Реквизиттер

Журналдың меншік иесі мен құрылтайшысы «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы» ММ болып табылады.

Журнал 2016 жылы құрылған.

Мерзілімдігі – жылына 4 рет

Журнал байланыс және ақпараттандыру бойынша құзретті мемлекеттік органда тіркелген. 2016 жылдың 25 сәуірінде № 15969-Ж тіркеу куәлігі берілген. Басылым халықаралық ISSN 2518-7252 орталығында тіркелген.

2019 жылдың 17 сәуіріндегі білім және ғылым саласындағы құзретті мемлекеттік органы шешімімен (№ 936 бұйрығы) Журнал ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне, заң ғылымдары бөліміне енгізілген.

Кез келген автор құқығының бұзылуы заң бойынша қудаланады.

Журнал материалдарын қайта басып шығару тек қана Редакцияның келісімі бойынша рұқсат етіледі.

Журнал Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханаларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кітап палатасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретті органға, сонымен қатар қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, казақстандық және шетелдік және білім беру ұйымдары, Журналдың Редакциялық алқа мүшелері мен Академия серіктестеріне жіберіледі.