Аннотациялар – 2016 жыл

№1/2016 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Ұ.С. Байжанов «Ғылым мен білім беру құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік құзыретін қалыптастыру факторы ретінде» Мақалада құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік құзыретінің қалыптасуындағы ғылым мен білімнің рөлі, Құқық қорғау органдары академиясының құқық қорғау органдары қызметкерлерін дайындаудағы, қайта дайындаудағы және құқық қорғау жүйесіне құқық магистрлері мен докторларын дайындау міндеттерін іске асырудағы маңызы қаралған. ғылым, білім, құқық қорғау органдары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, білім беру процесі, кәсіптік деңгейін арттыру, заңдылық, құқық қолдану қызметінің жеделдігі мен негізділігі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
2 Василевич С.Г. «Мемлекет қоғамды басқару институты ретінде» Мақала қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз ететін құқықтық қатынастарды мемлекеттің негізгі субъектісі ретінде нығайту идеясына негізделеді. Мемлекет, оның қазіргі заман жағдайындағы орны мен рөлі туралы ғалымдардың көзқарастары талданады. Мемлекетті дамытуға бағытталған бағалау және кейбір идеялар айтылды. Мемлекет, құқық, басқару, билік
3 Василевич Г.А. «Қазақстан Республикасының конституциясы – қоғам мен мемлекетті қайта құрудың негізі» Мақалада автор Қазақстан Республикасының Негізгі заңы – 1995 жылғы Конституцияның заңи және әлеуметтік табиғатын ашады. Автор Қазақстан Республикасы Конституциясының саяси-құқықтық және әлеуметтік мәнісін қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуын анықтайтын өзгеше заңи-мәдени құбылыс ретінде зерттеген. Қазақстан Республикасы егемендігінің толық конституциялық-құқықтық сипаттамасы беріліп, оны нығайту және дамыту ісіндегі Конституцияның маңызы көрсетілген. Конституция, Қазақстан Республикасы, егемендік, мемлекет, қоғам
4 Е.Ә. Оңғарбаев «Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі рөлі» Осы мақалада сотқа дейінгі тергеудегі прокурордың рөлі, процессуалдық прокурорлар институтын іске асыру мәселелері, еуропалық елдердегі прокуратура органдарының орны және құрылымы талданады. прокурор, сотқа дейінгі тергеу, процессуалдық прокурор, Еуропа Кеңесіне мүше мемлекеттердің тәжірибесі
5 Г.К. Утибаев «Үйлестіру қызметінің тиімділігі және оның критерийлері» Мақалада автор прокуратура органдарының үйлестіру қызметінің нәтижелеріне байланысты мәселелер қаралған. «Нәтиже» сөзінің түсінігі және оның бағалау категориясы талданған. үйлестіру қызметі, үйлестіру жиналыстарының нәтижелері, құқық қорғау органдары
6 Е.Б. Абдрасулов, С.Р. Шалабаев «Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік салаларының басқа органдарымен өзара іс-қимылының ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері» Мақалада «өзара іс-қимыл» ұғымының түсінігі мәселелері қарастырылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимыл мәні айқындалады, прокуратура органдарының басқа мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл принциптері мен құқықтық регламенттеудің саралау мәселелері қозғалады. мемлекеттік билік органдары, өзара іс-қимыл, прокуратура органдары, өзара іс-қимыл принциптері, өзара іс-қимыл нысандары, құқықтық регламенттеу, парламент, сот билігі
7 Г.М. Онланбекова «Сот және прокуратураның өзара іс-қимыл түрлерін жетілдіру сот және прокуратураның жалпы міндеттерін тиімді шешудің шарты ретінде» Осы мақалада сот органдары және прокуратураның өзара іс-қимыл түрлерін бекітуге тиісті, сондай-ақ сот практикасы бойынша мәселелерге түсінік беру, олардың өзара іс-қимылдарды ұйымдастыру түрлері туралы мәселелер қозғалған. қылмыспен күрес, құқық қорғау органдарында заңдылықты қамтамасыз ету
8 Д.М. Токпаева, Б.С. Кушбасов «Электрондық төлемдер жүйесін дамыту мәселелері қазақстанда көлеңкелі экономиканы төмендету құралы ретінде: қазіргі жағдайы және құқықтық реттеу» Мақалада авторлар заңдылық актілерді талдау негізінде электрондық төлем ұғымына анықтама беруге талпыныс жасаған. Бұндай анықтаманың заңнамада бекуі Қазақстанда жүзеге асырылатын электрондық төлем ұғымын бірізді түсінуге, Қазақстанда көлеңкелі экономиканың төмендеуіне, электронды сауданың дамуына және елдің инвестициялық тартымдылығын арт- тыруға үлкен үлесін қосады. электрондық төлем, электрондық сауда, көлеңкі экономика, инвестициялық тартымдылық, Қазақстанның экономикасын дамыту
9 С.К. Жұмағұлов, А.С. Қожамбердиева «Қоғам және полиция: өзара іс-қимыл мәселелері және оларды дамыту болашағы» Елімізде құқық қорғау жүйесін жаңғыртуға байланысты осы мақалада қылмысқа қарсы күресте мемлекет пен азаматтық қоғамның күшейуін нығайтуға аса назар аударылған. Авторлар құқықтық тәртіп органдарының өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырған. Сондай-ақ, халық пен азаматтық қоғам институттарына нақты сүйене отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жалпымемлекеттік жүйесін қарастырған. мемлекет, азаматтық қоғам, полиция, құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқық қорғау органдары, күрес, нығайту, өзара іс-қимыл, жаңғырту
10 С.К. Журсимбаев «Құрсақтағы баланың өмірі қылмыстық-құқықтық қорғау нысаны ретінде» Мақалада адам өмірінің басталу сәті және оның қылмыстық-құқықтық қорғалу мәселелері, адам өмірін қорғау саласындағы халықаралық актілер талданады, адам өмірі мен өлімінің критерийлері анықталған, анасының өзінің жаңа туған сәбиін өлтіруді саралау берілген. адам өмірі, балалар құқығы, аборт, жаңа туған сәбиді өлтіру, өмірдің аяқталу сәті, жатыр ішіндегі биологиялық заттың өмірі, өлтіруді саралау
11 Pelizzo R. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды талдау» Бұл мақалада автор шет елдерде жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қарастырды. Мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Парламенттің рөлін талдаған. Парламент мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы бірнеше бағыттарына қатыса алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сайлау және қаржы заңнамасы, парламенттік кодекс саласындағы жұмыспен қатар, Парламент мемлекеттік шығыстардың және бюджеттің атқарылуында мониторинг қызметі өте маңызды болып табылады. Парламент мемлекетті ашық болуға міндеттейді және мемлекеттік қаражатты мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен мақсатсыз пайдалану қаупін азайтады. жемқорлыққа қарсы шаралар, санкция, парламент, этикалық мінез құлық кодексі, мемлекеттік емес мекемелер
12 С.Е. Қаиржанова «Порнографиялық материалды немесе заттарды жасау және сақтау, оның ішінде кәмелетке толмағандарды пайдалануды жазалау бойынша әлемдік тәжірибе және тмд елдерінің тәжірибесі» Мақалада «порнография» институтының дамуы жайлы қысқаша тарихи экскур, сонымен қатар осы қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке кіріспе беріледі. Порнографияны ішінара жариялап жүрген елдердің тізімі берілген. Алыс шет елдерде және ТМД елдеріндегі «балалар порнографиясы» институтына қысқаша сипаттама және балалар порнографиясының алдын алуға ұсыныстар берілген. порнография, балалар порнографиясы, қылмыстық жауапкершілік, кәмелетке толмағандардың рухани дамуы, порнографиялық материалдармен, порнографиялық басылымдар
13 Р.Т. Шуменова «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығының ұғымдық-категориялық аппаратының бірыңғайландыруында халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларының рөлі» Ғылыми мақалада халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормалары қарастырылады. Атап айтқанда, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормалары ұғымы, олардың қайнар көздеріне сипаттама беріледі. Біріздендіру процесінің кезеңдері келтіріледі. Сондай-ақ қылмыстық процеске, ұғымдар мен санаттарға халықаралық нормалардың мазмұнын беру кезінде пайдаланылатын процессуалдық құқықтық қатынастар мазмұны бойынша реттелетін біріздендірумен қамтамасыз ететін халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормалар қазіргі заманғы нысандар мен құқықтық біріздендіру құралдары ретінде қолданылады деген тұжырымға негізделеді. халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормалары, ортақ түсініктер, терминдер, анықтамалар, біріздендіру процесі, құқықтық ынтымақтастық, қыл- мыстық iс жүргiзу заңын ұғымдық-категориялық аппараты
14 С.С. Каржаубаев «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты еңсерудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» Мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудегі құқық қорғау органдары және арнаулы органдармен қатар қоғамның рөлі анықталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға ықпалы ашылған. БАҚ арқылы көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа теріс пікірдің қалыптасуы бойынша міндеттер мен механизмдер зерттелді. Сыбайлас жемқорлық ұғым және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы азаматтарды ақпараттандыру бойынша БАҚ-тың абзал міндеттері көрсетілген. Нәтижеге бағытталған БАҚ жұмысының траекториясы ұсынылды. Сыбайлас жемқорлық оқиғаларының барлығын жариялау және тұрақты анықтаудың жағымды жақтары анықталған. БАҚ арқылы көрсетілген сыбайлас жемқорлық туралы хабардар болуды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. сыбайлас жемқорлық, қоғам, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, бұқаралық ақпарат құралдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.
15 Е.С. Кемали «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты» Мақалада Қазақстан Республикасының қазіргі даму жағдайындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қылмыстық саясаттың жай-күйіне сипаттама беріледі, аталған қызмет саласынының қолданыстағы заңнамасына енгізілген өзгертулер талданады. сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлық қылмыстылығы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту, қылмыстық саясат, мемлекеттік қызмет, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану
16 Б.К. Нургазинов , Е.И. Баймухаметов «Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты нормаларды жетілдіру» Мақалада қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алумен байланысты қылмыстық заңнама нормасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын және қолданатын тұлғалардың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді анықтау кезінде жіберілген проблемалар мен кемшіліктерді анықтаған кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықты сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі құқық қолдану практикасына талдау жүргізілген. Авторлармен ұсынылған шаралар кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, жасөспірімдердің жыныстық қол сұғылмаушылық қылмы- стық құқық бұзушылықтарға қарсы қылмыстық-құқықтық шараларды жетілдіруге ықпал етеді. Қылмыстық кодекс, қылмыстық заңнама, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептер және басқа да заң бұзушылықтар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың алдын алу
17 Т.Е. Есмаханов, А.Ж. Тусупова «Қоғамда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға «атымен төзбеушілік» қалыптастыру» Бұл мақалада авторлармен Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуымен байланысты сұрақтар қарастырылады. Мемлекеттік органдардың қызметін жетілдірудің ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілері авторлар- мен зерттелген. Сонымен қатар, кәмелекте толмағандардың тәрбие жұмысын жүзеге асырудың деңгейі аталып қөрсетілген: отбасы, мектеп, қоғам және мемлекет және кәмелетке толмағандар- дың құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша нақты жолдары ұсынылған. ювеналдық әділет, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, атымен төзбеушілік
18 Анисимов А.П. «Көршілік құқықтың қазіргі даму кезеңінің теориялық және тәжірибелік мәселелерінің кейбірі туралы» Мақалада әзірге тек бірнеше посткеңестік елдерде тар, жеке сипатта сипатталып жүрген, ескірген құқықтық конструкцияларға негізделген, қазіргі заманғы көршілік қақтығыс нұсқаларын шешу жағдайында емес көршілік құқықтар туралы заңнама дәлелденеді. Оның тиімділігін арттыру үшін көршілік құқықты жеке құқық саласы ретінде қабылдаудан, оны әрекет саласы ретінде түсінуге өту керек. Негізінен, жария құқық нормалары Ресей және ТМД елдері қалаларындағы көптеген қазіргі көршілік қақтығыстарды шешеді. көршілер, қақтығыс, жеке құқық, жария құқығы, экология
19 Годунов В.Н. «Шарттық құқық: жалпы ережелерді жетілдіру» Мақалада Беларусь Республикасы Азаматтық кодексінің Тәуелсіз мемлекеттер достастығының басқа мемлекеттерінің азаматтық заңнамасымен салыстыру келісімі туралы жалпы ережелеріндегі нормалар қатары талданады. Ол келісім еркіндігі қағидасын бекітуге, келісімнің мәнді шарттарын анықтауға, келісімнің жариялылық ұғымына, келісім мен заңнаманың арақатынасына қатысты болып табылады. Азаматтық-құқықтық келісімдер жүйесіндегі келісім алды жауапкершілік туралы және тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) мемлекеттік сатып алу саласындағы келісімнің орны туралы мәселелері қарастырылады. Беларусь Республикасының Азаматтық ко- дексіне және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы басқа мемлекеттерінің азаматтық заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тиімділігі тұжырымдалады. келісім, келісім еркіндігі, келісімді жасау, келісім алды жауапкершілік, келісімнің мәнді шарттары, жариялылық келісім, келісім және заңнама, тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) мемлекеттік сатып алу
20 С.Т. Кенжебаева «Қазақстан Республикасының жаңа Енбек кодексінің кейбір мәселелері» Осы мақалада жаңа Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің мазмұнына сипаттама беріледі, негізгі өзгерістерге талдау жүргізілген. Мақала түсініктемелік сипатта. Еңбек кодексі, заң, нормалар, еңбек қатынастары, құқықтық институттар, Халықыралық еңбек ұйымы, өзгерістер, қабылдау қажеттілігі, еңбек заңнамасындағы ақтаңдақтар, еңбек заңнамасы
21 Е.Б. Абдрасулов, Ж.С. Сейтаева «Қазақстан Республикасының арнаулы оқу орындарында магистранттар мен докторанттарды (phd) даярлау бойынша білім беру қызметін жетілдіру сұрақтары (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мысалында)» Мақалада Қазақстан Республикасының арнаулы оқу орындарында магистранттар және докторанттарды (PhD) даярлау бойынша біліктілік қызметін жетілдіру жолдарын ұсынады. білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, магистратура, докторантура (PhD), құқық қорғау органдары
22 С.Д. Бекишева «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ведомствалық ЖОО-дағы әлуметтік-экономикалық мәселелерді зерттеу қажеттілігі туралы» Мақалада автор Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының ғылыми зерттеу қызметі аясында әлеуметтік және экономикалық мәселелерін талдау керектігін қарастырған. Аталған мәселені шешуге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының әлеуметтік-экономикалық мәселелерді зерттеу орталығы өз үлесін қосуда. Талдау негізінде автор өз ұсыныстарын әзірлеген. әлеуметтік мемлекет, құқық қорғау қызметі, құқық қорғау органдары, ғылыми зерттеулер, әлеуметтік және экономикалық мәселелер
23 Б.Р.Есімсейтов «Юрислингвистика пәннің кейбір аспектілерін құқық қорғау органдары академиясының оқу процесiнде қолдану» Автор «юрислингвистика» атты жас, дамушы ғылым туралы баяндайды. Мақалада заңгердің кәсіби қызметіндегі тілдің рөлі жайлы ойлар айтылады. Сонымен қатар, мақалада юрислингвистика жеке пән ретінде қарастырылады. юрислингвистика, құқық, заң тілі, заңнамалық лингвистика
24 А.Б.Талқыбаев «Оқу процесінде құзыреттілік тәсілге негізделген жаңа педагогикалық құралдарды және әдістерді пайдалану» Аталған мақалада жоғары білім беру жүйесінде құзыреттілік амалдың талаптарын ескере отырып, оқу процесіне заманауи педагогикалық технологияларды енгізу мәселесі қозғалған. Автор оқу процесінің қарқындылығына әсер етуші кейбір педагогикалық құралдар мен әдістерді қарастырады. құзыреттілік амал, визуалды оқыту, тыңдалымды оқыту, кинестетикалық оқыту, оқытудың заманауи әдістері
25 И.Ғ.Қарабаев «Терроризм және діни экстремизммен күрес» Бұл мақалада автормен «дiни экстремизм» мен «терроризм» түсініктеріне қысқаша талдау жасалып, террористік ұйымдар мен олардың басшыларына сипаттама берілген. Сонымен қатар, этникалық және діни террористердің дау-дамайларын шешудің түрлері мен әдістері көрсетілген. Аталған құбылыстармен күрес бойынша әлемдік қауымдастық пен Қазақстанның осы құбылысқа қарсы күресінің күші қарастырылаған. діни экстремизм және терроризм, террористік ұйымдар, терроризм түрлері: биологиялық, химиялық, ядролық, ақпараттық
26 С.К. Жиренчина «Қазақстанда дауларды баламалы шешу институтының дамуының теориялық негіздері» Бұл мақалада Қазақстанда дауларды балама жолдармен қарастырудың кейбір сұрақтары, дауларды балама жолдармен шешу институтының құқықтық табиғаты мен маңызы бар сұрақтары қарастырылған. дауларды балама жолдармен шешу, азаматтық-құқықтық даулар, дауларды соттық және соттық емес тәртібімен шешу, сот әділдігі, дауларды балама жолдармен шешудің тәсілдері
27 Р.Р. Кадыров «Жалған кәсіпкерлік туралы қылмыстық заңнама жаңа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі тұрғысынан» Мақалада жалған кәсіпкерлік үшін жауапкершілікті қарастыратын 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің нормаларымен Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексіне салыстырмалы талдау жүргізілді. Автормен жалған кәсіпкерлік туралы қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша кейбір ұсыныстар, сондай-ақ жалған кәсіпкерлік сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты нормативтік қаулыларын біріздендіру қажеттігі туралы қорытынды құрастырылды. Қылмыстық кодекс, нормативтік қаулы, қылмыстық заңнама, экономикалық қылмыстылық, қылмыстық жауапкершілік, жалған кәсіпкерлік
28 А.К. Шубаев «Жалған кәсіпкерлердің контрагенттерінің жауапкершілігі туралы сұрақтар» Аталған мақалада автор өткізілген талдау негізінде жалған кәсіпкерлікпен тиімді күресу үшін қылмыстық заңнамада жалған кәсіпкерлердің контрагенттеріне қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын норма енгізу туралы пікір білдіреді. жалған кәсіпкерлік, контрагент, қылмыстық құқық бұзушылық, қылмыстық жауапкершілік, салықтық міндеттеме

 

№2/2016 ж. Жаршысы мақалаларының аннотациясы және түйінді сөздері

Автордың  Т.А.Ж Мақаланың атауы Аннотация Түйінді сөздер
1 Олейник В.И. «Жол қозғалысының нормативтік-құқықтық регламентіне талдау: отандық және шетелдік тәжірибе» Осы мақалада жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы отандық және шетелдік заңнамаға талдау жасалған. Жол қозғалысының нормативтік-құқықтық реттелуінің проблемалық мәселелері көрсетілген. жол қозғалысы қауіпсіздігі, халықаралық актілер, жол қозғалысын ұйымдастыру
2 Лепеха И.В. «Қазақстанның жолдарындағы апаттылықты талдау» Мақалада автор 2011-2015 жылдар аралығындағы Қазақстан жолдарындағы жолапаттары мен өлімдердің жай-күйіне жасалған терең талдауларын ұсынады. Статистикалық мәліметтер жол көлік оқиғасын (әрі қарай–ЖКО) басым көпшілігі немесе 90%-ы жол қозғалысы ережесін (әрі қарай – ЖҚЕ) өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болатынын растайды. Көп жағдайда жол апаттары жылдамдықты жоғарылату салдарынан болады. Сонымен қатар, автор жыл сайын жолдарда 3 мыңға жуық адам қаза табапса, оның 200-і балалар екенін атап өтті. Қаза табушылардың көпшілігі 15-29 жас аралығындағы жастар. Әйелдерге қарағанда ер адамдар 2,5 есе көп зардап шекен. Сонымен қатар, қозғалыс қауіпсіздігінің облыс аумақтарындағы жай-күйіне талдау жүргізілді. ЖКО нәтижесінде өлу фактілері көбінесе Алматы қаласы, Оңтүстік-Қазақстан, Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарында тіркелген. Мақала авторы атап өткендей, еліміздің автопаркі соңғы жылдары үш есеге өскен және қазіргі уақытта 4 357 609 механикалық КҚ бар. Осыған байланысты еліміздің басшылары соңғы жылдары жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөліп отыр. жол қозғалысы қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғасы, кешенді жүйелі жол, статистика
3 М.И. Сексембаев «Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен ескертудің өзекті мәселелері» Мақала авторы көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы статистикалық мәліметтер келтірген. Мақалада атап өткендей, елде тек 2015 жылы 2 миллионға жуық азамат, немесе 11%-ы ел тұрғындары ЖҚҚ саласындағы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Кейбір құқық бұзушылықтардың өсуі байқалады. Жыл сайын ЖКО жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 70 мың адам тартылады, олардың 93%-ы айыппұл, 6%-ы «жүргізуші куәлігінен» айыру, 1% әкімшілік қамауға алу қолданылған.«Мүлдем төзбеушілік» сияқты алдын-алу әдістерін күшейтуді, 100% әкімшілік айыппұлды өндіріп алуды және т.б. қамтамасыз етуді ұсынады. жол қозғалысы қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғасы, жылдамдықты режим,әкімшілік құқық бұзушылықтар, статистика, құқық бұзушылықтардың алдын-алу
4 Вуйнович М. «Қазақстандағы жол-көліктік оқиғаларының алдын алу – тұрақты даму мақсатына жетудегі әлеуетті арттыру» Дүние жүзінде жол-көлік апаттарының салдарларынан болатын өлімдер санының мөлшері тұрақты дамуға елеулі қатер төндіреді, сол себепті ол ТДМ-ге 2020 жылға қарай жол-көлік апаттары құрбандарының санын екі есе қысқартуды көздейтін 3.6-мақсат ретінде енген. Мәселенің үлкендігі соншалық, ол, сондай-ақ, ЖІӨ-нің 0,6%-інен 5,8%-іне дейінгі шамада (орташа мәні – ЖІӨ-нің 1,4%-і) әлеуметтік шығындарға да әкеп соғуда, алайда, бұл орайда стандартталған әдістемені қолдана отырып қосымша талдау жүргізу қажет. Бұл жағдайдан көбінесе халықтың осал топтары зардап шегеді және жол-көлік оқиғалары дүние жүзі бойынша 15–29 жастағы жастардың арасындағы өлімнің жетекші себебі болып табылады. Қазақстанда бақыланып отырған оң беталыстарға қарамастан, бұл елеулі мәселе болып отыр. ДДҰ-ң Нақтыланған өлім-жітім дерекқорының көрсеткіштеріне сәйкес, ДДҰ Еуропа аймағының 53 мүше-мемлекетінің арасында Қазақстан жол-көлік оқиғаларының себебінен болатын өлімдердің саны бойынша 4-ші орында. Қазақстанда жол-көлік апаттары 5–29 жастағы жастар топтарының арасындағы өлімнің жетекші себебі болып табылады. Жол-көлік апаттарында қаза болған нәрестелер саны бойынша Еуропа елдерінің арасында Қазақстан оныкіне қарағанда халық саны 8 есе көп Ресейден кейін (55 өлім) және халық саны 5 есе көп Түркиядан кейін (45 өлім) бірден 3-ші орында – мұнда 100 000 адамға шаққанда 5,3 немесе жалпы алғанда 21 нәресте қаза болған. Қазақстан аталған себептерден 596 өмір жылынан айырылып отыр. Жол-көлік апаттарының мәселесі антропогенді мәселе болып табылатындықтан оның алдын алуға әбден болады. Тиімді іс-шараларды жүзеге асыру арқылы жолдағы қозғалыс қауіпсіздігіне, жылдамдыққа, мас күйінде көлік жүргізуге, белдіктерді тағуға, балаларға арналған шектеулерді қолдануға және велосипед пен мотоцикл жүргізушілерінің арнайы баскиім киюіне қатысты басты 5 мінез-құлық қауіп-қатерін жою осы ТДМ мақсатына жетуге жәрдемдеседі. Басты 4 салада – қалаларда жылдамдықты сағатына 50 км-мен және мектептердің маңы мен тұрғын аудандарда 30 км-мен шектеу, алдыңғы және артқы орындықтарда белдіктерді тағу, мас күйінде көлік жүргізумен күресу және көліктердің ішінде балаларға арналған шектеу құралдарын дұрыс пайдалануға қатысты тиімді іс-шараларды жүзеге асыру арқылы бұл өлімдердің, әсіресе қыршын кеткендердің санын азайту бойынша Қазақстанның әлеуеті өте зор. Бұл мәселені тиімді түрде әрі тұрақты нәтижелермен шешу үшін халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын көздейтін, «Денсаулық-2020» бағдарламасына сәйкес нақты мақсаттары мен міндеттері бар ұлттық көпсалалы стратегияны қамтитын, қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін саяси климатты орнату және әлеуметтік өзгерістер мен мінез-құлық өзгерістеріне алып келетін әдістерді қолдануға арналған ақпараттық құралдарды пайдалану ұсынылады. Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру барша халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту (ТДМ3), экономикалық дамуды жақсарту (ТДМ8), тұрақты қалалар мен қауымдастықтар құру (ТДМ11) және климаттың өзгеруімен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау (ТДМ13) сияқты Қазақстанның ұлттық және жаһандық стратегиялық мақсаттарына жетуіне тікелей үлес қосады. жол-көлік апаты, алдын алу, балалар мен жастар, көпсалалы, ТДМ, мінез-құлық
5 А.Б. Сасенов «Жол қозғалысы ережесі мен құқықтық мәдени білімінің төмен деңгейі жол көлік оқиғасының негізгі себептері ретінде» Мақалада жол көлік оқиға орын алған және жол қозғалыс ережелері білімінің төмен деңгейі мен жол ортасында өзін-өзі ұстау мәдениеті арасындағы байланыс мәселелері қарастырылады. Автор жол қозғалыс ережелері саналы түрде бұзу нәтижесінде, жол көлік оқиғаның көп бөлігі адамдардың кінәсінан болатынына назар аударды. Автор себептердің бірі ретінде педагогикалық білімі жоқ адамдардың оқытуды жүзеге асыруына негізделген оқыту сапасының төмен деңгейін ашады. Келесі себеп прокурорлық тексерісте анықталғандай автомектептердің заң талаптарына сай болмауын көрсетеді. Зерделенген шетелдік тәжірибе және елдегі жағдайды талдау негізінде автор білім деңгейін арттыру бойынша нақты іс-шараларды ұсынады. Жүргізушілердің психологиялық дайындығы мәселесі де көтеріледі. Оның қажеттілігі «Жолда ашулану» сияқты көріністердің объективті болуымен, жол қозғалысына қатысушылардың өзара сыйластығының болмауымен, жол ортасына нашар психологиялық бейімделумен мәжбүр етіледі. Осыған байланысты автор жүргізушілер арасында жағымды қосалқы мәдениетті насихаттау және қалыптастыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынады. жол көлік оқиғасының себептері, жүргізушілерді оқыту сапасы, жүргізушілерді дайындау жүйесі, жаңадан бастап жүрген жүргізушілер, үздік нұсқаушылар пулы, педагогикалық қызмет, жүргізушілер психологиясы, жолдағы ашу, жүргізушілердің сенімділігі, жолдағы өзін-өзі ұстау мәдениеті, әлеуметтік жарнама
6 Т.Н. Ардан,  Р.Ф. Халилев, Д.Ө. Кұлмаханова «Жол-көлік оқиғаларының себептерін талдау» Жол қауіпсіздігі жалпы жол жүрісін ұйымдастыруда маңызды аспект болып табылады. Жыл сайын жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі – ЖКО) нәтижесінде 1,3 миллион адам қаза табады және 50 миллионнан астамы әр түрлі дәрежедегі жарақат алады. Жүргізушілердің, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік деңгейін жоғарылату негізі міндет болып табылады. Бұған ЖКО-ның пайда болу себептерін, соның ішінде жол қозғалысы ережесін бұзу, жүргізушілердің психофизиологиялық жағдайын және т.с.с. талдау жасау арқылы қол жеткізіледі. жол-көлік оқиғасы, жол-көлік жарақаттанушылығы, психофизиологиялық жағдайы, жол қозғалысы ережесі
7 М.Т. Садуов «Жол қозғалысының қауіпсіздігі. басымдылық. Үлгі құралдар» Мақалада жол инфрақұрылымдарының кемшіліктері, сондай-ақ автомобиль жолдарының негізігі техникалық-эксплуатациялық көрсеткіштері қарастырылады. Автор автожолдарды жобалау және құрылыс кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды ұсынады. Апатты болдырмау мақсатында жол қауіпсіздігі аудитінің жобалы шешімдерінің міндетті түрде өтуін қарастыру қажет. жол инфрақұрылымы, жол жағдайлары, жол қауіпсіздігінің аудиті, техникалық жоба, автомагистралдарды қайта құру
8 Ерзакович Е.В, Барабанов Р.A. «Трафиктің тынышталуы және жылдамдық режимінің төмендеуі жаяу жүрушілердің қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?» Осы мақалада жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы шетелдік тәжірибеге талдау жасалған. «Деавтомобилизация», көшелерде жүру қауіпсіздігінің және жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін басымдықтар берудің күрделі мәселелері көрсетілген. Трафикті бағындыру бойынша физикалық және физикалық емес сипаттағы шаралар ұсынылады. трафик, көлікті бағындыру, құқық қолдану, қауіпсіздік шаралары, жаяу жүргінші, қозғалыс жылдамдығының төмендеуі
9 Қ.Е. Жахин «Жолдардағы бала жарақатының және өлімнің алдын-алудың кейбір мәселелері» Мақалада жолдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кейбір іс-шаралар қаралады. Оқу мекемелері және ата-аналармен өткізу үшін қажетті балалардың жол-көлік жарақаты бойынша нақты профилактикалық-тәрбие жұмыстары ұсынылады. бала жарақаты, жол қозғалысы қауіпсіздігі, жолдарда балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу
10 Т.Н. Ардан,  Ж.Ш. Шакиев,  Р.Ф. Халилев,  Т.А. Әбдрахманов «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ғылыми негізделген тәсілдері» Мақалада жаяу жүргіншілердің жол қозғалысының толық құқылы қатысушылары ретінде жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ғылыми-негізделген тәсілдері ашылған. Оларға жылдамдық шектеулерін төмендету, қозғалысты бағындыру жүйесі, көлік құралдарының жылдамдықтарын бұғаттаудың әртүрлі жүйелері жатады. Мақалада жаяу жүргіншінің жолға кенеттен шығуының ауырлық зардаптары байланысты болатын, қозғалыс жылдамдығымен тежеу жолының ұзындығы арасындағы тәуелділік келтіріледі. Әр түрлі дамыған елдерде жылдамдықты төмендету үшін сәтті қолданылатын қозғалысты басқарудың техникалық әдістері сипатталады. Сонымен қатар, Астана қаласының ағымдағы жағдайының талдауы келтірілген. жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі, жылдамдықты шектеу, қозғалысты басқару, инфрақұрылымдық шешім
11 Корниевский Д.В. «Алматы қаласы жағдайында қауіпсіз және ыңғайлы велосипед жолдарын жобалау қағидалары» Автор өз мақаласында ең алдымен толыққанды қозғалыс үшін көлік құралдары ретіндегі велосипедті мойындамауға байланысты велоинфрақұрылымды жобалау және салу мәселелерін ашады. «Алматы қ. Тұрақты көлік» БҰҰ ДБ/ЖЭҚ жобасымен жүргізілген Алматы қ. Велосипед жолдарын зерттеу нәтижелерін сипаттайды. Көптеген қателер қала жағдайында велосипед жолдарын жобалайтын нормативті базаға, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің құқықтары мен қажеттілігін ескермеуге байланысты болатыны анықталған. Автор велосипед жолдары құрылғыларының негізгі принциптерін ашады. велоинфрасқұрылым, велосипед жолы, велосипед қою орны, велосипед жолын орнату қағидалары
12 Ким Е.Т. «Алғашқы жәрдем көрсету дағдыларын оқытудың және оларды шешу тәсілдерін енгізудің түйінді мәселелері» Мақалада автор алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдем көрсетуді реттеу мәселелеріне байланысты проблемаларға қысқаша талдау жасайды. «Алғашқы жәрдем» түсінігін және тұрғындардың көп бөлігіне алғашқы жәрдемді ЖКО орнында көрсету дағдыларын оқытуды заңнамалық бекіту қажеттілігі ашылады. Әлемдегі және Қазақстандағы ЖКО болған жарақаттарға салыстырмалы қысқаша талдау беріліп, халықаралық тәжірибе негізінде алғашқы жәрдемді стандарттау қажеттілігін негіздейді. Мақалада алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық жәрдем көрсетуге халықты оқыту бойынша Қызыл Жарты айының жүйелі жұмысын жазады. Қорытындысында автор алғашқы жәрдем түсініктерін еңгізу бойынша ұсынымдар береді. Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясы, алғашқы жәрдем, дәрігерге дейінгі жәрдем, алтын сағаттың ережесі, парамедик, алғашқы жәрдем көрсету стандарттары, алғашқы жәрдем бойынша стратегия