Түйін — мақалаға тәуелсіз ақпарат көзі, мәселенің маңыздылығын, оны шешу жолдарын, нәтижелерін және тұжырымдарын қамтитын жұмыстың қысқаша сипаттамасы. Бұл мақаланың тақырыбы мен мақсатына қатысты басқа немесе жақын мақалалармен салыстырғанда жаңалыққа ие екенін көрсетеді. Ұсынылған көлемі – 100-150 сөз қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
Түйін жазған кезде, төмендегілерге назар аудару қажет:
- мақаланың өзінің аты, оның мәтініндегі ақпарат қайталанбауы керек;
- суреттер, кестелер, ішкі мәтіндік сілтемелер, қысқартулар, авторлық қысқартулар, мақаланың өзінде жоқ материал бермеуге;
- жаңадан өзгеше болған немесе осы жұмыстың тұрғысынан қызығушылық тудыратын жағдайда ғана, жұмыс әдісі немесе әдістемесі жазылуы қажет;
- жұмыстың нәтижелерін дәлірек және ақпаратты түрде жазу;
- негізгі теориялық және тәжірибелік нәтижелерді, дәлелдемелерді, нақтылы мәліметтерді және үлгілерді келтіру;
- ғылыми-техникалық құжаттардың тіліне тән синтаксистік конструкцияларды қолдануға, күрделі грамматикалық конструкцияларды, кіріспе сөздерді, ортақ тұжырымдарды болдырмау.