Мақалаға қойылатын талаптар

Мақала сапасына қойылатын талаптар

1) саладағы жаңалығы, әдісі немесе нәтижесі – түпнұсқалығы;

2) ғылыми әдісі — шешімдердің объективтілігі және шынайылығы;

3) сапалы жазылуы және материалдардың құрылымдылығы, анық жазылуы, ұстанымды мазмұндау және міндеттерді шешуі;

4) зерттеудің негізгі нәтижелерін көрсетуі;

5) жұмыстың нәтижесін және оның өзектілігін бағалауда халықаралық/жаһандық ұстанымда болуы;

6) Журналдың тақырыбы мен рәсімделуі ережелерге сәйкес болуы.

Мақалаларды рәсімдеу бойынша талаптар

1) Журналда материал жариялау үшін автормен өтініш толтырылады (өтініш формасын жүктеу), кафедра (құрылым) мекеме отырысының талқылау туралы хаттама үзіндісімен бірге, жариялауға ұсынылған мақаланың мәтіні қосылып жіберіледі. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар, ғылыми жетекшісінің/кеңесшісінің қолы қойылған және мекеме мөрімен расталған мақала көшірмесінің әр бетін жібереді;

2) жариялауға арналған мақалаларда ғылыми зерттеулердің түпнұсқалар нәтижелері болуы қажет;

3) мақала мәтіні doc (Microsoft Word) А4 парағындағы форматта рәсімделеді, кітап бағытында, негізгі мәтіннің көлемі 8 бетке дейін, Times New Roman шрифінде, 14 pt, интервалы – 1,0; жолақтар арасы – біреу; форматтау – ені бойынша, абзацтық шегіну – 1,25 см, барлық жағынан өрістері – 20 мм, нөмірлеу міндетті түрде беттің төменгі жағындағы ортада;

  • мақала электронды түрде беріледі, рәсімделген келесі мәліметтердің көрсетілуімен беріледі:

сол жақ бұрышында УОК (Универсалды ондық классификатор), МҒТАР (Мемлекетаралық ғылыми-техникалық ақпараттар рубрикаторы) (http://grnti.ru);

автордың (авторлардың) аты-жөні (3 автордан аспау қажет), ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, академиялық дәрежесі, жұмыс орыны, қаласы, мемлекеті, мақаланың аты (жартылай боялған басты әріптермен), түйіні (сөздердің саны 100-ден 150-ге дейін), түйінді сөздері (8-10 сөз) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Ұйымның толық аты, қаласы, мемлекеті (егер де авторлар басқа ұйымдарда жұмыс жасайтын болса, автор фамилясының және тиісті ұйымның қасына бірдей белгі қойылуы қажет). Түйінді сөздер мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі, мүмкіндігінше тақырып аты мен түйіндегі сөздер қайталанбауы тиіс, терминдерді мақала мәтінінен пайдаланған жөн, сонымен қатар мақаланы ақпаратты жүйелерден табуды кеңейтетін және оны жеңілдетуге мүмкіндік беретін, басқа да маңызды ұғымдар мен мәнінің саласын анықтайтын терминдердің болуы қажет;

мақала мәтінінде кіріспенің болуы, міндеттердің қойылуы, мақсат, зерттеу әдісі, нәтиже/талқылау, қорытынды/ шешім;

пайдаланылған әдебиеттер, ақпарат көздері мақаланы дайындау барысында (әдебиеттер тізімі) оның соңына орналасады (соның ішінде 1/3 кем емес шет тіліндегі шетелдік сілтемелер көздерінің болуы). Редакциялық алқа әдебиеттер тізімінде (Scopus, Web of Science) журналдарының жаһан бойынша индекстер сілтемелері бар мақалаларына сілтеме жасауды ұсынады.

Мақалада сілтемелер аталу тәртібі бойынша нөмірленуі қажет. Мақаладағы сілтемелер нөмірі квадратты жақшалармен рәсімделеді. Мақаладағы әдебиеттерге бірінші сілтеме [1] нөмірлі болуы қажет, екінші — [2] және с.с. Мақаланың негізгі мәтініндегі кітапқа сілтеме пайдаланылған беттерді көрсетуі қажет (мысалы, [2, 545 б.]). Әдебиеттер тізімі ГОСТ 7.1.-2003 «Библиографиялық жазба. Жалпы талаптар және толтыру ережесіне» сәйкес рәсімделеді.

Қайта сілтеме жасалған кезде алдыңғы қолданған сілтеме нөмірі беріледі. Интернет-ресурстарға сілтеме жасалғанда автор, мақала мәтіні көрсетіледі, көздері, электрондық толық мекен-жайы, оған кірген күні көрсетіледі. Жеке хабарламаларға, есептерге, қорғалмаған диссертацияларға және басқа да жарияланбаған материалдарға сілтеме жасауға рұқсат етілмейді. Мақаладағы әдебиеттер тізімі роман әліпбиімен (References). рәсімделеді. http://translit.ru сайтында орыс әліпбиінен латыншаға транслитерация жасайтын бағдарлама бар. Автордың өзіне-өзі сілтеме жасауы әдебиеттер тізіміндегі сілтемелердің жалпы санымен салыстырғанда 20% аспауы қажет.

Сапалы рәсімделген және аударылған түйін, түйінді сөздер, әдебиеттер тізімі мақалаға деген ынтаны, сонымен қатар шетелдік әріптестердің сілтеме жасауын арттырады.

5) қолжазбаның соңғы бетінде «мақала бірінші рет жарияланады» деген жазу, күні және автордың (авторлардың) қолы болуы қажет;

6) формула теру үшін формулалар редакторы Microsoft Eguation 3.0. пайдаланылады. Формулалар латын әліпбиімен теріледі, шрифтің көлемі 11. Мақалада сілтеме бар формулалар ғана нөмірленеді.

Кестелер, суреттер (графикалық материалдар) айтылғаннан кейін орналастырылуы қажет.

Әрбір иллюстрациядан кейін жазу болуы қажет. Суреттер анық, барлық детальдарды жеткізе алатындай күйде орындалуы қажет, нөмірленген, қол қойылған және электронды түрде берілуі тиіс. Кестенің атауы бас әріптермен, ал оның астындағылар жолақтағы әріптермен жазылса да болады, егер де олар бір сөйлемді құраса.

Көпшілікке белгілілерден басқа барлық аббревиатуралар және қысқартулар, мәтінде бірінші рет қолданғаннан бастап ашылып жазылуы қажет.

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу мысалдары

Мақала.

Загиней З.А. Особенности применения мер уголовно-правового характера в отношении юридических лиц в Украине: основные положения Уголовного кодекса//Научный журнал «Құқық қорғау органдары академиясының Жаршысы» № 4 (10), — 2018, — С.30-40. – журнал.

Ағылшын тіліне транслитерация:

Zaginey Z.A. — Osobennosti primenenyaj mer ugolovno-prawowogo charaktera v otnochenii juridicheskih lizh v Ukraine osnovnjie polocheniyaj Ugolovnogo kodeksa [Features of the application of criminal law measures in relation to legal entities in Ukraine: the main provisions of the Criminal Code] Nauchnjii churnal «Vestnik Academii pravoochranitelnjih organov» [scientific journal «The bulletin of academy of law enforcement agencies»] 4, 30-40 (2018) – journal.

Кітап.

Локуциевский О.М., Гавриков М.Б. Начала численного анализа. – М.: ТОО «Янус», 1995. -581 с. – книга.

Ағылшын тіліне транслитерация: Lokucievskij O.M., Garvrikov M. B. Nachala chislennogo analiza [Elements of numerical analysis] (Yanus, Moscow, 1995) – book.