Авторлар үшін

«Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы» ғылыми журналы тоқсанына бір рет шығады, материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады. Негізгі тақырыптық бағыттар: заңдық және қоғамдық ғылымдар. Журналдың меншік иесі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.

«Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы» ғылыми журналы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде тіркелген. 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 15969-Ж тіркеу куәлігі.

«Құқық қорғау органдары академиясының жаршысы» ғылыми журналына мақалаларды ресімдеу бойынша талаптар:

1. Мақала журналдың тақырыптық бағыттарының саласына сәйкес ерекше ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы тиіс. Мақала редакциялық кеңес (редакциялық алқа) құрамына кірмейтін кем дегенде екі тәуелсіз ғалым немесе тиісті тақырып бойынша мамандар берген сынпікірлермен қоса тапсырылады. Сынпікірде жариялауға ұсынылған материалдың мазмұны, ғылыми құндылықтары мен жаңашылдығы туралы мәліметтер бейнеленеді.

2. Мақала көлемі машинкамен басылған 6 беттен кем және 16 беттен артық болмауы тиіс, Word for Windows 6.0 редакциясында басылған, Times New Roman, 14 pt, интервал – 1,0; ашық жиек – жоғарғы жағы 2 см, төменгі жағы 2 см, сол жағы 3 см, оң жағы 1,5 см. болуы керек.

3. Мақала көрсетілген мәліметтермен ресімделе отырып, қағазға шығарылған түрде бір данада тапсырылады:

  • сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ индексі
  • автордың (авторлардың) тегі, аты-жөні; мақаланың атауы, қысқаша түйін, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйінді сөздер;
  • мақала мәтіні;
  • әдебиеттер тiзiмi.

4. Жеке бетте автор (авторлар) туралы мәліметтер, оның (олардың) ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны, телефон, индекс, байланыс мекен-жайы, электрондық поштасын көрсете отырып пошталық мекенжайы, докторанттар мен магистранттар үшін ғылыми мамандық атауы көрсетіле отырып қоса беріледі.

5. Мақала мәтіні редакциялануы, автордың жете оқуы және басқы бетіне қолы қойылуы керек. Иллюстрациялар (суреттер, кестелер) (tif, pcc, jpg, pcd, msp, dib, cdr, cgm, eps, wmf форматындағы) графикалық редакторлардың бірінде орындалып, мақала мәтінінде орналасуы тиіс. Сондай-ақ кестелерді «Excel», «Quattro Pro», «MS Graph» кестелік процессорлар көмегімен құру және ұсынуға рұқсат етіледі. Әр суреттің қолтаңбасы болуы тиіс. Суреттерде контрасты бейне болуы тиіс. Кестелер тікелей мақала мәтінінде орналасады. Әрбір кестеде тақырып болуы тиіс. Формулалар мен шамалардың әріптік белгілері МS Word формулалық редакторында терілуі керек. Мақалада қолданылатын физикалық шамалардың өлшемділігі Халықаралық бірліктер жүйесінде (БЖ) сәйкес келуі тиіс. Жалпы қабылданыстағы қысқартылған сөздерден басқаны қолдануға болмайды.

6. Әдебиеттер тізімі сілтеменің берілу ретіне қарай мақаланың соңында құрастырылады. Сонымен бірге автордың аты-жөні, кітаптің (мақаланың) толық атауын, басылымның шығарылған орнын (қаласы, баспаның атауы), жылын, беттердің жалпы санын, ал журналда – жылын, нөмірін, бетін көрсету керек. Мақала мәтінінің пайдаланылған дерек көздің сілтемесі квадрат жақшамен беріледі.

7. Редакция материалға қажетті түзету мен қысқарту жасауға, сонымен қатар қабылдамауға құқылы. Қолжазбалар қайтарылмайды және сынпікір берілмейді. Материалды қабыл алмау жағдайда редакция алқасы авторды (авторларды) қабыл алмауы туралы хабарлайды және редакция алқасы мүшесінің пікір көшірмесін жібереді.

8. Автор ұсынылған материалдардың шынайылығына жауап береді.

9. Редакция жариялау мерзімдер бойынша өзіне міндеттеме алмайды. Материалдар олардың редакцияға түсу кезектігі тәртібімен жарияланады. Егер материал авторға (авторларға) түзеуге жіберілсе, онда түсу мерзімі ретінде автордың (авторлардың) өңделген материалды қайтару мерзімі есептеледі.

10. Әрбір авторға (авторларға) бір шығарылымда екі материалға дейін жариялауға мүмкіндік беріледі.

11. Мақалаларға қаламақы қарастырылмаған.

12. Қолжазбалар редакция е-mail-на: 7171402@prokuror.kz немесе мына пошталық мекенжайға жібереледі: Қазақстан Республикасы, 021804, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.