1) жариялауға арналған мақалаларда ғылыми зерттеулердің түпнұсқалар нәтижелері болуы қажет;
2) мақала мәтіні doc (Microsoft Word) А4 парағындағы форматта рәсімделеді, кітап бағытында, негізгі мәтіннің көлемі 8 бетке дейін, Times New Roman шрифінде, 14 pt, интервалы – 1,0; жолақтар арасы – біреу; форматтау – ені бойынша, абзацтық шегіну – 1,25 см, барлық жағынан өрістері – 20 мм, нөмірлеу міндетті түрде беттің төменгі жағындағы ортада;
3) мақала электронды түрде беріледі, рәсімделген келесі мәліметтердің көрсетілуімен беріледі:
сол жақ бұрышында УОК (Универсалды ондық классификатор), МҒТАР (Мемлекетаралық ғылыми-техникалық ақпараттар рубрикаторы) (http://grnti.ru);
автордың (авторлардың) аты-жөні (3 автордан аспау қажет), ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, академиялық дәрежесі, жұмыс орыны, қаласы, мемлекеті, мақаланың аты (жартылай боялған басты әріптермен), түйіні (сөздердің саны 100-ден 150-ге дейін), түйінді сөздері (8-10 сөз) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Ұйымның толық аты, қаласы, мемлекеті (егер де авторлар басқа ұйымдарда жұмыс жасайтын болса, автор фамилясының және тиісті ұйымның қасына бірдей белгі қойылуы қажет). Түйінді сөздер мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі, мүмкіндігінше тақырып аты мен түйіндегі сөздер қайталанбауы тиіс, терминдерді мақала мәтінінен пайдаланған жөн, сонымен қатар мақаланы ақпаратты жүйелерден табуды кеңейтетін және оны жеңілдетуге мүмкіндік беретін, басқа да маңызды ұғымдар мен мәнінің саласын анықтайтын терминдердің болуы қажет;
мақала мәтінінде кіріспенің болуы, міндеттердің қойылуы, мақсат, зерттеу әдісі, нәтиже/талқылау, қорытынды/шешім;
пайдаланылған әдебиеттер, ақпарат көздері мақаланы дайындау барысында (әдебиеттер тізімі) оның соңына орналасады (соның ішінде 1/3 кем емес шет тіліндегі шетелдік сілтемелер көздерінің болуы). Редакциялық алқа әдебиеттер тізімінде (Scopus, Web of Science) журналдарының жаһан бойынша индекстер сілтемелері бар мақалаларына сілтеме жасауды ұсынады. Мақалада сілтемелер аталу тәртібі бойынша нөмірленуі қажет. Мақаладағы сілтемелер нөмірі квадратты жақшалармен рәсімделеді. Мақаладағы әдебиеттерге бірінші сілтеме [1] нөмірлі болуы қажет, екінші – [2] және с.с. Материалдың авторы көрсетілмеген электрондық ресурстар, статистикалық жинақтар, нормативтік-құқықтық актілер әр беттік сілтемелерде көрсетіледі және пайдаланылған әдебиеттер тізімі енгізілмейді. Мақаланың негізгі мәтініндегі кітапқа сілтеме пайдаланылған беттерді көрсетуі қажет (мысалы, [2, 545 б.]). Әдебиеттер тізімі ГОСТ 7.1.-2003 «Библиографиялық жазба. Жалпы талаптар және толтыру ережесіне» сәйкес рәсімделеді.
Қайта сілтеме жасалған кезде алдыңғы қолданған сілтеме нөмірі беріледі. Интернет-ресурстарға сілтеме жасалғанда автор, мақала мәтіні көрсетіледі, көздері, электрондық толық мекен-жайы, оған кірген күні көрсетіледі. Жеке хабарламаларға, есептерге, қорғалмаған диссертацияларға және басқа да жарияланбаған материалдарға сілтеме жасауға рұқсат етілмейді. Мақаладағы әдебиеттер тізімі роман әліпбиімен (References) рәсімделеді. http://translit.ru сайтында орыс әліпбиінен латыншаға транслитерация жасайтын бағдарлама бар. Автордың өзіне-өзі сілтеме жасауы әдебиеттер тізіміндегі сілтемелердің жалпы санымен салыстырғанда 20% аспауы қажет.
Сапалы рәсімделген және аударылған түйін, түйінді сөздер, әдебиеттер тізімі мақалаға деген ынтаны, сонымен қатар шетелдік әріптестердің сілтеме жасауын арттырады;
4) қолжазбаның соңғы бетінде «мақала бірінші рет жарияланады» деген жазу, күні және автордың (авторлардың) қолы болуы қажет;
5) формула теру үшін формулалар редакторы Microsoft Eguation 3.0. пайдаланылады. Формулалар латын әліпбиімен теріледі, шрифтің көлемі 11. Мақалада сілтеме бар формулалар ғана нөмірленеді.
Кестелер, суреттер (графикалық материалдар) айтылғаннан кейін орналастырылуы қажет.
Әрбір иллюстрациядан кейін жазу болуы қажет. Суреттер анық, барлық детальдарды жеткізе алатындай күйде орындалуы қажет, нөмірленген, қол қойылған және электронды түрде берілуі тиіс. Кестенің атауы бас әріптермен, ал оның астындағылар жолақтағы әріптермен жазылса да болады, егер де олар бір сөйлемді құраса.
Көпшілікке белгілілерден басқа барлық аббревиатуралар және қысқартулар, мәтінде бірінші рет қолданғаннан бастап ашылып жазылуы қажет.
Әдебиеттер тізімін рәсімдеу мысалдары
Бап.
З.А. Загиней. Украинада заңды тұлғаларға қатысты қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды қолдану ерекшеліктері: Қылмыстық кодекстің негізгі ережелері / З.А. Загиней // «Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы» ғылыми журналы. – 2018. – № 4 (10). – 30-40 б.
Ағылшын тіліне транслитерация: Zaginej, Z.A. Osobennosti primenenija mer ugolovno-pravovogo haraktera v otnoshenii juridicheskih lic v Ukraine: osnovnye polozhenija Ugolovnogo kodeksa / Z.A. Zaginej // Nauchnyj zhurnal «Құқyқ қorғau organdary akademijasynyң Zharshysy». – 2018. – № 4 (10). – S. 30-40.
Кітап.
О.М. Локуциевский. Сандық талдаудың басталуы / О.М. Локуциевский, М.Б. Гавриков. – М.: «Янус» ЖШС, 1995. – 581 Б.
Ағылшын тіліне Транслитерация: Lokucievskij, O. M. Nachala chislennogo analiza / O. M. Lokucievskij, M. B. Gavrikov. – M.: TOO «Janus», 1995. – 581 s.
Электрондық ресурстар.
Л.Ю. Кролис. Салық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік [Электрондық ресурс] / Л. Ю. Кролис. – Диссертация. – Екатеринбург, 1996. – 193 б. – Қол жеткізу режимі: https://www.dissercat.com/content/administrativnaya-otvetstvennost-za-narushenie-nalogovogo-zakonodatelstva (өтініш берген күні: 08.06.2020).
Ағылшын тіліне Транслитерация: Л.Ю. Кролис. Administrativnaja otvetstvennost’ za narushenie nalogovogo zakonodatel’stva [Jelektronnyj resurs] / L.Ju. Krolis. – Dissertacija. – Ekaterinburg, 1996. – 193 s. – Rezhim dostupa: https://www.dissercat.com/content/administrativnaya-otvetstvennost-za-narushenie-nalogovogo-zakonodatelstva (data obrashhenija: 08.06.2020).
Ресми құжаттар.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 388-V Заңы – [Электрондық ресурс] – Қол жеткізу режимі: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=35669011 (өтініш берген күні: 03.09.2020).
Ағылшын тіліне транслитерация: O vnesenii izmenenij i dopolnenij V nekotorye zakonodatel ‘nye akty Respubliki Kazahstan po voprosam dejatel’ nosti mestnoj policejskoj sluzhby: Zakon Respubliki Kazahstan ot 2 nojabrja 2015 g. № 388-V. – [jelektronnyj resurs] – rezhim dostupa: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=35669011 (data obrashhenija: 03.09.2020).».