» Мақалада заңдағы түсіндіру және ұқсастық мәселелері қарастырылады, құқық қолдану практикасын дұрыс әдіспен қамтамасыз ету үшін олардың нақты байланысын орнатуғылыми-заңнамалық доктринаның маңызды міндеті болып табылады. Мақалада авторлар зерттелетін санаттарға қатысты әртүрлі әдістерді талдай отырып, ұқсастық бойынша толтыру және түсіндіру – бұл бір-бірін толықтыратын санаттар деген қорытындыға келеді. Түсіндіру мен ұқсастықтың біртұтастығы фактісін ТМД елдерінің жетекші судьялары мен ірі ғалымдары іс жүзінде мойындаған және дәлелдеген. Жұмыста соттардың конституциялық заңдылықты қамтамасыз етуге қатысу мәселесі, соттың ұйғарымдары мен дәлелдері, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне сұраумен жүгінген кезде соттың жүзеге асыратын заңдағы ұқсастықтар мен түсіндірме әдістерін қолдану аясы жарияланған. Сот практикасының кейбір ұстанымдарына сыни талдау беріледі. заң ұқсастығы және құқық ұқсастығы, құқық нормаларын түсіндіру, құқықта ұқсастықты қолдану, сот билігі, сот, Конституциялық Кеңес, заңды нақтылау, заңның конституциялылығы, күштеп әкелу, сот орындаушысы, адамның құқығы мен бостандығы, процестік мәжбүрлеу
2 М. Е. Әшірбеков «Жерді өз бетімен иемдену түріндегі әкімшілік құқық бұзушылықты квалификациялау мәселесі» Бұл мақала жердің құқықтық қатынастарын реттеудің, жерге жеке меншік құқығын қорғаудың өзекті мәселелеріне, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және нормативтік құқықтық сипаттағы мәселелерге әкелетін өз еркімен жерді иемдену сияқты негативті қоғамдық қауіпті құбылыстың алдын алу және ескертуге арналған. Сонымен қатар, аталған мақалада Қазақстан Республикасында және жақын шет елдерде жерді өз бетімен басып алғаны үшін әкімшілік жауапкершілік мәселелері қамтылған. Қолданыстағы заңнама нормаларын зерттеу нәтижелері бойынша жерді өз бетімен басып алу ұғымын авторлық анықтау ұсынылды, «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 136-бабында көзделген құқық бұзушылықты саралау мәселелері-жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу мәселелері талданды. Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзғаны үшін жауапкершілікпен қатар жеке меншікті осындай бұзғаны үшін жауапкершілік енгізу ұсынылады. Жерді әкімшілік құқық бұзушылықтардың аралас құрамдарынан өз бетімен басып алуды шектеу мәселесі зерделенді. Құқық бұзушылықтың осы түрінің алдын алу және оны жасаудың алдын алу мәселелері қаралды. жер учаскесін рұқсатсыз алу, жер телімі, құқық бұзушылық, біліктілік, құқық бұзушылық белгілері, құқық белгілейтін құжат
3 Қ. Ж. Қапсалямов, С. С. Қапсалямова, Ж. Калеке «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығын реттеудің құқықтық проблемалары» Жұмыста балалардың нақты құқықтарының заңды мазмұнына тікелей талдау жүргізілді, оның алдында баланың қазақстандық қоғамдағы жағдайын құқықтық реттеу тарихын зерттеу жүргізіледі. Авторлар баланың құқықтық мәртебесінің тұжырымдамасына негізделген қазақ әдетіндегі құқықта дәлелдей отырып көрсетеді. Авторлардың ауқымды тарихи материалды жақсы игеруі және оның мазмұнындағы фактологиялығы Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын құқықтық реттеу проблемасын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді және республикадағы баланың құқықтары бар істердің тікелей жағдайына әсер ететін әр түрлі жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. ҚР Конституциясының 27 бабына сәйкес неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Осы Ереженің негізінде мемлекеттің заңнамалық, ұйымдастырушылық және басқа да шараларында іске асырылуы тиіс Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық идеялары мен қағидаттарын одан әрі іске асыру қажет. балалардың құқықтарын қорғау комитеті, құқықтық реттеу, адамгершілік-рухани даму, баланың мүдделері, жетім балалар, балаларды қорғау
4 Ж. С.Сейтаева «Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқ адамдар туралы: пайда болу себептері және жою жолдары» Бұл мақалада Қазақстанда тұратын бірқатар адамдарда азаматтықтың болмауы мәселесі қарастырылады. Автор адам құқықтары тұжырымдамасы тарапынан азаматтықсыздықтың салдарын қарастырады және ол, өз елінде еңбек ету, медициналық қызметке жүгіну және білім алу құқығы сияқты негізгі құқықтарға қол жеткізу тұрғысынан кемсітушілікке әкеп соқтыруы мүмкін мәселелерін, бұл адам саудасы сияқты адам құқықтарының өрескел бұзатын осалдыққа әкелуі мүмкін. Мақалада азаматтықтың пайда болуының бастапқы себептері қарастырылады: тәуелсіздікке ие болудың тарихи контексті, заңнамадағы және оны іске асыру рәсімдеріндегі олқылықтар, адам факторы, сондай-ақ халықаралық келісімдердің жоқтығы. Азаматсыздық проблемасын шешу үшін негіз құрайтын ұлттық құқықтық көздер жүйесі қарастырылады және талданады. Мақалада автор халықаралық құжаттарға сілтеме жасап, отандық заңнамадағы бар олқылықтарды көрсете отырып, Қазақстандағы азаматсыздықты жоюдың жолдарын көрсетеді. азаматтығы жоқ, апатрид, адам құқықтары мен бостандықтары, азаматтық алу тетігі, БҰҰ БЖКБ, Өңірлік Хаб, заңнама
5 Е. Н. Бегалиев «Стеганографиялық технологияларды материалдық объектілердің жекелеген айырмашылықтарының құрамына енгізу перспективалары туралы» Автор әлемдік тәжірибе негізінде стеганографиялық технологияларды қолдану тәжірибесіне талдау жасайды. Дәстүрлі және сандық стеганографияны пайдаланудың түрлі салалары қарастырылды (IT – қауіпсіздік; өнеркәсіптік өндіріс және аудиовизуалды шығармаларды және бағдарламалық өнімдерді қорғау және т.б.). Зерттелетін әдістің күшті және әлсіз жақтарын қамтитын SWOT – талдау жүргізілді. Заңтану бойынша маманданған ғалымдардың, сондай-ақ осы мәселе бойынша өзге де ғылымдардың әртүрлі көзқарастары ұсынылады. Осы мақаланың басты өзегі – стеганография технологиясын қолдану шарттарын жедел, тергеу және сараптау практикасына енгізуге қатысты автордың тұжырымдары мен ұсыныстары болып табылады. Мақала тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасы, қылмыстың жекелеген түрлерін (топтарын) тергеу әдістемесі мәселелеріне қызығушылық танытатын адамдарға, сондай-ақ оқырмандардың кең ауқымына арналған. су белгісі, криптография, таңбалау, материалды объект, микрошрифт, стеганография
6 С.К. Жүрсімбаев, Е. С. Кемали «Қылмыстар құрбандарының шын мәніндегі сот төрелігіне қолжетімділік құқықтары туралы» Мақала Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңдарында сот әділдігіне қол жеткізудегі кейбір мүмкіндіктердің мәселелеріне арналған. Сот әділдігіне қол жеткізу адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету барысындағы адамзаттың ең маңызды жетістігі. Сот әділдігіне қол жеткізу конституциялық сот арқылы қорғалу құқығын пайдалануға, оның тыянақтылығын қамтамасыз етуге, заңмен жанама түрде белгіленген процедура мен халықаралық құқықтық қорғауға арналған құрал. Қылмыстан зәбір көрген азаматты қорғау аса әлеуметтік маңызы бар мәселе. Кешегі уақытқа дейін ғылым мен практикада құқық қорғау органдарынан зардап шеккен айыпкерлерге, ұсталғандарға, қамауға алынғандарға көп көңіл бөлінсе, ал жәбірленушіге, оның жағдайына, қылмыстан залал тапқан адамды қорғаудың маңыздылығына көңіл бөлінбеді. Шынында мақала иесі тоқтаусыз жәбірленуші деп тауып, оларға заңда белгіленген құқықтарын мезгілінде беріп, ол үшін кейбір заңнамаларды өзгертуді ұсынған зардап шеккендер жәбірленушіге қарағанда айтарлықтай көп. сот әділдігі, жеке айыптау, сот әділдігіне қол жеткізу, қылмыстық сот ісін жүргізу, қылмыстық іс жүргізу кодексі, жеке айыптау істері
7 Филипeц O. Б. «Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша сыйлық алудың құқықтық реттелу мәселелері» Мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, мемлекеттік қызметтегі адамдарға сыйлық алудың құқықтық салдарын реттеу мәселелері талданады. Сыйлықтың түсінігі, мемлекеттік қызметтегі адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің оны қабылдауына жол бермеуін реттейтін заңнаманың бірқалыпты құқықтық реттеуінің болмауы сыбайлас жемқорлыққа соқтырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету – Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының маңызды саласы, мемлекеттік қызметтегі адамдардың және олардың отбасыларының сыйлықтар қабылдауға жол бермеуі парақорлыққа тиімді қарсы тұрудың маңызды құралы болып табылады. Мақалада автор сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнамасын талдауды ескере отырып, ағымдағы жағдайды азаматтардың аталған санаттары бойынша сыйлық алуға мүмкіндік бермеу жолдарын ұсынды. жемқорлық, сыйлық, пара алу, құқық бұзушылық, заңнама, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметкер, отбасы мүшелері
8 Ө. Х. Смайлов «Бұқаралық ақпарат құралдары және құқық қорғау органдарының өзара қарым қатынасы» Мақала құқық қорғау органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесуді жетілдіру мәселелерін қарастыруға арналған. Осындай әрекеттесудің табыстылығына әсер ететін жағдайлар мен факторларға ерекше көңіл бөлінеді. Құқық қорғау органдарына БАҚ-пен ынтымақтастық күрделі қылмыстарды ашуда және қылмыстың алдын алудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда көмек пен қолдауды сұрау үшін халықпен тікелей байланысуға мүмкіндік береді. БАҚ-тың мүмкіндіктерін қылмыстылықтың алдын алуда, азаматтарды заңдар мен құқық қорғау қызметін құрметтеуге және заңсыз көріністерге төзбеушілікке үйретуде кеңінен қолдану қажет. Өз кезегінде БАҚ уақтылы және шынайы ақпарат алуға құқылы. Сонымен қатар, алынған ақпаратты ұсынудың нысандары мен әдістері этикалық және моральдық талаптарға сәйкес келуі керек; олар құқық қорғау органдарының арнайы операцияларды орындауына немесе біреудің қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі тиіс. Автордың пікірінше, құқық қорғау органдары мен БАҚ-тың бірлескен жұмысы екі тарапқа да айтарлықтай пайда әкелуі мүмкін. ішкі істер органдары, бұқаралық ақпарат құралдары, имидж, полиция, ақпараттандыру, өзара әрекет ету, сенімді қалыптастыру
9 Бабкина Е.В. «Еуразиялық экономикалық одақтың заңды тұлғаларға қатысты құқығының әсері: заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау» Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық мақсаты мүше-мемлекеттермен халықтың өмір деңгейін арттыру мүддесінде, мүше-мемлекеттер экономикаларының қалыпты дамуына жағдай жасау, сонымен қатар Одақ шеңберінде еңбек ресурстары мен капиталды, қызметті және ортақ нарықты құруға талпыну болып табылады. Шын мәнінде практикада олар қандай жағдайда? Автор саясатпен реттелетін біртұтас немесе келісілген (үйлестірілген) бірнеше: халықаралық автомобиль қызметін еркін көрсету, демпингке қарсы шара енгізу, кеден одағының негізі болып табылатын тұтас кеден тарифы сияқты салаларды талдай отырып, сұрақтар қояды. Автор шаруашылық субъектілерімен қолданылуы мүмкін барлық процедураларды: ЕАЭО және ЕЭК шағымдану процедураларының түрлерін зерттейді, сонымен қатар шығындарды азайту мақсатында Беларусь заңды тұлғаларына практикалық ұсыныстар береді. демпингке қарсы шаралар, Еуразия экономикалық комиссиясы, халықаралық сот төрелігі, ЕАЭО Соты, кеден тарифы
10 Леонович Е.Б. «Дүниежүзілік сауда ұйымындағы (дсұ) зияткерлік меншік: мүше- мемлекеттердің мемлекеттік саясатын іске асырудың құқықтық негіздері» Мақалада Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше-мемлекеттер кездесетін, жоғары бәсекелестікке биімді шетелдік тауарларға нарықты ашуға мәжбүр ететін, зияткерлік меншік объектілерін қамтитын және осы объектілер үшін зияткерлік меншікті сату құқықтары (ЗМСҚ-ТРИПС) бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қорғау мәселелеріне талдау жасалған. Отандық өндірушілердің шығармашылық пен инновациялық белсенділігінің өсуіне және өздерінің зияткерлік меншік объектілерін жасауға мүше-мемлекеттердің мүддесін ескеретін, ДСҰ құқықтық механизмдері көрсетілген. Салыстырмалы, жүйелі және құрылымды-функционалды талдаулар негізінде зияткерлік меншікке шек қоюға бағытталған шаралар мен мемлекеттік саясат анықталған. Оны жетілдіретін ұсыныстар жасалған. ДСҰ практикасының дауларынан, құқықтық нормаларынан және зияткерлік меншіктің кейбір объектілері бойынша мысалдар келтірілген. Негізгі қорытындылар зияткерлік меншік құқығын және объектілердің түрлері бойынша қорғау ережесін дифференциялауға, сонымен қатар мемлекет тарапынан отандық зияткерлік меншік объектілерін жасауға белсенді іс-шаралармен ынталандыру қажеттігіне қатысты. зияткерлік меншік, ДСҰ, зияткерлік меншік сауда аспектілерінің құқықтары, зияткерлік меншікті қорғау, экспорт, импорт, протекционизм, ДСҰ дауларды реттеу, ЗМСҚ-ТРИПС, ЕАЭО
11 М. А. Сарсембаев «Көлік мәселелерін шешу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіру» Бұл мақалада көлік Қазақстан экономикасының стратегиялық маңызы бар саласы болып табылады, соның арқасында шаруашылық жүргізуші субъектілер, өндірушілер мен тұтынушылар арасында, сатушылар мен сатып алушылар арасында қатынастар қалыптасады, бұл Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Осы және өзге де өзара қарым- қатынастарды нығайту олардың Қазақстан Республикасының заңдарымен және шарттарымен реттелуінің салдарынан болады. Мұндай құқықтық қатынастарды қолданыстағы көлік заңдарына тиісті және дұрыс толықтырулар мен өзгерістер енгізу кезінде, сондай-ақ көлік, көлік-транзиттік, көлік-логистикалық сипаттағы проблемалардың қандай да бір өзекті аспектілері бойынша жаңа қазақстандық заңдарды әзірлеу мен қабылдаудың арқасында тиісінше реттеу мүмкін болады. Қазақстандық көлік заңнамасын жетілдіру, еліміздің әртүрлі аспектілі халықаралық көлік конвенциялары мен келісімдеріне қосылуына байланысты болады. көлік, заң, транзит, логистика, келісім, автомобиль, электромобиль, электробас, оператор, администратор, цифрландыру, индекс

 

№4/2019 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Жижис С.А. «Жеке өмірге қол сұғылмаушылық» ұғымын доктриналық анықтау туралы мәселеге Заң ғылымында әзірге «жеке өмірге қол сұғылмаушылық» ұғымының жалпы қабылданған және бірыңғай анықтамасы жоқ. Қазақстандағы бұл жағдайды түзету, оның ішінде заңнамалық анықтама беру қажеттігін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жыл сайынғы жолдауларында бірнеше рет көрсеткен болатын. Осыған байланысты, автор халықаралық нормалар мен қолданыстағы ұлттық заңн аманы талдау негізінде, «жеке өмірге қол сұқпаушылық» ұғымын анықтауға ғылыми негізделген құқықтық көзқарасты қалыптастыру мәселесін пысықтады. Ұсынылған анықтама қолданыстағы заңнамада қолданылатын және мағынасы белгілі, неғұрлым айқын және түсінікті терминдер арқылы, филологиялық, нақты және логикалық ережелерге сәйкес құрылды. Жасалған дефиниция, сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілердің терминдері мен анықтамаларының сәйкестігі туралы заңнамалық талаптарға сай келеді, бұл оны еліміздің қолданыстағы заңнамасында пайдалануға мүмкіндік береді. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт, Конституция, Конституциялық Кеңес, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, жеке және отбасылық құпия, дербес деректер, дефиниция
2 С.М. Сапаралиева, А.С. Қуатова, Г.Е. Әубакирова «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың жеке шараларын қолдану проблемалары» Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау аспектілерінің бірі – әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, оның зардаптарының бүкіл қоғам үшін елеулі деструктивті салдары бар. Сонымен қатар, әр мемлекет аталған құқық бұзушылықтың алдын-алу шараларын қолданудың маңыздылығын біледі, оларды тиімді қолдану тұтастай алғанда осы саладағы құқық бұзушылықты азайтуға себебін тигізеді. Мақалада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың жеке шараларын қолдану, атап айтқанда қорғау нұсқамасы және құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу мәселелері, сондай-ақ оларды қолдану мәселелері қарастырылған. Авторлар қолданыстағы Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы заңнамасын талдауды және шетелдік тәжірибені зерделеуді ескере отырып, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша жеке шараларды қолдану мәселелерін шешудің жолдарын ұсынады. тұрмыстық зорлық-зомбылық, қорғау нұсқамасы, алдын-алу шаралары, құқық бұзушылық, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар, ұрып-соғу
3 А.Ә. Баймаханов «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу міндеті институтының қалыптасуы мен дамуы» Мақала кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу міндеті және оны орындамау жауапкершілігі институтының пайда болу мен даму тарихына арналған. Осы тақырыпқа ғылыми қызығушылық қазақстандық азаматтардың болашақ буынының дұрыс қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етудің ерекше маңыздылығына, осы процестермен байланысты мәселелердің күрделілігі мен әртүрлілігіне байланысты. Бұл мақалада Ұлы Дала, Қазақ хандығы және Кеңес өкіметінің қалыптасу кезеңінде қолданыста болған ата-аналар мен олардың балалары арасындағы қарым-қатынасты реттейтін нормаларына ғылыми-тарихи талдау жүргізіледі. Бұл жұмыста XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ құқығының классикасы «Жеті жарғыға» ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, отбасы ұғымы, оның қоғамдағы пайда болып жатқан өзгерістермен өзара байланысы сипатталады және талданады. Отбасы тәрбиесіндегі дәстүрлер мен қазақ халқының тарихындағы ұлттық құндылықтар көрсетілді. Қазақ халқының дәстүрлі отбасылық тәрбиесінің негізгі қағидаттары мен оған әсер ететін факторлар айтылады. Тәрбиелеуде ата-аналардың рөлі, қоғамдағы өзгерістерге байланысты қарастырылатын отбасылық міндеттер көрсетіледі. Қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеуде міндеттерді орындау мәселесі бойынша біз үшін тиімді және бізге тән механизмдері қолдану ұсынылады. ата-ана, бала, тәрбие, жауапкершілік, кәмелетке толмаған адам, жарғы, тарих, құқық
4 Б.Т. Сейітов «Қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру және салықтық қылмыстарды жіктеу туралы» Бұл мақалада кешенді тәсіл, тарихи және салыстырмалы-құқықтық таным әдістерінің негізінде салықтық қылмыстарды жіктеу және оларға қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалған. Қарқынды дамып келе жатқан нарықтық және азаматтық мүліктік қатынастарды ескерсек, экономикалық прогресс жағдайында салықтық қылмыстар дамып келеді, олардың сапалық сипаттамалары мен жасалу тәсілдері өзгеруде. Автор салықтық қылмыстарға қарсы сәтті іс-қимыл үшін салық саласындағы қоғамдық қатынастарды қорғайтын отандық қылмыстық заң нормаларын жүйелендіру және одан әрі жетілдіру қажет деген қорытындыға келді. Бюджеттің кіріс бөлігін салық төлемдерімен жеткілікті түрде толықтыру, мемлекеттің және заңға бағынатын, салықтарын адал төлейтін кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мүдделерін салық саласында қылмыстар жасайтын тұлғалардың жосықсыз бәсекелестігінен қорғау аса маңызды міндет болып табылады. Салықтық қылмыс құрамын жасаудағы шетелдік тәжірибені талдау, сондай-ақ оны заң шығару және практикалық қызметте пайдалану мемлекеттің салықтық қауіпсіздігін, демек қаржылық және экономикалық қауіпсіздігін жақсарта алады. Зерттеу барысында Канаданың, Ресей Федерациясының, Америка Құрама Штаттарының қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану және салықтық қылмыстарды жіктеудегі озық тәжірибесі талданды. салықтық қылмыс, жіктеу, мүліктік қатынастар, салық төлеуден жалтару, қылмыстық-құқықтық норма, шот-фактура, қылмыстық ниет, салықтық алаяқтық, салық төлеуден жалтару схемалары, салық саласы, жаңғырту, құқықтарды қорғау
5 Г.Қ. Шушикова «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлердің заңды құқықтарына қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қылмыстық- құқықтық саясатты жетілдіру» Мақала қылмыстық заңнамада Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту мәселелеріне арналған. Автор қриминалдық жағдай мен қылмыстық-құқықтық заңнаманы талдау нәтижелері бойынша кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірудің негізгі сипаттамаларын және кәсіпкерлердің құқықтарын бұзумен байланысты, басқа қылмыстарды қарастырады. Қылмыстық істерді, тағы басқа статистикалық мәліметтерді және шетелдік тәжірибені зерделеу, авторды кәсіпкерлікті қорғауды жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы теориялық қорытындылар мен ұсыныстарға апарады. Елімізде қалыптасқан криминалдық жағдайды ескере отырып, автор кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы заңнаманы, қылмыстық-құқықтық саясатты жетілдіру бойынша нақты шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілерін қайырымдылық көмек көрсету мақсатында мәжбүрлеп тарту үшін лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы туралы нормаларды енгізу ұсынылады. кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу, қылмыстық саясат, қылмыстық жағдай, қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тарту, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың шетелдік тәжірибесі
6 Е.Н. Бегалиев «Материалдық объектілерді жалған жолмен жасаған қылмыстарды тергеу кезіндегі «контрафактілік сөз байласу» құбылысына» Мақалада жаһандық көлемдегі контрафактілік өнімдер айналымының қазіргі жағдайының ерекшеліктері, сондай-ақ осы саланың өзектілігі ашылады. Сонымен қатар, автор «контрафакт», «жалған», «контрафактілік сөз байласу» терминдерінің анықтамаларын ұсынады, сот-медицина ғылымында алғаш рет «жалған келісім» терминінің этимологиялық құрамын ашты. «Контрафактілік сөз байласуға» қатысатын тұлғалардың субъектілері мен мағыналық мазмұны анықталған. Сонымен қатар контрафактілік зат ретінде әрекет ететін материалдық объектілердің кейбір түрлері (бағдарламалық өнімдер, аудиовизуалды жұмыстар және т.б.) олардың ерекшеліктерін ескере отырып талданады. Қорытындылай келе автор өз қорытындысын жасайды және теориялық және / немесе практикалық құндылығы болуы мүмкін контрафактілік сөз байласуға қарсы іс-әрекетке бағытталған ұсыныстар жасайды.Мақала қылмыстардың кейбір арнайы түрлерінің (топтарының) тергеу әдістемелеріне қызығушылық танытатын практикалық қызметкерлер мен басқа да шеңбері кең тұлғаларға арналған. автор, контрафактілік, жалған, қылмыс, сөз байласу, тергеу, құбылыс, өнім
7 Д.А. Жармағамбетова «Кәмелетке толмаған куәлардан және жәбірленушілерден жауап алудың ерекшеліктері туралы» Мақалада тергеу судьясының кәмелетке толмаған куәгерлер мен жәбірленушілер сияқты қылмыстық процеске қатысушылардан жауап алудың ерекшеліктері егжей-тегжейлі баяндалған. Кәмелетке толмаған қатысушыларға қатысты психотравматикалық әсерді болдырмау үшін кейінгі жауап алуды алып тастау мақсатында жүргізіледі. Жауап алуды жүргізу барысында тергеу судьясы кәмелетке толмаған куәлардан және жәбірленушілерден жауап алудың ерекшелігін міндетті түрде ескеруі тиіс. Сонымен қатар, бала өзін еркін сезінуі үшін, жауап алу орыны үй жағдайына жақын болуы керек. Процестің кәмелетке толмаған қатысушыларына кез-келген психологиялық әсер ету және психотравмалық жағдайды бөлдырмау қажет. Бұл үшін жауап алу бөлмелері қажетті заттармен жабдықталуы дұрыс. Жауап алу тергеу судьясымен және арнайы курстар өткен жас ерекшелік психологиясы және педагогика саласы маманының, сонымен бірге заңды өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен өткізілуі қажет. кәмелетке толмаған куәгер, жәбірленуші, жауап беру, қылмыстық процесс, тергеу судьясы
8 З.И. Құрсабаева «Кәмелетке толмағандарға қатысты тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесіне» Мақала кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылған кезде қолданылатын тәрбиелік мәжбүрлеу шараларын заңнамалық реттеу мәселелеріне арналған. Сот практикасының деректері бойынша аталған шараларды іс жүзінде қолдану проблемалары белгіленді. Тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары – бұл қылмыстық әрекетті жасаған кәмелетке толмағанға қатысты арнайы педагогикалық, құқықтық және қоғамдық мәжбүрлеудің, оның мінез- құлқын түзету мақсатында қылмыстық жауаптылық ретінде іске асырылатын, мемлекеттік тәрбиелік ықпал етудің қылмыстық-құқықтық шараларының жиынтығы. Мақаланың өзектілігі: тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын тиімді қолдану қажеттілігінде жатыр. Жүргізілген қылмыстық-құқықтық талдау шеңберінде тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларының түрлері, олардың мазмұны және іске асырылуы зерделенді. Автор жүргізілген талдау негізінде тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын тағайындауды жетілдіру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер ұсынады. кәмелетке толмаған адам, тиімділік, тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары, қылмыстық жауапкершілік, алдын алу, бос уақытын шектеу, ерекше талаптарды белгілеу, балалар қылмысының алдын алу
9 Н.Б. Рахимов, С.М. Иманбаев «Қазақстан Республикасындағы нормашығармашылық қызметтің кейбір жүйелі кемшіліктері» Мақала құқық қолдану практикасында қиындықтар туғызатын және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін төмендететін Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылық қызметтің жекелеген проблемаларына арналған. Ғылыми-құқықтық және басқа ақпарат көздері негізінде автор қарастырылып отырған саладағы ең негізгі, жүйелі кемшіліктердің себебін талдайды. Мұндай проблемалық сұрақтарға келесілер жатқызылған: заңнаманың тұрақсыздығы, дайындалып жатқан нормативтік құқықтық актілерде өзге құқықтық актілердегі нормаларды қайталау, заңдарға қосымша қабылданатын заңға бағынышты актілердің көптігі, нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілерді ажырату, құқықтық мәтіндердің теңтүпнұсқалығы. Зерттеу нәтижесінде аталған проблемаларды шешу жолдары анықталды, атап айтқанда, жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілерді өзгертуге уақытша шектеу қою, заңдарды әзірлеу мерзімдерін ұзарту, ведомстволық норма шығармашылықтың көлемін сатылап қысқарту, құқықтық мәтіндердің теңтүпнұсқалығын бұзу үшін жауапкершілікті белгілеу. Сонымен қатар, мақалада нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу кезінде маңызды болып табылатын нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілерді ажырату мәселесі бойынша пікір айтылған. норма шығармашылық қызмет, заңнаманың тұрақсыздығы, нормативтік құқықтық акт, құқықтық акт, норма шығармашылық проблемалары
10 Е.Б. Жүнісов «Қазақстан Республикасының және кейбір жақын шетелдердің қылмыстық заңнамасына сәйкес қорқытып алу ұғымын анықтау» Мақала Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Украинаның қылмыстық кодекстерінде реттелген «қорқытып алу» түсінігін қарастыруға арналған. Отандық және шетелдік қылмыстық заңнамалардың ережелеріне салыстырмалы құқықтық талдау жүргізу арқылы аталған әрекеттің негізгі белгілері анықталады. Қорқытып алу кезінде қолданылған қауіп түрлері егжей-тегжейлі зерттелді. Мақалада сонымен бірге «бопсалау» ұғымын қолдану жауапкершілікті көздейтін қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясында қылмыскер пайдаланатын ақпараттың сипатын анықтауға байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі деп атап өтілген. Сонымен қатар, автордың пікірінше, қылмыстық әрекетті жасау кезінде қорқытып алушы қолданған мәліметтерді бағалауды тек жәбірленуші жүргізуі керек. Автор зерттелетін қылмыстық заңның диспозициясын оңтайландыратын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының редакциясына өзгерістер енгізуді ұсынады. Автордың тұжырымдары құқықтық актілерді талдауға ғана емес, сонымен бірге қылмыстық құқық теориясында бар отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми көзқарастарына негізделген. қорқытып алу, бопса, қорқыту, зорлық-зомбылық, қылмыстық құқық бұзушылық, қылмыстық заңнама, меншікке қарсы қылмыс, объективті жағы
11 М.С. Заркенов «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы шетелдердің қылмыстық заңнамаларын салыстырмалы-құқықтық талдау» Аталмыш мақалада ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар мәселесін зерттеу, нәтижелі және ең тиімді шараларды әзірлеу мақсатында ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы шетелдік әрекет тәжірибесі талданған. Осы саладағы ғылыми әдебиетті талдау барысында, сонымен қоса жүйелі ықпал жасау мен танудың салыстырмалы-құқықтық әдісі негізінде ақпараттандыру және байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне ұқсас шетелдегі, оның ішінде Армения Республикасының және Әзірбайжан Республикасының нормаларына салыстырмалы талдау жасалынған. Белгіленген мәселелерді зерттеу нәтижесінде, оларды шешу жолдары ұсынылған және аргументтелген. Мақалада сонымен қоса терминологияға және ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың квалификациялық белгілеріне жеке назар аударылған. Аталған шетелдердің қылмыстық-құқықтық нормаларын зерттеу ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет етудің тиімділік деңгейін талдауға мүмкіндік береді. киберқылмыс, киберқауіпсіздік, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, ақпараттық технологиялар, компьютерлік қылмыс, ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар
12 Ф. Золл «Еуропалық одаққа қатысушы елдерге цифрлық контенттерді сату және жеткізу туралы еуропалық дерективаларды имплементациялау және үйлестіру туралы» Мақалада автор Еуропалық одаққа мүше елдерге қызметті, цифрлық контенттерді сату және жеткізу туралы жаңа Директиваларды үйлестіру мен имплементациялау мәселелерін қарастырған. Соның ішінде, автормен жаңа Директиваның Германия мен Польша заңнамаларына қатынасы зерделенген. Аталған екі елдің заң шығарушылары да 44/99 сату туралы жаңа Директиваны ұлттық құқық жүйесіне имплементациялау шешімін қабылдады. Автордың ойы бойынша үйлестіруді толық талап ету, қосымша білікті келісім алған жағдайда да «кері келісімнің» заңдылығын тексеруге кедергі жасамауы керек. Бірақ, бұл мәселе Сотпен ғана нақты шешілетін болуы мүмкін деген болжамда. Толық үйлестіру мәселесі оның диапазонына қатысты біркелкілік еместікті тудырады, бұл осы «кері келісім» болатын шеңбердің алдын-ала анықталмайтындығының тағы бір мысалы болып табылады. толық үйлестіру, максималды үйлестіру, минималды үйлестіру, сату туралы директива, директива 2019/771, цифрлық контенттерді және қызметті жеткізу туралы директива, кері келісім
13 Е.Е. Қаженов, А.С. Қаженова «Норвегия және Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әскери іс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар: салыстырмалы-құқықтық талдау» Мақалада Норвегия Корольдігі мен Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының жекелеген ережелеріне салыстырмалы талдау жүргізіледі (қылмыстық заңдардың атаулары мен құрылымы, қылмыс ұғымдары, қылмыс, жаза субъектісі, қылмыстық құқық бұзушылық түрлері). Жүргізілген салыстырмалы зерттеудің қорытындысы бойынша авторлар екі елдің қылмыстық заңнамасының бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы бар деген қорытындыға келеді. Атап айтқанда, Норвегияның қылмыстық заңнамасы екі Кодекстен тұрады: Жалпы азаматтық және Әскери. Әскери Кодексте 108 параграф бар, ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (18-тарау. «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар», 30 бап бар). Норвегияның қылмыстық заңнамасында параграфтардың атаулары жоқ. Норвегия заңнамасы бойынша қылмыс жасағаны үшін жазаның үш түрі, ал Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жеті түрі көзделген. Авторлар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалатын қоғамдық қауіпті әрекеттерді дербес топқа бөлуді ұсынады. Норвегияның заңнамасы бойынша әскери қылмыстар субъектілерінің шеңбері кең. әскери, қылмыстық құқық бұзушылықтар, әскери құқық бұзушылықтар, Норвегия заңнамасы, әскери кодекс, қылмыстық кодекс, салыстырмалы талдау, субъект, әскери қызметшілер, құқық бұзушылық түрлері