1. Халықаралық ғылыми қауымдастықпен қабылданған және осы нормалардың бұзылуына жол бермеу үшін өзіміздің қатарымыздағылармен, ғылыми жарияланым процестеріне қатысушылар қатарындағылармен қарым-қатынаста, кез келген бұзушылықтардан осы этикалық нормаларды сақтау мақсатында міндетті түрде барлық мақалаларды рецензиялау процедурасы жүргізіледі.
2. Журнал тақырыбына сай барлық мақалалар рецензиялануға жіберіледі.
3. Рецензиялауға редакциялық алқаның мүшелері, ғылыми ойдың даму векторын айқындайтын, Қазақстанда және шетелде өзінің ғылыми мектептері мен ізбасарлары бар, елеулі үлес қосқан, заң ғылымының әртүрлі салаларында халықаралық маңызы бар ғалымдар, сондай-ақ тиісті пәндік салалар бойынша жарияланымдары бар ғылыми ортада жоғары бағаланатын мамандар тартылуы мүмкін.
4. Рецензенттер құрамы үнемі бола бермейді және қажет болған жағдайда жыл сайын өзгертіліп отырады. Рецензиялау процедурасына мамандарды көбірек тарту мақсатында, сонымен қатар орындауды өз міндетіне алып, бірақ нақтылы пікір жазушылар өздеріне алған міндеттерін тиісті түрде орындамау болған жағдайларда, рецензенттерді ротациялау жүргізіледі.
5. Рецензенттердің міндеттері мен құқықтары:
Рецензент себептерін түсіндіріп, мақалаға пікір жазудан бас тартуға құқылы.
Рецензент міндетті:
1) мақалаға сапалы және мінсіз рецензия жүргізуге;
2) 5-қосымшаға сәйкес рецензент келісімінің сканерленген нұсқаларын және рецензияны белгіленген мерзімде электрондық поштаға жіберуге.
6. Рецензент бағалайды:
1) берілген мақаланың тиісті тақырыптың мазмұнына сай болуын;
2) тақырыптың өзектілігін;
3) ғылыми проблеманы қоюын;
4) мақала мазмұнының проблематикасын;
5) автормен ұсынылған жаңалығын, ғылыми жаңалығын;
6) талқыланған проблеманың көзжеткізулі шешімін;
7) ғылыми проблемалардың бастапқы зерттеулер нәтижесіне сай болуын;
8) терминологиялық біркелкілігін;
9) Автордың талқылып жатқан проблемалар бойынша ғылыми әдебиеттерді, соның ішінде халықаралық тәжірибені білуін;
10) Стиль мен тілдің анықтығын, қосымша ғылыми және әдеби редакциялау қажеттілігін.
7. Рецензияға талаптар:
1) рецензияда нақты шешімдер болу қажет:
осы мәселе бойынша бұрын шыққан әдебиеттерді ескере отырып, жариялау қажеттілігі туралы;
автормен қандай түзетулер мен толықтырулар енгізуі керектігі, мақаланың кемшілігі туралы;
мақаланы жариялау туралы қорытынды: «ұсынылады», «белгіленген кемшіліктерді түзетуді ескере отырып «ұсынылады» немесе «ұсынылмайды».
2) рецензия 6-қосымшадағы нысан бойынша ресімделеді, рецензенттің қолы қойылуы және рецензенттің жұмыс орны бойынша мекеменің мөрімен расталуы тиіс.