Мақалаларды рецензиялау бойынша талаптар

  1. Халықаралық ғылыми қоғамдастық қабылдаған этикалық нормаларды сақтау және осы нормалардың кез келген бұзылуын болдырмау үшін өз жұмысында да, ғылыми жарияланымдар процесінің барлық қатысушыларымен қарым-қатынаста да мақалаларды рецензиялаудыңміндетті процедурасы жүргізіледі.
  2. Жаршының талаптары мен тақырыбына сәйкес келетін, сондай-ақ көшіріп алудың (плагиатқа қарсы) бар-жоғына тексеруден өткен мақалалар рецензиялауға жіберіледі.
  3. Рецензиялауға ғылыми ойдың даму векторын айқындайтын, Қазақстанда және шетелде өзінің ғылыми мектептері мен ізбасарлары бар, заң ғылымының әртүрлі салаларында халықаралық маңызы бар елеулі үлес қосқан ғалымдар, сондай-ақ тиісті пәндік салалар бойынша жарияланымдары бар ғылыми топтарда жоғары баға берілген мамандар тартылуы мүмкін.
  4. Рецензенттердің құрамы тұрақты емес және қажет болған жағдайда жыл сайын жаңартылып отырады. Рецензенттерді ротациялау рецензиялау рәсіміне мамандардың барған сайын кең ауқымын тарту үшін, сондай-ақ белгілі бір рецензент өзіне алған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда жүргізіледі.
  5. Рецензиялау кезінде рецензент:

1) тақырыпта мәлімделген мақала мазмұнының тақырыпқа сәйкестігін;

2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және проблемасын;

3) талқыланатын мәселені шешудің дәйектілігі, материалды ұсынудың логикасын;

4) зерттеу нәтижелерінің ғылыми проблеманың бастапқы қойылымына сәйкестігін;

5) терминологиялық бірегейлігін;

6) автордың талқыланатын проблемалар шеңбері бойынша ғылыми әдебиеттерді білуін, оның ішінде халықаралық тәжірибені;

7) жазудың сапасы мен құрылымы, логикалық байланысы, тіл мен стильдің айқындылығын;

8) қорытындылар мен ұсынымдардың болуын, олардың негізділігін, теориялық және практикалық маңыздылығын бағалайды.