Мақалаларды қарау тәртібі

Нөмірде жариялануға бір уақытта автордың жеке мақаласы және бір басқа бір авторлармен бірге дайындалған мақала қабылданады.

Материалдарды қабылдау және Журнал нөмірін құру келесі мерзімде жасалады:

  1. тоқсанның бірінші айы – материалдарды жариялауға қабылдау;
  2. тоқсанның екінші айы – Журнал нөмірін құру бойынша Редакциялық алқаның және Редакцияның жұмыстары;
  3. тоқсанның үшінші айы – Журнал нөмірінің жобасын баспаханаға беру, Журналды жариялау.

Мақалалар авторларға қойылатын талаптарды қатаң сақтаған кезде ғана және мақалалардың түпнұсқасы мен ілеспе құжаттары түгел болғанда қабылданады.

Автордың Журналға мақала жіберуі оларды Академиямен Журналға және кез келген шетел тілдерінде қайта басып шығару құқығын білдіреді.

Келіп түскен материалдар Редакциялық алқа мен Редакцияда қаралады. Авторларға жарияланым мерзімдері туралы ақпарат рецензиялаудан өткен мақалалар қаралғаннан кейін ғана хабарланады.