Аннотациялар – 2017 жыл

№1/2017 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың  Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Ұ.С. Байжанов «Прокуратура органдары және басқа құқық қорғау органдары үшін заң кадрларын дайындауды жетілдіру мәселелері» Мақалада стратегиялық бағдарламалық құжаттарға сай келетін, елдегі жоғары заңгерлік білім берудің даму тенденциялары қарастырылған. Қазақстанда және шет елдерде заңгерлерді дайындаудың салыстырмалы-сапалы талдауы жүргізілген. Мақала авторымен президенттік резервті және прокуратура органдарының жас мамандарын апробацияланған әзірлеу моделі, сондай-ақ Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының негізгі даму тенденциялары мен перспективалары берілген. Құқық қорғау органдары үшін заңгер кадрларды әзірлеуді одан әрі жетілдірудің нақты шаралары ұсынылған. заңгерлік білім беру, құқықтану, Құқық қорғау органдары академиясы, Президенттік резерв, жас мамандар, құқықтық мәдениет, заңгер кадрларды даярлау, құқықтық саясат, құқық қорғау органдарындағы кадрлық саясат, заңгерлік білім берудің шетел тәжірибесі
2 Н.Н. Турецкий «Қазақстандағы заң білімін беру сапасының мәселелері туралы» Мақалада заң білімін беруді жетілдіру мәселелері қарастырылған. Қазақстанда 125 жоғары оқу орны жұмыс істейді, сонымен бірге олардың 50% заңгерлерді даярлайды. Сонымен қатар, отандық нарықта заң қызметін көрсетудің саны сапасынан асып түседі және заңгерлердің жартысынан көбі сұранысқа ие болмай қалады. Практика қалыпты емес, сыни ойлы, заң мамандығының жаңа құқық қолдану практикасын және стандартын қалыптастыруға қабілетті заңгерлерді күтеді. Дәл осындай заңгерлерге құқықтық мемлекетті дамытуда және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі стратегиясын орындауда айтарлықтай роль беріледі. Автор заң білімін беруді реформалаудың өзектілігін негіздейді және заң білімін берудегі талаптарды қайта қарауды ұсынады, сондай-ақ бірқатар басқа да ұсыныстарды айтады. заң білімін беру, құқықтану, құқық саласы, оқу процесінің сапасы, заңтану, заңгер мамандығының стандарттары, құқықтық мәдениет, заңгерлерді даярлау, құқықтық саясат, заңнама
3 Ф.Н. Жақыпова «Мемлекеттік қызметкерлерге кәсіби білім беру: қазіргі жағдайы және болашағы» Мақалада бес институционалды реформа және 100 нақты қадам шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруды жетілдірудің проблемалы мәселелері ашылған. Мақала авторымен, сонымен қатар, Мемлекеттік басқару академиясының негізгі болашағы және даму тенденциялары анықталған. мемлекеттік қызмет, жаңғырту, кадрлық саясат, кәсіби білім беру, біліктілікті арттыру, оқыту әдісі
4 Д.Л.Байдельденов «Сот және құқық қорғау органдары үшін жоғары білікті заң кадрларын дайындаудың ғылыми-әдістемелік мәселелері» Мақалада 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында Қазақстанның судьялар корпусы қызметінің тиімділігін жоғарылату механизмдері қарастырылған, соттың басты мақсаты және тағайындалуы ашылған. Сондай-ақ автормен қазіргі заманғы заңгерлік білім беру жүйесін жетілдіруге ғылыми тәсілдерін әзірлеудің өзекті мәселелері ашылған. Бар проблемаларды және әлемдік тәжірибелерді талдау нәтижелерін есепке ала отырып заңгерлік білім беру жүйесі мен мазмұнын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізілген. заңгерлік білім беру, құқықтану, сот жүйесі, құқықтық мәдениет, заңгер кадрларды даярлау, құқықтық саясат, заңгерлік білім берудің шетел тәжірибесі
5 А.А. Сабитова, О.Б. Хусаинов «Қазақстан дамуының қазіргі кезеңдегі заң білімін берудің негізгі мәселелері» Мақала Қазақстан Республикасындағы заң білімін берудің қазіргі мәселелеріне арналған. Авторлар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сапалы заң білімін беру саласындағы заманауи сын-тегеуріндермен өзара байланыстылығын айқындайды. Авторлар заң білімін беруші ұйымдарға бәсекелестік ортаның жасалғанына қарамастан олардың беретін білім беру қызметтерінің сапасы артпағанын пайымдайды. Қазіргі заманауи заң білімін беру мазмұнын жетілдіру бағыттарының бірі ретінде құқықтық ғылымның халықаралық құқықтық қырларын неғұрлым кеңінен игеру қажеттігі атап өтілген, өйткені қазіргі заманғы жаһанданушы қоғамда тек ұлттық құқықтық деңгейде ғана білімі болатын маманның еңбек нарығында өз әлеуетін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндіктері ұлттық заңнаманы да, халықаралық құқықтықты да бірдей игерген маманға қарағанда анағұрлым төмен болады. құқықтану, білім, ғылым, оқытушы, халықаралық құқық, оқыту әдістемесі
6 С.П. Мороз «Қазақстандағы жоғары заң білімін беру және заң ғылымының қазіргі мәселелері» Мақала Қазақстан Республикасындағы заң білімін берудің мәселелі аспектілеріне арналған. Автор заң мамандығы түлектерінің теориялық және тәжірибелік даярлығы сапасының төмендеуін заң саласындағы негізгі пәндердің игерілуіне бөлінетін уақыт мөлшерінің күрт төмендеуіне әкеп соққан кредиттік оқыту технологиясының енгізілуімен және іске асырылуымен байланыстырады. Сондай-ақ, автор кредиттік технология қағидаларының іске асырылуындағы біржақтылықтың орын алғандығына да назар аударады – ол орта және жоғары білім берудегі оқытудың технологиясы және әдістемелерінің үндестігінің сақталмайтындығы. Сонымен бірге, автор университеттердің негізгі жұмыс берушілермен байланыстың әлсіреуі де жоғарыда айқындалған мәселемен тікелей байланысы болатынын атап өткен. Айқындалған мәселелі аспектілер негізінде автор олардың шешу жолдарын анықтай отырып, заң білімін беруді жаңа сапалы дәрежеге шығаруды ұсынады. заң білімін беру, заң ғылымы, кредиттік технология, оқыту әдістемесі, оқыту сапасы, оқу процесі, шет елдердің білім беру жүйесі
7 А.А. Абуталиева, Г.А. Аубакирова «Дәріс оқуда инновациялық технологияларды қолдану туралы» Мақала құқықтық пәндер бойынша дәріс өткізуде инновациялық технологияны пайдаланудың тәжірибелік мәселелеріне арналған. Авторлар құқықтық пәндерді оқытудың әдістемесі мен әдістерін жетілдіру қажеттігін атап өте тұра заңгер мамандарды даярлаудың бұрыннан қолданыста болған технологиясының күн санап өзектілігінен айырылып келетіндігін де атап өткен. Дәріс жүргізудің бірсарындылығы, басым көпшілігінде ақпараттың ауызекі нысанда берілетіндігі дәріс материалдарының табысты игерілуіне қолғабыс бола алмайтындығы тұжырымдалады, ал ол, өз кезегінде, сабақ жүргізудің дәстүрлі әдістерін оқытудың инновациялық технологияларымен үйлестіру қажеттігін көкейкесті етеді. Сонымен бірге, авторлар инновациялық технологиялардың белсенді қолданыста болуы да межеленген нәтижелерге қол жеткізуге кепіл бола алмайтындығын атап өтеді. Авторлар инновациялық технологияларды пайдаланумен дәріс жүргізудегі оқытушылардың жіберетін қателіктерінің үлгілерін анықтаған. инновациялық технологиялар, кадрлар дайындау, дәріс, семинар, рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, конференциялар, диспуттар, диалогтар, мәселелі оқыту, дербес жұмыс
8 Р.А. Медиев,  О.Ю. Лагуткин «Криминалистикалық полигон жағдайында практикалық сабақтарды жүргізудің жаңа әдісі (оқиға орнын виртуалды қарау)» Мақалада білім берудің заманауи әдістерінің енгізілуін қажет ететін білім беру бағдарламаларын жаңғыртудың қазіргі таңдағы тенденцияларының сұрақтары қарастырылған. Білім беру процесінде жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі және оқытуда құзырлылық жолдың пайдаланылуы білім берудің тиімділігін арттыра түседі. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Букенбаев атындағы Ақтөбе заң институты да криминалистикалық полигон жағдайында (оқиға орнын виртуалды қарау) тәжірибелік сабақ өткізудің жаңа әдістемесін енгізе отырып, осы жолды ұстануда. Құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлерін даярлаудың өзекті мәселелерінің бірі болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникативтік құзырлықтарын қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану әдістерін әзірлеу болып табылады. криминалистика, криминалистикалық полигон, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Букенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, білім берудің инновациялық үлгісін енгізу, «Талдаудың іргелі жүйелері» ООО, РФ, «Оқиға орнын виртуалды қарау: Версия 3.0»
9 В.Н. Титова «Ресей Федерациясының Бас Прокуратурасы академиясының кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру факультетінде оқитын тыңдаушылармен интерактивті оқу сабақтарын әзірлеу және өткізу» Мақала Академияда біліктілігін арттырушы прокуратура қызметкерлеріне оқытудың инновациялық әдістерін пайдаланумен өткізілетін оқу сабақтарын ұйымдастыру бойынша сұрақтарға арналған. Автордың пайымдауынша, оқытудың әр алуан әдістерінің ұтымды үйлестірілуі прокуратура органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін табысты атқаруында қажет болатын белгілі бір қасиеттерінің, құзырлықтарының қалыптасуының кепілі бола алады. Сонымен бірге, білім берудің интерактивті әдістері тыңдаушылардың беймәлім болған қабілеттерін анықтауға, сол сияқты оқытушының аудиториямен кері байланысын тез арада орнықтыруға мүмкіндік береді. Академия тыңдаушысы, білім, дағды, прокуратура қызметкері, заң бұзушылық, тәжірибелік сабақ, іскерлік ойын, тәжірибе алмасу, тренинг, оқытушы
10 Г.А. Куаналиева «Оқытудың интеракивті әдістерін қолданудың кейбір мәселелеріне» Мақала авторымен заңгерлік білім беруді жетілдіру талаптарына сай білім беру процесіне инновациялық технологияларды белсенді енгізу мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ интерактивті тәсілдің түсінігі мен міндеттері және білім берудің қолданылатын заманауи модельдері ашылған. Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ мысалында апробацияланған дәстүрлі емес нысандағы дәрісті өткізу формасының артықшылықтары ашылған: проблемалық дәрістер, пікір сайыс-дәрістер, пресс-конференция нысанындағы дәрістер және т.б. заңгерлік білім, білім берудің инновациялық технологиялары, интерактивті әдістер, білім беру моделі, білім беру сапасы, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, оқытушы, білім беруді жаңғырту
11 Ханс–Йозеф Блюмензатт «Германияда сот және құқық қорғау органдары үшін заң кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі мен үлгісі» Мақала авторы Германиядағы сот және құқық қорғау органдары үшін заң кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру мәселелерін баяндайды. заң білімін беру, оқыту үлгілері, білім беру сапасы, білім беруді жетілдіру
12 М.Г. Аубакиров,  Э.Р. Хисамутдинова «Заң кадрларын даярлауда АҚШ, Ұлыбритания, ГФР, Жапония және Корея Республикаларының тәжірибесі» Мақалада кейбір шет елдердегі (заң білімін берудің роман-германдық және англо-саксондық үлгілері) заңгерлерді даярлау жүйесі мен үлгілері қарастырылып, сондай-ақ елдер бойынша жұмыс істейтін заңгерлердің саны туралы мәліметтер жинақталған. Кез келген елдің құқықтық жүйесінің тиімді қызмет етуі болашақ заңгерлерді сапалы даярлауда, сондай-ақ осындай дайындықты қамтамасыз ете алатын жоғары кәсіби жоғары оқу орындарын қатаң іріктеуге тәуелді. Сондықтан дамыған елдерде де осы мәселеге едәуір көңіл бөлінеді. заң білімін беру, құқықтану, құқық салалары, оқу процесі, заңтану, заңтану мамандығының стандарты, заңтану мамандығы, заңгерлерді даярлау
13 С.Н. Будай «Басшылық кадрлардың пәрменді резервін жасақтау мақсатында ресейлік прокурорларды кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын іске асыру» Мақала ресейлік прокурорларды қосымша кәсіби бағдарламалар бойынша оқытудың өзекті мәселелеріне арналған. Автор қала, аудан және оларға теңестірілген прокурорлардың лауазымдарына кадрлар резервінде тұратын прокурорлық қызметкерлерді кәсіби қайта дайындықтан өткізудің ұйымдастыру-құқықтық қырларына назар аударады. кәсіби қайта даярлау, кадрлармен жұмыс істеу, прокуратура қызметкерлері, жетекші, кадрлар резерві, біліктілік сипаттамасы
14 Н.Р.Ахметзакиров, Е.Н. Бегалиев «Ведомстволық оқу орындары жүйесінде академиялық адалдық механизмін енгізу (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары академиясының мысалында)» Мақалада академиялық адалдық этимологиясына, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының мысалында ведомстволық жоғары оқу орындарының қызметінде оның жүзеге асырылуына құрылымдық талдау жасалған. Авторлар ведомстволық жоғары оқу орындарындағы білім алушылар тарапынан да, ғылыми қызметкерлер тарапынан да жүргізілетін ғылыми ізденістер мен материалдарда бөтеннің еңбегін көшірудің көп болуының негізгі себептерін келтірген. Көшіру технологиясы мен техникасының даму деңгейін ескере отырып, авторлармен білім беру туралы құжаттардың түпнұсқалығын қорғаудың сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жүргізу ұсынылады. білім беру, адалдық, заңдылық
15 Г.Л. Куликова «Тыңдаушылардың білім сапасын арттыру мәселелері және жолдары» Прокуратура қызметкерлерінің, оның ішінде Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы академиясында да біліктілігін ұдайы арттыру арқылы білімін немесе дағдыларын толықтырып отыруы олардың қызметтік өкілеттіліктерін ойдағыдай жоғары деңгейде орындауын қамтамасыз етеді. Оқытушы қызметі, оның ішінде оның тәрбиелік сипаттағы да қызметі күтілетін нәтижелердің қандай болатындығын анықтайтын соңғы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған болуы керек: білімінің жоғары деңгейі, білім алуға жақсы ниеттің қалыптасуы, білім мен дағдылыққа қызығушылық, сол сияқты оларды күнделікті қызметінде қолдануға ұмтылыс. тыңдаушылар, прокуратура қызметкерлері, білім сапасы, оқыту әдістемесі, оқыту қағидаттары, оқытушы ролі
16 Н.А. Кулакова «Тәлімгерлік – Ресей Федерациясы прокуратура органдары үшін кадрларды даярлау жүйесінің элементі ретінде» Мақала Ресей Федерациясы прокуратура органдары үшін кадрларды даярлау жүйесінің маңызды құраушысы болып табылатын тәлімгерлік мәселесіне арналған. Автор осы сала қолданысындағы құқықтық негіздерді талдай келе тәлімгерлік қызметінің құқықтық реттелуі мен ұйымдастырылуының сұрақтарын қарастырады. Тәлімгерлік туралы үлгілік ереженің ережелік сипаттамасына ерекше көңіл бөлінген. жас мамандар, ұстаздық, прокурорлық қызметкер, кадрлар даярлау
17 И.А. Шалкарова «Жедел іздестіру қызметін жүргізетін ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлауда фрустрациялық толеранттылықты қалыптастыру» Мақалада жедел іздестіру қызметін жүргізетін ішкі істер органдарының қызметкерлерінің тұлғаларының келеңсіз өмірлік факторлардың ықпалына төзімділігін қалыптастырудың өзекті сұрақтары қарастырылған. Автор жедел іздестіру қызметін жүргізетін ішкі істер органдарының қызметкерлерін дайындауда фрустрациялық толеранттылықты қалыптастырудың негізгі бағыттарын қарастырған. фрустрация, фрустрациялық толеранттылық, жедел іздестіру мамандануы, жедел іздестіру қызметінің субъекттері

 

№2/2017 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 К.К. Айтхожин «Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі конституцияның үстемділігі туралы» Мақаланың авторы өзінің және басқа ғалымдардың дәлелдерін келтіре отырып, үстемдік ретіндегі Конституцияның негізгі ерекшеліктерін және олардың қолданыстағы құқықтағы жоғарғы заңдық күшін мазмұндайды. Бұдан бөлек, оларға тұжырымдама жасаған. Осындай тетіктер Конституцияның аталған ерекшеліктерін іске асыруды қамтамасыз етеді. Конституция, ұлттық еркіндікті тасушы, үстемдік оның нормалары, қолданыстағы құқық, Конституцияны өзгертудің ерекше тәртібі, конституционализм, конституциялық бақылау, Конституциялық Кеңес
2 М.А. Кызылов, Д.А. Ким «Әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар бойынша енгізілген ұсыныстарды есепке алу мәселесі туралы» Мақалада әкімшілік құқықбұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарастыруға уәкілетті лауазымды тұлғалар шығарған ұсыныстарды құқықтық статистика және арнайы есептер органдарымен тіркеу сұрақтары қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алудың аталмыш шарасының маңыздылығы, құқықтық табиғаты және оны қолданудың құқықтық салдары ерекше басып айтылған. Авторлармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жайлы мәліметтерді арнайы тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнамаларға сараптама жүргізілген. Мақалада әкімшілік құқықбұзушылықтар мен мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер жайлы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен тұжырымдар реті берілген. тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік; құқықбұзушылықтардың алдын алу; әкімшілік құқық бұзушылық; әкімшілік жауаптылық; әкімшілік құқықбұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайлар; мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есептер; прокурорлық қадағалау
3 А.А.Сазанбаев «Кепілдің құқықтық табиғаты» Мақалада кепіл ұғымының және құқықтық табиғатының мәселелері қарастырылады. Авторлар міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің негізгі құралы ретінде кепілдің негізгі белгілеріне ерекше назар аударады. Азаматтық кодекс, кепіл, кепіл беруші, кепіл ұстаушы, міндеттеме, несие беруші
4 Юдаков К.И. «Азаптау үшін қылмыстық жауапкершілікті жетілдіру туралы» Осы мақалада азаптау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ережелеріне өзгертулер мен то­лықтырулар бойынша бірқатар ұсыныстар айтылған. Мақалада халықаралық құжаттардан ұғым ретінде алынған «азаптау» терминіне түрлі талқылар берілген. Мақалада азаптау үшін қылмыстық жауапкершілікті дамытумен қажетті қорытынды ұсынылады. азаптаулар, қасақана денсаулыққа зиян келтіру, ұрып-соғу, қинау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер, қауіп-қатер, жала жабу, қорлау, азаптау үшін қылмыстық жауапкершілікті жетілдіру
5 А.Б. Казбекова «Террористік және экстремистік қылмыстарға криминологиялық болжам мәселелер» Осы мақалада статистикалық деректердің негізінде криминологиялық талдау жасалған және экстремистік және террорлық қылмыстылықтың ең көп таралған түрлеріне криминологиялық болжау әдісінің бір түрі қолданылған. терроризм, экстремизм, криминологиялық болжау, экстраполяция
6 Турецкий Н.Н. «Қорқыныш немесе үрейлену жағдайындағы қажетті қорғаныс» Мақалада автормен «Қорқыныш немесе үрейлену жағдайындағы қажетті қорғаныс» мәселелері қаралып, қорқыныш пен үрейлену жағдайындағы қажетті қорғаныс шегі асырылып жіберілген кездегі ҚР ҚК 66-бабының қолданылуы айқындалған. қажетті қорғаныс, қорқыныш, үрейлену жағдайы, қажетті қорғаныс шегін асырып жіберу, қорғаныс кезіндегі сасқалақтық
7 Г.Ж. Сүлейменова, Р.А. Медиев «Оқиға болған орында тергеушінің ісін автоматтандыру» Оқиға болған орынды тексеру ерекше маңызды тергеу ісі болып, ал оны өткізудің тиянақтылығы сотқа дейінгі тергеу ісін толық әрі сапалы іске асуын қамтамасыз етеді. Алайда, тәжірибеде тергеу істері бүгінгі таңға дейін оқиға болған орынды тексеруді өткізу барысында жоспарларды (схемалар) миллиметрлік масштаб қағазына немесе блокноттарға белгілеп алынады. Аталған ғылыми мақалада авторлар планшеттерде, смартфондарда немесе ноутбуктарда және персоналдық компьютерлерде бағдарламалық қамтамасыздандыру көмегі арқылы тергеушінің жұмысын автоматтандыру ұсынылады. Бұл өз кезегінде оқиға болған орынды тексеруді сапалы тексеріп қоймай, айғақтарды жинау мен талдау жасауды тез әрі уақытында өткізу, сонымен қоса ақпараттардың қайталануы, айқындалмауы, қателігі, жоғалуы тәрізді мәселелердің алдын алуға септігін тигізеді. оқиға болған орынды текеру, тергеу әрекеттері, жоспарлар (схемалар), тергеушінің ісін автоматтандыру, мобилді жұмыс орны, тұрақты жұмыс орны, 3D, 2D моделдеу
8 У.К. Патсаев «Қажетті құзыреттіліктері бар топ тұлғаларымен қылмысты тергеу процесінің генесизі» Аталған жұмыста тарихи шолулар арқылы бір топ тұлғалармен қылмыстарды тергеу институтының қалыптасу және даму мәселелері қарастырылады. Мемлекеттердің пайда болуын мен мемлекеттерді зерттеу ерте заманнан бастап қылмыстық құқық саласына жататын құқықтық жанжалдардың бар екендігін анықтауға мүмкіндік жасады. Бір топ тұлғалармен қылмыстық пайда болуларды тергеудің басымдылығы қоғамның көзінше соттық талқылаудың жылдамдығын, жан-жақтылығын, объективтілігін және әділдігін қамтамасыз етеді. топтық тұлғалардың қылмыстарын тергеу, прокурор, мемлекеттік билік мүддесін қадағалау, инквизиция, арнайы прокурор
9 С.Г. Темірболатов «Қылмыстық процестегі жәбірленуші мен куәгердің мәртебесін өзгерту қажеттілігінің кейбір мәселелер» Мақалада қолданыстағы қылмыстық-процесуалдық Кодекстің «плюстері» мен «минустері» және жәбірленуші мен куәгердің мәртебесі туралы айтылады. Сондықтан, аталған «плюстер» мен «минустерді» жоятын нақтылы, негізделген ұсыныстар ҚР ҚПК нормаларындағы көптеген қылмыстық процеске қатысушылардың мәртебесін өзгерту түрінде берілген. куәгер, жәбірленуші, құқықтық мәртебе, тергеу қимылдары, құқық бұзу, процесуалдық келсім, зиянды өтеу, сот талқылауы
10 Н.А. Түлкінбаев «Қылмыстық-атқару жүйесіндегі тұлғалардың әлеуметтік бейімделу мәселелері» Мақалада қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мәселелері жөніндегі зерттеу қарастырылады. Сонымен қатар әлеуметтендіру, әлеуметтік бейімдеу, қайта бейімдеу процестері бойынша ғалымдардың түрлі аспектілердегі көзқарастары жөнінде ауқымды ой пікірлері ұсынылған. қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, әлеуметтік бейімдеу әлеуметтендіру, қайта бейімдеу, босатылған тұлғалар, тұлға
11 Качалова О.В. «Сотқа дейінгі ынтымақтастық туралы келісім: құқықтық реттеудің ресейлік тәжірибесі» Мақалада ресейлік қылмыстық құқықтағы ынтымақтастық туралы сотқа дейінгі келісімнің құқықтық реттелуінің проблемалық мәселелері қарастырылады, ынтымақтастық туралы сотқа дейінгі келісімде қорытындалатын қылмыстар санатын ашу және тергеу үшін нақты анықтаудың қажеттілігі туралы қорытынды жасалады, ынтымақтастық туралы сотқа дейінгі жасалған келісімдермен қылмыстық істерді сотта қараудың тәртібін өзгерту туралы ұсыныстар енгізіледі. ынтымақтастық туралы сотқа дейінгі келісім, айыптаушы, қорғаушы, прокурор, келісім шарттары, сотта талқылаудың ерекше тәртібі
12 Т.С. Теміралиев «АҚШ ФТБ-ның тергеу өндірісіне жобалық тәсілі сұрау/ жауап алу (қылмыстық-процесуалдық, криминалистикалық және психологиялық мәселелер)» Мақала авторы өзі тағылымдамадан өткен АҚШ Федеративті тергеу бюросын мысалға келтіре отырып, тергеу барысында тиімді сұрау жүргізу/жауап алу үшін қандай жағдайлармен қамтамасыз етілу қажеттігін көрсеткен. Мақалада жауап алуға дайындық, осы әрекетті жоспарлау, сұрау жүргізу/жауап алудың тиімді әдістеріне тергеу және оперативтік қызметкерлерді оқыту, хаттамалаусыз жеңілдетілген жауап алудың оң тәжірибесін қолдану, тергеу әрекеттерін ұйымдастыру кезінде жобалау әдісін қолдану туралы мәселелер көтерілген. Автор ФБР-да өткен тағылымда нәтижесі мен матриалдарын мақаланы дайындау барысында қолданған. қылмыстық процесс, оқиғаны көзімен көргендер, куәгер, сұрау жүргізудің элементтері, жауап алудың әдісі, сұрау жұргізудің құрылымы, байланыс орнату, алдауды анықтау, жалған айғақтар, әдіспен оқыту

 

№3/2017 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың  Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 С.А.Арыстамбаева «Конституциялық өзгерістер–2017: философтың көзқарасы» Мақалада автор 2017 жылғы наурыз айындағы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген түзетулерге философиялық талдау жүргізеді. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік шешіміне сәйкес топтастырған түзетулер олардың әлеуметтік философиялық құндылықтары тұрғысынан зерттелді. Автор өз қорытындыларын ғылыми пікірталасқа ұсынады. Конституция философиясы, құқық философиясы, саясат философиясы, әлеуметтік философия, Конституция, заңнамаға түзетулер
2 М.Т. Кемалов,  Ш.Ш. Орманова «Прокуратура қызметін конституциялық реттеу: қазақстандық және шетелдік тәжірибе» Мақалада автор прокуратура қызметін конституциялық реттеуінің бастамасы және Қазақстан Республикасының конституциялық кеңес қаулыларында конституциялық нормалардың жетілуі қарастырылған. Басқа мемлекеттердің конституцияларындағы прокуратура қызметінің конституциялық реттеуіне қысқаша жолу берілген. Құқықтар мен мүдделерді қорғау, прокурорлық қызмет, конституциялық негіз, жоғарғы қадағалау, өкілеттіктер, конституциялық реттеу, басқа мемлекеттердің прокуратурасы
3 А.А. Смағұлов «Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір аспектілері» Автор өз мақаласына сыбайлас жемқорлық секілді қоғамдық қауіпті дертпен күрес мәселелерін арқау етіп, оның ішінде, әсіресе, мемлекеттік, заңнамалық тұрғыдан қабылданып жатқан шараларға тоқталады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері осы салада атқарылып келе жатқан істерге шолу жасалған. Қазіргі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті жандандыра түсетін бағыттар мен шаралар көрсетілген. сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбестік қарым-қатынас
4 Ж.Ш. Шакиев,  Г.Б. Сейсембаева «Қазақстан Республикасында құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» ұғымы» «Нөлдік төзімділік» – қазақстандық құқық саласында қажет түсіндірме жұмысын жүргізуді қажет ететін жаңа түсінік. Мақалада аталмыш ұғымның бірнеше түсінігі берілген және мұндай түсініктер Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің, арнайы әдебиеттердің және ғалымдардың пікірлері ескеріліп құқық бұзушылыққа деген «нөлдік төзімділік» ұғымын мейлінше толық түсіндіруге талпыныс жасалған. «нөлдік төзімділік», ұсақ құқық бұзушылық, құқық бұзушылықтығы алдын алу, құқықтық мәдениет, құқықтық сана
5 З.Ж. Шахарбаева «Өлім жасаған тұлғалардың әлеуметтік-психологиялық келбетінің кейбір аспектілері» Мақала қылмыс жасауға итермелеген мінез-құлықты, ішкі және сыртқы де терминанттарды әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан талдауға арналған. қылмыс, агрессия, коммуникация, әлеуметтік қорғау, конфликтоген, психологиялық қорғау
6 Ғ.Ж.Сулейманова,  Р.А. Медиев «Тергеу әрекеттерін ситуациялық модельдеу  оқу-әдістемелік кешені:«Виртуальды тінту (оқу)» Аталған мақалада ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлерін дайындау әдісінің ведомстволық оқу орындарында құқық қорғау органдарының практикалық қызметіндегі серпінді дамушы міндеттерге, әдістерге және техникалық жабдықталуына бейімделуімен байланысты сұрақтары қарастырылады. Аталған аспектіде «Қылмыстық процесс» және «Криминалистика» пәндері қылмыстылықпен күресу тәжірибесіндегі технологиялық инновацияның неғұрлым белсенді таратушысы болып табылады. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты оқу-әдістемелік кешен: ««Виртуальды тінту (алу)» тергеу әрекеттерін ситуациялық модельдеуді» осы жолмен ендіру жағдайында. Бағдарламалар курсанттар мен тыңдаушылардың жағдаяттарды/ оқиғаларды, криминалистикалық полигондарды, тергеу әрекеттерін өз бетімен модельдеуге, құруға және олардың нұсқаларын табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бағдарламалар интерактивтік білім беру жүйесі мен білімді қадағалаудың электрондық жүйесін (тестілеу мен оқу тапсырмаларын орындау статистикасын қоса алғанда) қиыстырады. «Қылмыстық процесс» және «Криминалистика» пәндері, оқу-әдістемелік кешен: «Виртуальды тінту (алу)», «Кримтехзертхана» компьютер классы
7 Бажанов С.В. «Алдын ала тергеу органдарының процессуалдық қызметін прокурорлық қадағалау» Бұл мақалада автор қадағалау және қылмыстық ізге түсу қызметтерінің араатынасы жағдайында қылмыстық істерді қозғау және алдын ала тергеу сатысында прокурордың жеке құзыреттері сараланады. прокурор, қадағалау, қылмыстық қудалау, қылмыстық іс жүргізу, қылмыс
8 А.А. Секишев «Прокурордың айыптау актісі бойынша шешімі – сот төрелігінің конституциялық принципін қамтамасыз ету» Мақалада айыптау актісі бойынша прокурормен шешім қабылдау кезіндегі мәселелер қарастырылған. Әділ соттың конституциялық қағидаларына, қылмыстық-процессуалдық заңның өрескел бұзушылықтарын айқындауға назар аударылған. Жаңа айыптау актісін жасау үшін нормативтік негізді даярлау қажеттілігі анықталып негізделді. Айыптау актісі бойынша прокурордың шешімі, қылмыстық-процессуалдық заңның өрескел бұзушылықтары, жаңа айыптау актісі, әділ соттың конституциялық қағидалары
9 М.М. Алишева «Is there the balance between the interests of victims and the rights of the accused in proceedings before the International Criminal Court?» Мақалада Халықаралық қылмыстық соттағы айыпталушының және жәбірленушінің құқығы талданады. Әлі де ресми құқықтық мәртебесі жоқ жәбірленуші құқығының құқықтық қорғалуының жеткіліксіздігі мәселесі баса айтылады. Қазіргі таңда қылмыстық жәбірленушіге қысым жасалып отыр, өйткені жәбірленушінің мәртебесі куәгердің мәртебесіне теңестіріліп отыр. Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС), қылмыстық жәбірленушінің құқығы, айыпталушының құқығы, Билікті асыра пайдалану және қылмыстық жәбірленуші үшін сот әділдігінің негізгі принцип декларациясы, ХҚС Римдік статуты, ХҚС дәлелдеу және процедура ережелері
10 А.К. Канатов «Қазақстанның және еәо қылмыстық заңнамасында сателиттік нормалары мәселесіне қатысты немесе қазіргі заманғы қылмыстық құқық» Мақаланың авторы Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одақтың қылмыстық заңнамасындағы сателлиттік нормалардың орны туралы мәселені зерттеді және құқыққолдану тәжірибесінде пайда болатын мәселелерді анықтады. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қылмыстық заңнамасының тиісті нормаларын талдау экономикалық, интеграциялық процестердің әсерінен қылмыстық-құқықтық нормаларының бланкеттілік институты жаңа толтыруға ие болатанын көрсетеді. Осы саладағы салыстырмалы-құқықтық зерттеу қылмыс құрамының нақты белгілерін түсіндіру мен саралауда мемлекеттік органдардың құзыреті туралы мәселені қоюға әкеледі. Түрлі сатылардағы соттар шешімдерін талдау негізінде, Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына олардың қабылдаған үкімдерінің заңды күші, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң жүйесі мен нормативтік құқықтық актілер иерархиясындағы осындай шешімдердің орны туралы мәселелері көтеріледі. қылмыстық құқық, қылмыстық заңнама, Еуразиялық экономикалық одақ, бланкеттік нормалар, үкім, қылмысты саралау
11 Присяжнюк И.И. «Украина және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басталуы» Мақалада автор Қазақстан Республикасы және Украинаның заңнамасы бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталуының ерекшеліктері қарастаралған. Украинаның қылмыстық іс-жүргізу заңнамасына саралау жүргізу құқыққолдану тәжірибесі негізінде тергеудің негізгі мәселелері анықталған. Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа дейінгі тергеудің бастамасын нормативті реттеу тәжірибесін ескере украиндық үлгісін жетілдіру мақсатының маңызды бағыттары анықталған. қылмыстық іс-жүргізу, сотқа дейінгі тергеу, сотқа дейінгі тергеудің басталуы, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарландырулар

 

№4/2017 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 З.Ж.Қалмырзина, Б.Р.Есімсейтов «Заң хаты техникасының кейбір мәселелері» Мақала авторлары заң хаты техникасының ұғымы мен оның ерекшеліктерінің кейбір мәселелеріне талдау жасайды. заң хатының техникасы, ресми іс-қағаздар стилі, сот үкімі, кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарау бөлімдері
2 А.А.Ешназаров «Еліміздің негізгі заңына түзетулерге байланысты қылмыстық қудалаудың кейбір сұрақтары туралы» Мақала Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабына еңгізілген түзетулер жарығындағы қылмыстық қудалау қызметіне арналған. Сотқа дейінгі кезенде прокуратура органдарымен қылмыстық қудалауды жүзеге асыру мәселелері қарастырылған, қылмыстық қудалау ұғымын анықтау жөнінде және тергеуді қадағалаудан қылмыстық қудалаудағы прокурордың өкілеттігін айыру туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодекске өзгерістер еңгізу қажеттігі көрсетілді. қылмыстық құдалау, прокурорлық қадағалау, прокуратураның өкіліттігі, қылмыстық процестің сатысы
3 Е.С. Кемали «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша жемқорлық қылмыстарының құрамын заң саласынан талдау» Мақалада Қазақстан Республикасының қазіргі даму жағдайындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қылмыстық саясаттың жай-күйіне сипаттама беріледі, аталған қызмет саласынының қолданыстағы заңнамасына енгізілген өзгертулер талданады. сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлық қылмыстылығы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту, қылмыстық саясат, мемлекеттік қызмет
4 Н.Ш.Жемпіисов «Қылмысқа қарсы қимылдың «жанама іс-әрекеттер» стратегиясының қалыптасуының болашағы» Мақала жаһандық қылмыстылық феномені мен онымен қарсы күресудің жаңа жолдарына арналған. Жұмыста жаһанданушы қылмыстылықтың аса агрессивті түрімен (терроризм) әскері-саяси қарсы күресуге және «жанама әсерлер» стратегиясын құру өзектілігіне ерекше назар аударылады. жаһандық қылмыстылық, терроризм, агрессивтіқ әсерлер, стратегиясы, әсерлер, қарсы күресу
5 А.К. Қанатов «Жедел-іздестіру қызметінің проблемалық аспектілері туралы (заңнаманы мониторлау)» Мақала авторымен адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы конституциялық нормаларының үстемдігіне негізделген қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру сұрақтары зерттелген, сонымен бірге жедел іздестіру қызметі туралы заңнаманы нәтижелі қолдануды көздейтін оптималды құқықтық механизмдер ұсынылады. «Жедел іздестіру туралы» Заңды детальды түрде талдау жекелеген кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді: олқылықтар, коллизиялар, нормаларды қолдану кезінде құқықтық салдарды минимизациялау мақсатында бланкетілік пен коррупциогенділік. Осы саладағы салыстырмалы-құқықтық зерттеу жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде құқық қорғау және арнайы органдардың құзыреттілігі туралы сұраққа алып келеді. Бұл саладағы шетел тәжірибесін зерттеу негізінде ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар беріледі. жедел-іздестіру қызметі; жедел-іздестіру шаралары; қылмыстық-процестік заңнама; жасырын тергеу әрекеттері; ұлттық заңнаманы жетілдіру; соттық бақылау
6 Лукин А.И. «Қылмыстық процесті жаңғыру – Қазақстан Республикасының конституциясы мен уақыт талабы» Ғылыми мақалада қазіргі қылмыстық процестің кейбір өзекті мәселелері қарастырылған. Қылмыстық сот өндірісін әріқарай жетілдіруге бағытталған заңжобасының негізгі новеллалары нақты талданған. қылмыстық процес, адам құқығын қорғау, санкциалау, күзетпен ұстау, дәлелдерді айырбастау, электронды қылмыстық іс
7 М.Е.Төлеуова «Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіндегі процессуалдық келісім мәселелеріне» Жаңа Қылмыстық процестік кодексті қабылдау көптеген процестік институттарды, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктеін күйтуді жетілдірудің қажеттілігін жүзеге асыруды білдіреді. Бұл мақалада автор процестік келісім туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық – процессуалдық Кодекстінің нормаларының тұжырымдарына саралау жүргізу нәтежесінде оның редациясына кейбір өзгертулер енгізу туралы ұсыныс білдіреді. процестік келісім, келісімдік іс жүргізу, ынтымақтастық туралы келісім, тараптардың татуласуы
8 Борисов С.В. «Діни экстремизм және оған қарсы іс-әрекет шаралары» Мақала діни ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу мәселелеріне; Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңдардың орындалуы үшін прокурорлық қадағалауға арналған. Осы бағыттағы прокуратура органдарының және құқық қорғау органдарының жұмыс тәжірибесін қарастырады. діни экстремизм, ұлттық қауіпсіздік, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл және деструктивті діни ұйымдар туралы заңнама, құқық қорғау және сот органдары
9 Сандрачук М.В. «Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі: мифтер мен шындық. экономикалық қауіпсіздіктің қазақстандық моделін ғылыми талдау» 2009-2013 жылдары Қазақстан экономикасында орын алған нақты дәлелдер негізінде оның «мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі» институтының әрекеттілігі, сонымен қатар «мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі» феноменінің шешілмеген теориялы-әдістемелік аспектісі талданады. ұлттық қауіпсіздік, ғылыми зерттеу, әлеуметтік-экономикалық жүйе, қауіпсіздік моделі, қауіпсіздікке қатер төндіру, азаматтардың өмір сүру деңгейі, экономикалық өсім.
10 А.С.Қожамбердиева «Полицияның қоғаммен жұмысы туралы шет елдік тәжірибесі» Осы мақалада автор қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысты алдын-алу мәселелеріндегі полицияның қоғаммен өзара іс-қимылының шетелдік практикасын қарастырады. АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланд, Жапония сияқты елдердегі полиция мен азаматтардың өзара іс-қимылының тәжірибесін талдайды. азаматтық қоғам, полиция, құқық бұзушылықтарды алдын- алу, өзара іс-қимыл, қылмысты алдын-алу, азаматтарды тарту
11 Ли Ю.А. «Жеке деректерді қорғау туралы еуропалық одақ заңнамасы» Деректерді қорғау туралы заңнаманы реформалау бойынша жүргізіліп жатқан таластар ұзақ уақытқа созылды. Қазіргі уақытта жеке деректерді қорғау Еуропалық Деректерді қорғау директивасымен (95/46/EC) кепілдік берілмейді, се­бебі оның принциптері ескірген. Жаңа заң осы директиваның кемшіліктерін жеңу­ге және онлайн шынайылыққа қатысты мәселелерге жауап беруге тиіс. Бұл мақа­лада жеке деректердің Еуропалық Одақ заңнамасына сәйкес қалай қорғалатыны туралы мәселе қаралады және талданады. Сондай-ақ, Деректерді қорғау туралы директиваға сәйкес жеке деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ за­манауи онлайн әлеміне сәйкес жаңа құқықтық базаның қажеттілігіне назар аударылатын болады. Деректерді қорғау туралы Еуропалық Одақтың Директивасы 95/46/EC, жеке деректерді қорғауға арналған адам құқығы, Интернет пайдаланушылары, дербес деректерді өңдеу, жаңа технологиялар, Еуропалық Одақтың азаматтары, Еуропалық Одақтың электронды коммерция бойынша 2000/31EC55 директивасы.
12 Ж.С.Сейтаева «Испандық келіс сөздер тәжірибесі туралы: техника – қайда сөз және көз жетізу – үлкен қару» Өркениетті қоғамдағы адам өмірі әлі де абсолютті құндылық болып саналады. Сондықтан еуропалық елдерде келіссөздер жүргізудің құқықтық, психологиялық, тактикалық және басқа аспектілері талданды және ең жақсы оқытылған қызметкерлердің арасынан арнайы бөлімшелер құрылды. Осы мақалада Испания Корольдігінің келіссөз жүргізушілері ұлттық командасының қағидалары келтірілген және олармен кепілге алған адамдарды босату туралы келіссөздердің ерекшеліктері анықталған. келіссөздер, қорқытып алу, ұстау, ұлттық келіссөздер тобы, Испания тәжірибесі.
13 А.Т. Арипова «ЕАЭО елдеріндегі прокуратураның конституциялық-құқықтық мәртебесін салыстырмалы талдауы» Мақалада ЕАЭО-ға қатысушы елдердің прокуратура органдарының конституциялық құқықтық мәртебесінің жалпы салыстырмалы талдауы жасалды. ЕАЭО аумағындағы прокуратура органдарының қызметі ұқсас сипатта, дегенмен ЕАЭО-ға қатысушы әр мемлекет прокуратура құрылымының өз тұжырымдамасын қалыптастырады. Мақала авторы ЕАЭО-ға қатысушы елдердің оң тәжірибелерін Қазақстан Республикасы прокуратурасының мәртебесін бекіту және рөлін күшейту үшін пайдалануды ұсынады. ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одақ), ЕАЭО қатысушы елдер, конституциялық-құқықтық мәртебе, конституциялық құзыреттеp, жоғарғы қа­дағалау, сот жүйесі
14 Д.Е.Мұстафин «Мемлекеттік сатып алу саласындағы қылмыстық жауапкершілік туралы қазақстан республикасының заңнамаларын жетілдірудің кейбір аспектілері» Мақалада қолданыстағы заңнаманың негізінде мемлекеттік сатып алуды іске асырудағы заң бұзушылықтарды қылмыстық-құқықтық саралау және криминалдандыру мəселелері, олардың ықтимал шешу жолдары және осы саладағы заңнаманы жетілдірілу ұсыныстары қарастырылған. сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік сатып алу, жымқыру, квазимемлекеттік сектор, қылмыстық құқық бұзушылық, жауаптылық