- Халықаралық ғылыми қоғамдастық қабылдаған этикалық нормаларды сақтау және осы нормалардың кез келген бұзылуын болдырмау үшін өз жұмысында да, ғылыми жарияланымдар процесінің барлық қатысушыларымен қарым-қатынаста да мақалаларды рецензиялаудыңміндетті процедурасы жүргізіледі.
- Жаршының талаптары мен тақырыбына сәйкес келетін, сондай-ақ көшіріп алудың (плагиатқа қарсы) бар-жоғына тексеруден өткен мақалалар рецензиялауға жіберіледі.
- Рецензиялауға ғылыми ойдың даму векторын айқындайтын, Қазақстанда және шетелде өзінің ғылыми мектептері мен ізбасарлары бар, заң ғылымының әртүрлі салаларында халықаралық маңызы бар елеулі үлес қосқан ғалымдар, сондай-ақ тиісті пәндік салалар бойынша жарияланымдары бар ғылыми топтарда жоғары баға берілген мамандар тартылуы мүмкін.
- Рецензенттердің құрамы тұрақты емес және қажет болған жағдайда жыл сайын жаңартылып отырады. Рецензенттерді ротациялау рецензиялау рәсіміне мамандардың барған сайын кең ауқымын тарту үшін, сондай-ақ белгілі бір рецензент өзіне алған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда жүргізіледі.
- Рецензиялау кезінде рецензент:
1) тақырыпта мәлімделген мақала мазмұнының тақырыпқа сәйкестігін;
2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы және проблемасын;
3) талқыланатын мәселені шешудің дәйектілігі, материалды ұсынудың логикасын;
4) зерттеу нәтижелерінің ғылыми проблеманың бастапқы қойылымына сәйкестігін;
5) терминологиялық бірегейлігін;
6) автордың талқыланатын проблемалар шеңбері бойынша ғылыми әдебиеттерді білуін, оның ішінде халықаралық тәжірибені;
7) жазудың сапасы мен құрылымы, логикалық байланысы, тіл мен стильдің айқындылығын;
8) қорытындылар мен ұсынымдардың болуын, олардың негізділігін, теориялық және практикалық маңыздылығын бағалайды.