Аннотациялар – 2018 жыл

№1/2018 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Н.Б. Рахимов «Мемлекеттік тіл ұғымы, оның құқықтық мәртебесінің ерекшелігі» Мақала Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің құқықтық мәртебесін, оның ерекшеліктерін анықтауға арналған. Зерттеу жұмысының міндеттерін тиімді іске асыру үшін бірқатар елдердегі тілдердің құқықтық жағдайына назар бөлінген. Мемлекеттік тілдің қоғамдық-саяси өмірдегі маңызы, оның ресми тіл ұғымынан айырмашылығы ашып көрсетілген. Автор бірқатар ғалымдардың пікірлері мен ұсыныстарын талдай келе, мемлекеттік тілдің басты белгілерін бөліп көрсетеді, сондай-ақ бұл ұғымның өзіндік анықтамасын ұсынады. мемлекеттік тіл, ресми тіл, мемлекеттік тілдің құқықтық мәртебесі, ұлттық тіл, қарым-қатынас жасаудың ресми салалары, мемлекеттік егемендік
2 Медиев Р.А., Лагуткин О.Ю «Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы құқық бұзушылықты болжау жүйесі» Осы мақалада құқық бұзушылықты болжау теориясы мәселелері қарастырылады (болжамдық аналитика). Авторлар қазіргі заманғы технологиялардың мәселесін зерттейтін және жасанды интеллекті қоса алғанда, күрделі математикалық модельдерге теориялық немесе қарапайым шешімдерді оңайлатуға мүмкіндік беретін үлкен деректер жиынтығын өңдеуге арналған өнімді құралдарды пайдалану мәселесі қарастырған. Қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін «нейрондық желі алгоритмдері» (қылмыстарды және кұқықбұзушылықты болжаудың бейімдеу жүйесі) технологиясын қолдану саласында қол жеткізген шет елдердің тәжірибесі талданды. Сондай-ақ, тұңғыш ТМД елдерінде қылмысты болжау үшін арнайы бейімделу жүйесін құру және «Преториан» қоғамдық қауіпсіздік саласында шешімдер қабылдауды қолдайтын пилоттық жоба қарастырылған. Осылайша, авторлар келесі онжылдықта қоғамдық қауіпсіздіктің тиімділігін арттыру жөніндегі тиімді әдістердің негізін құрайтын үлкен деректерді, болжаушы аналитиканы өңдеу құралдарының маңыздылығын арттырады деген қорытындыға келеді. болжамды аналитика, құқық бұзушылықты болжау, жасанды нейрондық желілік, қоғамдық қауіпсіздік, «Преториан» АҚБЖ
3 Н.С. Туркот «Ресми тергеу жүргізу қатысты әскери қызметшінің: сыбайлас жемқорлықтық тәуекелі» Мақалада автор жеке құрамы саны бойынша көбі әскери құрылым болып табылатын Украина Қарулы Күштерінде қызметтік тергеуде туындайтын проблемалар қарастырады. Сыбайлас жемқорлық қауіптерінен тұратын рәсімдік кездерді көрсетеді. Әскери қызмет өткеру және атқару саласындағы заңдарға және заңға тәуелді актілерге өзгертулер енгізуді ұсынады. әскери қызмет, әскери қызметші, қызметтік тергеу, сыбайлас жемқорлық компоненті
4 С.Ж. Бекішева «Соттардың кейбір экологиялық қылмыстар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы сотының 2004 ж. 18 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысын өзектендіру туралы мәселе» Мақалада автор Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 1 «Кейбір экологиялық экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілік туралы заңнаманы соттармен қолдану туралы» нормативтік қаулысын өзектендіру мәселесі қаралды. Бұл шешім Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексініңқабылдануына байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізуді, атап айтқанда, қаулыда көрсетілген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің баптарын өзгертуді және «экологиялық қылмыстық құқық» терминін енгізуді талап етеді. Бұдан басқа, қаулының мәтіні Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес келуі тиіс. Автор қаулы мәтініне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, қаулының белгілі бір тармақтарының жаңа нұсқасы әзірленді. қылмыстық жауаптылық, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар, нормативтік қаулы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, ірі залал, елеулі залал, әсіресе ірі зиян, заңсыз аң аулау, заңсыз кесу, төтенше экологиялық жағдайдың аумағы
5 А.Қ. Қанатов «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс қимыл және терроризм мен экстремизмді қаржыландыру мәселелері туралы (криминологиялық талдау)» Мақала авторы «кір ақшаны» жылыстату саласындағы бейіндік заңнамаға криминологиялық талдау жасаған, сонымен бірге терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы нәтижелі қолдануды көздейтін оптималды құқықтық механизмдер ұсынған. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңды егжей-тегжей (маниторинг) талдау жекелеген кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді, олар: олқылықтар, карама-қайшылықтар, нормаларды қолданудың құқықтық салдарын минимизациялау мақсатында бланкеттілік пен коррупциогенділік. Реттеу пәнінің шегін терроризммен қатар, экстремизм мен сепаратизмды қосу арқылы кеңейту туралы сұрақты қарастыру ұсынылды. Бұл саладағы салыстырмалы-құқықтық зерттеу қаржылық барлау құрлымымен жүргізілетін алдын-алушылық шаралардың нәтижелігі туралы мәселені көтеруге алып келеді. Осы саладағы шетел тәжірибесін зерттеуді ескере отырып ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар берілген. кірістерді жылыстату, терроризмді қаржыландыру, экстремизмге қарсы іс қимыл, қаржылық барлау құрлымдары, алдын алу, заңнаманы жетілдіру
6 Б.Н.Қалмұхаметова «Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ұстап беруге (экстрадициялауға) жатқызылатын тұлғаны ұстауды регламентациялау мәселесіне қатысты» Осы мақалада автор ҚР ҚПК-нің «Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алу ерекшеліктері» деп аталатын 587-бабының ережелерін мұқият зерделеу негізінде бірқатар кемшіліктерді анықтады. Осы саладағы зерттеуді ескере отырып, мақалада ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар мазмұндалған. экстрадициялау, қылмыскер, қылмыстық қудалау, іздеу, ұстау, қамау
7 Б.Ж.Cағымбеков, Т.М. Мұқатаев «Қазақстандағы жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалаудың қалыптасуы» Осы мақалада авторлар посткеңестік кезеңдегі жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалаудың қазіргі замандағы қалыптасу туралы қысқаша талдау қарастырылған. Авторладың байқауынша, тәуелсіздік алған кезеңнің бірінші жылдары жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалау бірнеше мәселелер бар екендігін анықтаған, бірақ «Жедел-іздестіру қызметі» туралы Заңы қабылданғаннан кейін прокурордың өкілеттігі нақты белгіленді, оның ішінде арнайы іс шаралады орындалуы мен тоқтатылуының заңдылығын тексеру, заңсыз ұсталған тұлаларды босатуын заңдылығын тексеру және тергеу әрекеттерін өткізуге санкция беруін тексеру. Сондай-ақ, авторлар прокуратура органдарының арнайы «ашық» құқықтық жетістіктері ұсынылады. қадағалау, жедел-іздестіру қызметі, прокурор, сот, анықтау органы, алдын-ала тергеу, қылмыстық іс жүргізу
8 Севрук Ю.Г,Столетний А.В «Сотқа дейінгі тергеуге прокурордың процестік жетекшілік етуі: халықаралық тәжірибе және ұлттық шындық» Мақалада авторлармен Украин, Еуропаның бір қатар елдерінде және посткеңістік кеңістіктегі оң инновациялларды анықтау және оларды ұлттық құқықты қолдану ортасына енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге қатысты процестік жетекшілік етудің қазіргі жай-күйіне талдау жүргізді. сотқа дейінгі тергеу, процестік жетекшілік ету, қадағалау, өкілеттік, тергеу, анықтау
9 К.М. Сердалинов «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері» Қандай да бір елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және мемлекеттік аппаратқа азаматтардың сенімі деңгейін мемлекеттік қызмет көрсету сапасы арқылы анықтау мүмкін болып отыр. Осы мақалада автор жүргізілген зерттеулерге негізінде, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мәселелерін көрсетеді. мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, цифрлендіру, санаттар, ашықтық және қолжетімділік қағидасы
10 Р.Ш. Досымбекова «Рухани жаңғыру» аясындағы Академия қызметіндеғі жекелеген жаңа акценттер» Мақалада автор қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санасы мен мінез-құлықтарының өзгеру мәселелерін қарастырады. Онда құқық қорғау органдарының кадрларын дайындау процесінде жоғары деңгейлі дайындықпен қатар, қызметкерлердің жоғары моральдық ерік-жігер қасиеттерін қалыптастыруды қажет ететін тәрбие жұмысының өзектілігі атап көрсетіледі. Сонымен қатар автор тәрбие жұмысының білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылатындығына тоқталған. Жалпы алынған білім мен дағдыны тиімді қолдануды қамтамасыз ету үшін құндылықтарды, жеке қасиет пен маманды қалыптастыру мәселелерін қарастырған. Бұл орайда құқық қорғау органдары халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтынын ескере отырып, олардың тілдік құзыреттіліктерін арттыру бағытында да жұмыстар көзделген. тәрбие жұмысы, тәрбиенің жаңа жүйесін енгізу, сананы жаңғырту, жалпы мәдени даму, үштілділікті дамыту, латын графикасына көшіру, қарым-қатынастың жаһандық әлемі, кәсіби тілдік ортаға ендіру, дуальді оқыту
11 Е.А. Омаров «Халықаралық құқықтық көмек шеңберінде тұлғалардан жауап алу барысында қатысушылар құқығын қамтамасыз ету кейбір мәселелері» Мақалада автор шетел мемлекетінің аумағында жүрген тұлғалардан жауап алу бойынша халықаралық құқықтық көмек барысында қылмыстық процеске қатысушылар құқығын қамтамасыз етудің мәселелерін қарастырған. Халықаралық тәжірибе мен шынайы жағдайды талдау негізінде бірқатар ұсыныстар әзірленді. халықаралық құқықтық көмек, қатысушылар құқығы, қылмыстық процесс, шетел мемлекеті аумағында жүрген тұлғалардан жауап алу, беттестіру
12 Б.Э. Каюмов «Өзбекстанда мемлекеттік-жеке серіктестікті енгізу алғышарттары мен болашағы» Мақалада автор мемлекеттік-жеке серіктестіктердің (МЖС) модельдері мен түрлері қарастырған. Өзбекстан Республикасының экономикалық өміріне МЖӘ енгізуді реттейтін нормативтік актілер аталды. Өзбекстанда МЖӘ табысты іске асырылу мысалдары келтірілген және Өзбекстан Республикасында МЖӘ енгізудің ең маңызды алғышарттары тұжырымдалған. мемлекеттік-жеке серіктестіктердің (МЖС), өнім бөлімі туралы келісім, концессия, бизнес дамыту, еркін экономикалық аймақтар, шетелдік инвестициялар, Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлықтары
13 Р.С. Юсупов «Судьялардың оң имиджін қалыптастырудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасында негізгі міндеттердің бірі сот жүйесін жетілдіру және оның мемлекеттік тетіктегі құқықтық қорғаушылық рөлін нығайту болып табылады. Сот жүйесіне сенімді арттыру үшін жалпы судьяның оң имиджін қалыптастыру қажет. Мақалада автор судьяның имиджін қалыптастырудың негізгі компоненттерін қарайды, сондай-ақ судьяның сыртқы және ішкі имиджін қалыптастыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының да рөлі айтылған. судья, сот, имидж, бұқаралық ақпарат құралдары, сыртқы имидж, ішкі имидж

 

№2/2018 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 З.Ж. Қалмырзина «Заң құжаттары мəтіндерін жазуда қолданылатын терминологияның кейбір мəселелер» Мақалада заң құжаты мəтінін жазуда қолданылатын терминологияның кейбір мəселелері қарастырылады. Заң хаты терминологиясына тəн ерекшеліктер талданады. Заң құжаты мəтінін жазуда қолданылатын терминдерді жіктеу критерийлері келтіріледі. Заңгерлердің қолданыстағы барлық заң терминдерін меңгеру маңыздылығы негізделеді. Сонымен қатар, қажет жағдайда оларға жаңа терминдерін құрастыру. Қорыта келе, автор заң құжаты мəтінін жазуда кез-келген заң құжаты терминологиясын қолданудың өзіндік қағидалары мен арнайылығын ескеруді ұсынады. заң құжаты, мəтінді құрастыру, терминология ерекшеліктері, терминдердің жіктелуі, терминологияны қолданудың қағидалары мен арнайылығы, заң хаты
2 А.А. Калиев «Киберқылмыс – жаңа жаһандық қауіп» Мақала авторы киберқылмыстың таралу себептерін, кибершабуылдың даму кезеңдерін, бар киберқауіптер туралы жəне интернеттегі қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шараларды талқылайды. Киберқылмысты дамытуға заманауи технологиялардың əсер ету мəселелері қаралды, осы саладағы ең көп таралған қылмыстардың мысалдары келтірілген. Киберқауіпсіздік мəселелерімен айналысатын компаниялардың зерттеу нəтижелері зерттелді. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, киберқылмыс, IT-технологиялар, интернет, желі, Интернет қылмыс, компьютерлік қылмыс, кибершабуылдар, ботнет
3 Т.Ғ.Маханов «Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін тағайындалатын қосымша жазалардың кейбір мəселелері» Осы мақалада автор қолданыстағы қылмыстық заңнамада көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін тағайындалатын қосымша жазаларға сипаттама жасады. Аталған қылмыстар бойынша сот-тергеу тəжірибесіне талдау жасалды. Оның нəтижесінде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына толықтырулар ұсынылды. Сонымен бірге, аталған қылмыстармен күресуде превентивтік шаралардың маңыздылығын ескере келе, қосымша жазаның алатын орнын ерекшелейді. қылмыс, сыбайлас жемқорлық, жаза, қосымша жаза, сот тəжірибесі, талдау
4 Медиев Р.А.,Лагуткин О.Ю «Оқиға болған жерді қайта құру (3d куəгер)» Бұл мақала қайтақұруды қолдануда процессуалдық және тактикалық аспектілерінің ерекшеліктері және оқиға болған жерді қарау кезінде оның нәтижелерін бекітуді жүзеге асыруды талдауға арналған. Авторлар оқиға болған жерді қарау кезінде 3D – виртуалды шынайылықтың моделдеу жағдайында қайтақұру туралы мәселесі зерттелді, бұл бағдарлама ШҚТ «Іргелі жүйесін талдау» компания (Астрахань қ., Ресей Федерациясы) және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессорлық-оқытушылармен бірлесіп әзірленген. Ұсынылған дәстүрлі дәлелдемелерді жинаудағы ұйымдық-құқықтық механизмі: қылмыс орын көрсететін жазбаша хаттама жасау және бекіту, фото кестесі, дыбыс – бейнежазбаны 3D форматындағы виртуалды шынайылықтың технологиялармен кеңейтуге болады, мысалы «3D виртуалды оқиға болған жерді қарау Редакторы» бағдарламасымен. Сонымен қатар тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде оқиға болған жерді қайтақұруды (3D куәгер) тиімді қолдану, криминалистикалық және сараптамалық зерттеу көрнекі нақты процестік нәтижелерін ресімдеу мүмкіндік береді, нақтылық және көз жеткізерлік тұжырымдар артады, тергеушімен, прокурормен және сотпен сарапшының қортындысын бағалауы жеңілдетіледі. оқиға болған жерді қарау, қайтақұру, ақпараттық технологиялар, оқиға болған жерді виртуалды қарау 3D Редакторы, виртуалдықшындықты 3D-модельдеу, 3D куəгер
5 Р.Р. Нугманов «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылық мәселесі» Мақала қылмыстық құқықтағы заңды тұлғалардың жауапкершілігі мəселесіне арналған. Автормен заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы институтының дамуы жəне шетел мемлекеттерінің заңнамасы бойынша аталған институтты жүзеге асырудың негізі модельдері қарастырылды. Құқықтық əдебиеттерде заңды тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты оң жəне теріс көзқарастарға талдау жүргізіліп, соның негізінде бұл институтты Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізу болашағы туралы қорытынды жасалды. қылмыстық заңнама, қылмыстық құқық, заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі
6 Резник Ю.С «Терроризм ұғымын анықтау мен ұқсас ұғымдардан ерекшелеудің өзекті мəселелері» Бұл мақала терроризм ұғымын, оның сипаты мен арақатынасын, «террорлық акт» жəне «террор» ұғымдарымен ерекшелеу мен өзара қатынасын анықтауға арналады. Мақала төңірегінде қоғамдық даму қыры ретінде терроризмге концептуалдық талдау жасалады, тиісінше террор, терроризм жəне террорлық акт – туындайтын қоғам үшін зардабының мəні, маңызы бойынша айырықшаланатын қоғамдық қатынас иерархияларындағы түрлі сатыдағы құбылыс екендігі анықталды. терроризм, террор, террорлық акт, террорлық қауіп, зорлық, қауіп
7 М.Е. Төлеуова «Кінəні мойындау жəне ынтымақтастық туралы нысандағы процестік келісім жасаудың мəселелі аспектілері» Бұл мақалада автор соттық тəжірибенің біркелкілігі мен дұрыстылығын қамтамасыз ету мақсатында, процестік шешімдерді қабылдаудағы заңдылық жағдайы мен процестік келісім туралы нормаларды саралау негізінде жəне шетелдік тəжірибені зерттей келе қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс білдіруде. Процесстік келісім институты қылмыстық процесстің міндеттерін шешу туралы келіссөздердің нысаны ретінде қажет екені анық. Сондықтан мақалада берілген институттың шетелдік тəжірибесіне тоқтала кетіп, біздің қазақстандық заңнамада қалай жүргізілетіні, жүргізу барысында мəселелері қарастырылды, оларды шешу жолдары ұсынылған. процестік келісім, келісімдік іс жүргізу, ынтымақтастық туралы келісім, тараптардың татуласуы, кінəні мойындау туралы келісім, сот төрелігімен келісу, айыпталушы, прокурор, сот
8 Ли Ю.А «Арбитраждық келісім – арбитраждың іргетасы» Төрелік келісім төрелік етудің негізі ретінде қарастырылуы мүмкін. Онда мүдделі тараптар төрелік соттың беделін жəне сот шешімдерінің заңдылық деңгейін анықтайды. Мұндай келісімге келу дау бар кезге қарағанда тараптардың арасында ешқандай сенімсіздік немесе шиеленіс жоқ кезінде əлдеқайда оңай. Дау қызу жүріп жатқан кезде, əрбір мүдделі тарап тек өзінің қызығушылықтарына бағытталған. Ол келісімінің жеке мəселелері бойынша келісімге келуді қиындаттырады. Бұл мақала арбитражда «Құзыретті-құзыретті» жəне «Бөлектеу» түсініктерінің маңыздылығына баға береді. Мақала төрелік келісімнің төрелік үдеріс кезінде дауларды шешу үшін маңызды деген пікірді қолдайды. Төрелік келісім, Дауларды альтернативті шешу, «Құзыретті-құзыретті» жəне «Бөлектеу» концепциясы, Инвестициялық дауларды шешудің халықаралық орталығы, Халықаралық коммерциялық арбитраж, Нью-Йорк конвенциясы, Заманауи Заң, құқық, сот
9 Б.Ж.Сағымбеков, Р.А Қалиасқаров «Сотқа дейінгі тергеуге процесуалдық жетекшілік жасау мəселесі» Бұл мақалада авторлар Қазақстан Республикасындағы қылмыстық істі тергеу кезіндегі прокурордың іс жүргізуді басқару институтын енгізу туралы мəселелерін қарастырған. Авторлар, процессуалды прокурор өз қызметін ережелер мен Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сəйкес атқару кезінде шын мəнінде процессуалдық басқарумен айналысатыны туралы қорытынды жасаған. Бірақ процессуалды басқару функциясы заңнамада біздің заңнамада бекітілмеген. Функциялардың қайталануын жою мақсатында, прокурор мен тергеу бастығының өкілеттіктерін ажырату туралы ұсыныс жасалынған. Шетел мемлекеттердің оң тəжірибесін енгізу мақсатында, олардың қылмыстық іс жүргізу заңнамалары қарастырылған. Ic жүргізуді басқару деген мағына Италия, Австрия, Украина, Эстония, Грузия жəне Еуропаның басқада мемлекеттерінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасында бекітілген. процессуалды басқару, процессуалды прокурор, сотқа дейнгі тергеу, тергеуші, қылмыстық іс-жүргузу, шетел мемлекеттің заңнамасы
10 А.А. Тынышбаева, А.Қ Махадиева «Қылмыстық түзету мекемелеріндегі сотталушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының психологиялық портреті» Мақала сотталғандардың өзін бұзатын жүрiс-тұрыстарын зерттеуге арналған. Эксперименталді зерттеу Қазақстанның қылмыстық-түзеу мекемелерінде жүргізілді. Пенитенциарлық мекемелердегі сотталғандардың жағдайлары мен ерекшеліктері талданған. Сотталғандардың жеке – психологиялық жəне тұлғалық көріністері ерекшеліктерінде өмір сүруіндегі əлеуметтік ортаның себепті-шартты рөлі көрсетілген. Бұл фактор түрме субмəдениетінде аутодеструктивті мінез-құлықтың болу əсерінің ең маңызды екендігін көрсететін, соның ішінде суицидтік əрекеттер көрсетілген. Бақылауға (дене мүшесіне зақым келтіру актілерін жасаған жəне жасамағандар) қатысты. Зерттеуде қолданылған психодиагностикалық əдістемелер: Басса-Даркидің сауалнамасы, Леонгарда-Шмишека мінездемелік сауалнамасы, Миннесотскийдің көпаспектілі тұлғалық сауалнамасы (MMPI), өмірбаяндық талдау. Түрлі топтардан алынған деңгейде жəне нысанда көрінген агрессивтіліктің маңызды айырмашылықтары сотталғандарда суицидтік қауіпті растайды. Психологиялық зерттеу нəтижелері бойынша қылмыстық-түзеу колонияларында депрессия деңгейі жоғары деген тұжырым жасалды. Болашақта бақылау тобындағы сотталғандар дене мүшесіне зақым жасауы мүмкін. дене мүшесін зақымдау, өзін бұзатын жүрiс-тұрыстар, қылмыстық-түзеу мекемелеріндегі сотталғандар, психологиялық портрет
11 А.А. Смағұлов «Заңсыз миграция саласындағы коррупцияның алдын алудағы шетелдік тәжірибелер» Автор өз мақаласына заңсыз көш-қон саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шетелдік тәжірибелерге кеңінен тоқталып, олардың жағдайы мен себептерін зерттеген. Мақалада «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша Елбасының тапсырмасын орындау жəне бірыңғай электрондық базаны енгізу сырттан келетін қоныстанушылардың қозғалысын дер уақытында анықтауға мүмкіндік беріп, осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың азайуына əкелетіні айтылған. сыбайлас жемқорлық, заңсыз көш–қон, шет ел тәжірибесі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қатынасы

 

№3/2018 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 С.Ж. Бекішева,К.К. Рахметов «Қазақстан Республикасында қоршағанорта салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы» Мақала Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы құқық қорғау органдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша зерттеулер, дөңгелек үстелдер қорытындысы бойынша, бұл тақырып Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы ведомствоаралық ғылыми-зерттеу маңызды деген қорытындыға келді. Ұсынылады: 1) ведомстволық жоғары оқу орындарында экологиялық мәселелер бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруды жандандыру; 2) осы зерттеулердің ведомствоаралық сипатын қамтамасыз ету; 3) қолданбалы мәселелерді шешу үшін зерттеу нәтижелерін жіберу. ведомстволық жоғары оқу орындары, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, қоршаған орта, қоршаған ортаны қорғау, практикалық бағдарлау, экологиялық мәселелер
2 Д.Қ. Қайыржанова «Мұнай ұрлауға байланысты қылмыстардың алдыналу мәселелері» Мұнайдың көлеңкелі айналымының нәтижесі, бюджет кірісінің жоғалуына, ақша қаражатының елден кетуіне, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне, инвестициялық жағдайдың нашарлауына алып келеді.Қарастырылып отырған қолсұғушылықтар қиын әлеуметтік-кері құбылыс болып табылып, және көптеген әр түрлі себептердің кешенімен анықталады (құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б.). Сонымен қатар, мақалада себептердің әсері нәтижесінде пайда болатын негізгі мәселелер көрсетілді және ұйымдастырушылық тұрғыдағы ұсыныстар келтірілген. мұнай, мұнай өнімдері, мұнай ұрлау, құқықтық факторлар, тасымалдау, алдын-алу, кешенді бақылау, ұйымдастырушылық шаралар
3 Р.Р. Нұғманов «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық кірістердізаңдастыруға (жылыстатуға) қарсы тұрудың проблемалары» Мақалада автор қылмыстық кірістерді «жылыстатумен» күресу қажеттілігін негіздейді, бұл бағытта Қазақстан Республикасының жетістіктерін атап етеді. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы әрекет ету және олардың себептері бойынша құқық қорғау саласындағы бірқатар проблемалық сәттер туралы айтылады және оларды шешу бойынша шаралар ұсынылады. Автордың қорытындылары статистикалық деректерді және құқық қолдану практикасын талдауға негізделген. қылмыстық құқық, экономикалық қылмыстар, ақшаны жылыстату, қылмыстық кірістерді заңдастыру
4 Р.К. Сарпеков,С.М. Рахметов «Экологиялық қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу проблемалары» Мақалада біздің мемелекеттің экологиялық жағдайының қауіпсіздігі, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтың қауіптілігі, аталған құқық бұзушылықты жасаудың себептері, олардың қылмыстық шара жауапкершіліктерінің жетіспеушілігі, құқықтық реттеудің және құқық қолдану тәжірибесінің кемшіліктері талданған. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық заңнамалар мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру туралы ұсыныстар бар. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтың қауіптілігі, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың себептері, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық үшін жаза, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліксіз және жазасыз қалдырмау принциптері, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық заңнамалардағы жауапкершілікті жетілдіру
5 А.А. Ешназаров,Р.С. Қалиасқаров «Қылмыстық қудалау кезіндегі жасырынтергеу әрекеттерінің рөлі және олардың жедел-іздестіру іс-шараларыменқатынасы» Бұл мақалада авторлар сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы жасырын тергеу әрекеттері институтын қарастырады, сондай-ақ жедел-іздестіру шараларымен бірге салыстырмалы талдау жасайды. Жүргізілген зерттеу барысында авторлар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіндегі олқылықтарды анықтады, нәтижесінде заңнамаға бірқатар түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар береді. Сондай-ақ авторлар тергеу мен криминалдық полицияны біріктіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. қылмыстық процесс, жасырын тергеу әрекеттері, жедел-іздестіру шаралары, сотқа дейінгі іс жүргізу, Қылмыстық процестік кодекс, жедел іздестіру қызметі
6 Б.Ж. Сағымбеков,Д.О. Бөпежанов «Қылмыстық қудалау саласына құқыққорғау стандарттарын енгізу мен күшейтудің кейбір мәселелері» Аталған мақалада авторлар қылмыстық қудалау саласындағы құқықты қорғау стандарттарды күшейтудің және енгізудің мәселелері қарастырған.Авторлар қылмыстық процестегі адам мен азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық актілерді және шетел мемлекеттердің тәжірибесін зерттеген. Талдау нәтижесінде ұлттық заңнамада заңнамалық реттеуді қажет ететін бірқатар кемшіліктер анықталған. Атап айтқанда, авторлар құқық бұзушыны жеткізу, алып келу, ұстау, қамауда ұстау мерзімдері, көріну міндеттемесі, жақындауға тиым салу мәселелерін көтерген. Анықталған мәселелер негізінде, авторлар қылмыстық іс-жүргузі заңнамасына өзгерістер ұсынды. Аталған ұсыныстар қазақстандық жетекші ғалымдардың қатысуымен «Қосшыдағы пікір алмасу» криминологиялық форумында талқыланған. халықаралық стандарт, қылмыстық процесс, мәжбүрлеу шаралары, жәбірленуші, айыпталушы, сот, прокурор
7 М.Е. Төлеуова «Қазақстан Республикасындағы парақорлық субъектілерінқылмыстық жауапкершілікке тартуды құқықтық реттеу» Мақала автор парақорлыққа қарсы тұру және парақорлық субъектілерінің қылмыстық жауапкершілігін салыстырмалы құқықтық талдау үшін қылмыстық-құқықтық шараларды қарастырады. Сонымен бірге, автор қылмыстық заңнамаға қазақстандық азаматтардың қылмыстық жауапкершілігін, Қазақстан аумағында тұратын басқа да тұлғаларды пара беру және басқа да лауазымды тұлғаларды пара беру үшін реттеуді. Шетелдік лауазымды тұлғаларға қарсы жасалған әрекеттер үшін жауапкершілікті қамтамасыз етуді ұсынады. пара беру, пара алу, парақорлық, сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл, қылмыстық жауапкершілік, парақорлық субьектісі, шетелдік лауазымды тұлғалар, халықаралық стандарттар
8 Э.Б. Хатов «Ресей Федерациясы прокуратурасында біліктілікті арттыружәне кәсіби қайта даярлаудың кейбір аспектілері» Мақалада прокуратура органдарында сонымен бірге шет мемлекеттерде біліктілікті арттыруды практикалық жүзеге асырудың салыстырмалы және өткенді шолу мазмұның саралау қаралған. Ресей прокуратурасы органдарында біліктілікті арттыру бойынша сұрақтарды реттейтін негізгі құқықтық актілер көрсетілген. Автормен прокуратура жүйесінде біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау формасы дифференцияланған. Мысалдармен көрсете отырып прокурорларды даярлаудың кең ауқымды формасын қолданудың қажеттілігін дәлелдеп көрсетіп және осы бағытта жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар қарастырған. прокуратура жүйесі, кадрлармен жұмыс, біліктілікті арттыру, кәсіби қайта даярлау, оқыту, формалар, жұмысты ұйымдастыру
9 Ғ.Т. Мұқы «Қазақстандағы капиталдың шетелге заңсыз әкетілуі: заманауитенденциялар және қарсы тұру жолдары» Мақалада Қазақстаннан капиталдың заңсыз шет елге әкетілуін болдырмаудың өзекті мәселелері қарастырылып, осы саладағы үрдістер анықталған. Мақалада көрсетілгендей, Қазақстандағы заңсыз капитал ағымымына қарсы тұру тиімділігі қарастырылып отырған саладағы заңнамалық базаның тиісті деңгейде дамымағандығына байланысты. Автор капиталдың заңсыз әкетілуімен күресті күшейту және оның алдын алу бойынша ұсыныстар жасаған және нақты шаралар кешені әзірленген, ол мұндай қызмет түрін анықтап қана қоймай, сондай-ақ оның алдын алуға мүмкіндік береді, жосықсыз заңды тұлғаларға заңды айналшықтап, ақша қаражаттарын шет елге кетуіне мүмкіндік беретін заңнамалық ақауларды түзетуге мүмкіндік береді. капитал, оффшорлық аймақ, қаржы, салық, экономика, капитал заңсыз, ақшаны жылыстату
10 А.А. Нұрбеков «Ұрланған активтерді қайтарудың халықаралық тәжірибесі» Мақалада АҚШ, Ұлыбритания және Швейцарияның мысалында шет мемлекеттерде ұрланған активтерді қайтаруға байланысты мәселелер талданады. Шет елдерде активтерді қайтару тәртібін реттейтін қолданыстағы заңнамалық актілер қарастырылды. Шетелдік мемлекеттердің ұрланған активтерді қайтару әдістемесі ашылды. ұрланған активтерді қайтару, ұрланған активтерді қалпына келтірудегі шетел тәжірибесі, қылмыстық тәркілеу, азаматтық тәркілеу, активтерді тәркілеу, ақшаны жылыстату, активтерді қатыру
11 Т.Б. Шукетаева «Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардықылмыстық жауапкершілікке тартудың проблемалары» Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігіне тарту мәселесі ғалымдар арасында тұрақты пікірталас тудырады. Мақалада автор заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін бекіту туралы жақтаушылары мен қарсыластарының ғылыми келіспеушілігін талдайды. Жалпы мақалада автор жүргізілген зерттеулер негізінде Қазақстан Республикасы үшін заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізудің сөзсіз екендігі қорытындысынакеліп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабына тиісті толықтырулар енгізуді ұсынады. заңды тұлға, қылмыстық жауапкершілік, қылмыс, қылмыстық кодекс, әрекет, кінә, трансұлттық қылмыс

 

№4/2018 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Ким О.Я.,М.С. Есімова «Қазақстан Республикасында әкімшілік әділетинститутын дамыту» Бұл мақала әкімшілік әділет институтын зерттеуге және оның Қазақстандағы дамуына арналған. Мақалада «әкімшілік әділет» терминіне, оның пайда болуының қысқаша тарихына түсініктеме беріледі. Сондай-ақ біз оның Қазақстан Республикасында даму мүмкіндігі бағыттары мен Қазақстан Республикасы әкімшілік процедуралық-іс жүргізу кодексінің жобасына өңдеп және енгізу қажеттілігін қарастырамыз. әкімшілік юстиция, мемлекеттік органдар,әкімшілік процедуралық-іс жүргізу кодексі, құқық үстемдігі, әкімшілік соттар
2 А.М. Әлібекова «Қазақстан Республикасының заңнамалары бойыншаайналыстан алынған заттар немесе айналысы шектелген заттарконтрабандасы үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершілігі туралынормаларын жетілдірудің кейбір аспектілері» Мақала авторы Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасы бойынша айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасының қылмыстық-құқықтық талдауларын жүргізеді.Қарастыралып отырған қылмыстық әрекетті жасайтын арнайы субъектілердің қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселе қаралады. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы үшін жауапкершілік туралы қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру шаралары ұсынылады. айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы, экономикалық контрабанда, қылмыстық жауаптылық, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы, қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі
3 Н.Ш. Жемпиісов «Виктимиологиялық жүйе құру қажеттілігі туралы» Осы мақала қылмыстың алдын-алу бағытындағы жәбірленушілік бағыттағы құбылысқа және оның маңыздылығына арналған. Қылмыстың алдын алу бойынша ұлттық жүйе құруға ерекше назар аударылады, бұл қылмыстың алдын алудың ең тиімді стратегиясының бірі болып табылады. қылмыс, алдын-алу, құрбаншылық, виктимизация, стратегия, әрекеттер, қарсы әрекет
4 Н.К. Иманғалиев «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі мұнайгаз құбырымагистраліне рұқсатсыз ойып қосылу ұғымы» Мұнайгаз саласында ең көп таралған қылмыс жасау тәсілдерінің бірі мұнайқұбырына рұқсатсыз ойым болып табылады. Мақалада автор рұқсатсыз ойымның түсінігін, сондай-ақ ойым түрлерінің сипаттамасын қарастырған.Аталған мәселе бойынша ғылыми әдебиеттер мен мұнай компанияларының басшылық құжаттарын талдауды есепке ала отырып рұқсатсыз ойым түсінігіне авторлық анықтамасы ұсынылған. рұқсатсыз ойым, мұнай ұрлау, магистралды мұнайгазқұбыры, мұнай компаниясы, көлеңкелі айналым, басшылық құжат
5 Загиней З.А. «Украинадағы заңды тұлғаларға қатысты қылмыстық-құқықтық шаралар қолданудың ерекшеліктері: қылмыстық кодекстің негізгі ережелері» Украина заңнамалары бойынша заңды тұлғаларды квази-қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктері туралы зерттеулер жүргізілген. Олардың уәкілетті тұлғалары қылмыс жасаған жағдайда заңды тұлғаларға қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану мүмкүндіктері қарастырылған; уәкілетті тұлғамен жасалған қылмыстардың заңды тұлғалармен байланысы туралы; уәкілетті тұлғамен жасалған қылмыстарға байланысты заңды тұлаларға қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану кезінде кейбір жағдайларды ескеру; заңды тұлғаларды қылмыстық-құқықтық шаралар қолданудан босату мен уәкілетті тұлғаның мінез-құлықының қарастылығы; мемлекеттің жеке тұлғамен (уәкілетті тұлғаның) және заңды тұлғамен жасалған қылмыстарға ден қоюының процестік тәуелділігі. квази-қылмыстық жауапкершілік, заңды тұлға; қылмыстық-құқықтық шаралар, уәкілетті тұлға, заңды тұлғаның мүддесінде қылмыс жасау; заңды тұлғаның атынан қылмыс жасау; шара қолданудан босату; сезік туралы хабарлау; қылмыстық іс жүргізу
6 Филипец О.Б. «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамаларынреформалау жағдайындағы «қылмыстық теріс қылық» категориясы» Мақалада кейбір шет мемлекеттердің қылмыстық заңнамасының нормалары және қылмыстық құқық бұзушылық туралы теориялық ұстанымдары талданды. Қазақстан Республикасының бұрынғы қылмыстық заңнамасында қылмыстық құқық бұзушылық түсінігі пайдаланылмаған, сондықтан ол жаңа болып саналады. Бұл қылмыстық құқық бұзушылық туралы әртүрлі авторлардың ғылыми көзқарасын талдауды қамтиды. Мақалада қылмыстық құқы бұзушылықтың кейбір заңнамалық мәселелері қарастырылды және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қарастырылған қылмыстық жазаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. қылмыстық заң, қылмыстық құқық бұзушылықтар, қылмыс, қылмыстық теріс қылық, жаза, кәмелетке толмағандар
7 И.Г. Каланча «Электронды қылмыстық іс жүргізудің алгоритмі» Мақалада қылмыстық процестік қызметтің қасиеттері электронды қылмыстық процестік процедуралар аспектілерінде қаралады.Электронды қылмыстық іс жүргізуді бағдарламалық қамтамасыз етудің негізін жасау мақсатында, қылмыстық іс жүргізу алгоритмінің вербальды формасын математикалық форматқа ауыстыру ұсынылады. Қылмыстық іс жүргізу кезінде тиісті құқықтық процедураларды сақтау мақсатында, электрондық қамтамасыз ету үшін фракталдық геометрияны қолдану әдісі жазылған. қылмыстық процесс, электронды қылмыстық іс жүргізу, алгоритм, фрактал, электронды жүйе
8 Филатова У.Б,Семерьянова Н.А. «Жермен тығыз байланысты кейбіробъектілердің азаматтық-құқықтық квалификациялық ерекшеліктері» Мақалада РФ Азаматтық кодексінің 130 бабында келтірілген «жер телімімен тығыз байланыс» анықтамасынан шығатын бір ғана жылжымайтын мүлік белгілерін квалификациялаудың өзекті мәселелері қарастырылған. Жылжымайтын немесе жылжитын мүлік екенін анықтайтын осындай белгілер ТМД-ның басқа да елдерінің азаматтық кодекстерінде бекітілген. Авторлармен технологиялық және инженерлік жабдықтаулар азаматтық құқықтық объектілері ретінде мысал келтіріле отырып, «жер телімімен тығыз байланыс» квалификациялық белгісі құқық қолданушы үшін жеткіліксіз екені көрсетіледі. Сол себептерден олар берілген мүлікті дұрыс квалификациялаудың қосымша критерийлерін іздеуге мәжбүр.«Жылжымайтын мүліктің» құрылымын анықтау барысында азаматтық заңнамалар емес, құқықтың басқа салаларының нормалары қолдану жағдайлары кездеседі, мысалы, қалақұрылыс кодексінің нормалары, немесе бұл мәселеде шешуші рөлді құқыққа ешқандай қатысы жоқ, бухгалтерлік мәліметтерге артады. Сондай қолдаушылардың қатарында мүліктің құқықтық квалификациясын салық салу ерекшеліктерімен байланыстыратын, салық органдары бар.Қарастырылып жатқан объектілердің категорияларында квалификациялық біркелкілік жағдайдың болмауы, негізсіз салық салуға немесе оларды салық салу базасынан негізсіз алып тастауға апарады.Авторлар теориялық ережелерді жан-жақты зерттеу нәтижесінде инжинерлік жабдықтар, егерде келісім-шартпен өзгеше жағдайлар қарастырылмаса барлық уақытта жылжымайтын мүлік болып табылады, деген шешімге келді. Себебі ол басты, басқа және жалпы байланысқа арналған мүлікке қызмет көрсетуге арналған, басты мүліктің тағдырымен байланысты.Технологиялық жабдық, нақты жабдықтың түрлеріне тәуелді әр түрлі азаматтық-құқықтық режимде болуы мүмкін.Басты мүліктің тағдырымен, қызметімен байланысты және оның құқықтық режиміне бағынатын, орнын өзгерте алмайтын ғимараттар мен құрылыстарға қарасты жабдықтар, азаматтық айналымда бір-біріне өзара байланысты кешенді күрделі заттар қатарында болады.РФ Азаматтық кодексінің 133.1 бабына сәйкес жылжымайтын зат болып табылып, айналымға тұтас объект ретінде қатысып, технологиялық жабдықтардың жалпы жылжымайтын кешеннің құрамына кіруі мүмкін.Ал, бұдан басқа барлық жағдайларда технологиялық жабдық жылжымалы зат болып табылады және оның салық салу режимі болжанады. азаматтық құқықтың объектісі, жылжымайтын мүлік, жылжымалы мүлік, инжинерлік жабдық, технологиялық жабдық
9 Г.Е. Әубакірова «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққақарсы іс-қимыл саласындағы статистикасын кейбір мәселелері» Осы мақалада автор азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын және әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың проблемалық сұрақтарын қарастырады. Ресми статистика қылмыстылықтың барлық жағынан толық көлемде қамти алмайды, осыған байланысты қаралып отырған сала жоғары латентті деңгейде болады.Жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша автор сотқа дейінгі қылмыстылықтың біріңғай тізілімінің автоматтық базасын жетілдіру жолымен латенттілікті төмендету туралы өзінің ұсыныстарын береді. тұрмыстық зорлық-зомбылық, латенттілік, ана мен баланы қорғау, әйелдер құқықтарын қорғау, статистика, гендерлік саясат
10 Т.Б.Ерекешев,Н.К. Иманғалиев «Қылмыстық-атқару заңнамаларынжетілдірудің кейбір мәселелері» Заңнаманы ізгілендіру қорытындысы бойынша жыл сайын елдегі пробация қызметінің есебіндегі тұлғалар саны ұлғайып жатыр. Авторлармен мақалаларда пробация қызметінде қолданылып отырған құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтар, оларды жою аталған қызметтің мүмкіндіктерін ұлғайтуға септігін тигізіп, күштер мен әдістердің оған балама бас бостандығынан шектеу орындарына жіберу қарастырылады. пробация қызметі, есептегі тұлға, құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтар, пробациялық бақылау, ақтау, бейімдеу