Рецензиялау бойынша талаптар

Журнал рецензияланатын болып табылады. Мақалаға рецензия кемінде екі тәуелсіз ғалымның немесе сала тақырыбының сәйкестігі бойынша мамандармен жасалады.

Рецензиялауға халықаралық маңызы бар заң ғылымдарының жан-жақты салаларына маңызды үлес қосқан, ғылымның даму векторын анықтайтын, Қазақстан мен шетелдерде өздерінің ізбасарлары мен өздерінің ғылыми мектебі бар, сонымен қатар тиісті салалар бойынша жарияланымдары бар жоғары сілтемелі ғылыми ортадағы мамандар, ғалымдар тартылуы мүмкін.

Рецензияға қойылатын талаптар:

1) рецензияда нақтылы шешімдер болу қажет:

осы мәселе бойынша бұрын шыққан әдебиеттерді ескере отырып, жариялау қажеттілігі туралы;

автормен қандай түзетулер мен толықтырулар енгізілуі керектігі, мақаланың кемшілі туралы;

мақаланы жариялау туралы қорытынды: «ұсынылады», «белгіленген кемшіліктерді түзетуді ескере отырып «ұсынылады» немесе «ұсынылмайды».

2) рецензия басылым түрінде рәсімделеді, рецензенттің жұмыс орны бойынша мөрмен расталуы және пікір жазушының қолы қойылуы қажет.