Редакциялық этика

Журнал этикасы

1) Журнал бұрын жарияланған, сонымен қатар бөлініп жарияланған материалдарды қабылдамайды;

2) Журнал заң талаптарына сәйкес: плагиат және авторлық құқықтарды бұзбауға, жала жабуға жол бермеуге, ғылыми этикаларға сай қабылданған критерияларды ескере отырып және берілген рецензия бойыша материалдардарға таңдау жасауды міндетіне алады;

3) Журнал жариялануға келіп түскен материалдарды авторлардың нәсіліне, жынысына, этникалық тегіне, азаматығына, саяси және діни көзкарастарына қарамайтын принциптерді негізге ала отырып, баға беруді міндетіне алады;

4) Журнал келіп түскен материалдардың мәтін алу мәнін (Антиплагиат) жүйесімен тексеруді міндетіне алады;

5) Журнал материалдарды келіп түскен кезден бастап үш ай ішінде қайта өңдеуге қайтаруды немесе одан бас тартуды, жариялау туралы шешім қабылдауды және рецензиялауды міндетіне алады;

6) Журнал матералды жариялаудан бас тарту және оны қайта өңдеуге жіберу туралы шешім қабылдаған жағдайда – осы шешім туралы жеткілікті түрде негіз беруді, ал егер де жариялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, авторды нөмірдің баспаханадан шығу мерзімі туралы хабардар етуді міндетіне алады;

7) Материалға дұрыс рецензия берілмей, басып шығарудан бас тартылған жағдайда, автордың талабы бойынша Журнал рецензия авторы көрсетілмеген рецензия нұсқасын беруді міндетіне алады;

8) Берілген немесе бұрын жарияланған материалдарға қатысты этикаға туралы негізделген арыз түскен жағдайда Журнал: қарауға, арызды Журнал басқармасымен талқылауға, түзетуді жариялауға, жоққа шығаруға немесе тиісті өтініштер жасап, шара қолдануды міндетіне алады;

9) Журнал редакциясы материалдарға ретракция процедураларын жүргізу құқығын өзінде қалдырады. Ретракция дегеніміз Журналға берілген материалдардан: мақаладағы мәліметтерден фабрикация немесе фальсификация фактілерін табу; олардан негізсіз (мағынасы бойынша, көлемі бойынша) мәтін алуды (плагиат) табу. Ретракция мақаламен жұмыс кезіндегі процесте де, немесе қолжазбаны жариялағаннан кейін (жоғарыда аталған фактілер кейінірек белгілі болған жағдайда) анықталған кезде де жүргізілуі мүмкін.

Бұл жағдайда мақаланы ретракциялау мақала жүктелген Журналдан да және оның ресми сайтынан да, Академия Репозиториясынан да жүргізіледі. Тиісті ақпарат Журналмен жүргізілген ретракция процедурасынан кейінгі нөмірде жариланады;

10) Журнал берілген материалдар туралы ақпаратты автормен, рецензенттен басқа біреулерге ашпауды міндетіне алады;

11) Журнал жариялануға келген материалдарды редакторлардың, рецензенттердің және басқа қолжазбамен жұмыс жасауға тартылған қызметкерлердің жұмыстарында пайдаланбауды міндетіне алады;

12) Журнал жариялануға берілген материалдарда мүдделер қақтығыстары болған жағдайда оларды қараудан бас тартуды, сонымен қатар автордан мүдделер қақтығыстары туралы ақпарат талап етуді міндетіне алады;

13) Редакциялық алқаның құрамы өзгерген жағдайда Журнал жарияланған материал туралы алдыңғы шешімді бұзбауды міндетіне алады.

Автор этикасы.

Автор (авторлар ұжымы) Журналға материалдар бергенде оның жаңалығы мен ғылыми зерттеулер нәтижесінің шынайылығына, жеке жауапкершіліктің барын біледі және келесі принциптерді сақтауды меңзейді:

1) автор жариялауға беріліп жатқан материалдардағы зерттеулерінің өзектілігін және материалдағы келтірілген мәліметтердің нақтылы екенін кепілдеп, қол жеткізген нәтжелерді дәлелдейтінін, сонымен қатар зерттеудің объективтілігін негіздеп, көрсетуі қажет;

2) автор басқа авторлардың сілтемелерін Журналдың Талаптарына сәйкес рәсімдей отырып, берілген материалдардың түпнұсқалығына кепілдік беруі қажет;

3) автор берілген материалдарда кез келген формадағы плагиаттың жоқ екеніне кепілдік беруі қажет. Мәтін алу фрагменттері немесе бекітулері міндетті түрде автор мен мәліметтер көздерін көрсете отырып, рәсімделуі қажет. Өте көп мәтін алу, сонымен қатар кез келген формадағы плагиат, сілтемелердің рәсімделмеуі, сөздерді өзгертіп жазу немесе басқа зерттеулердің нәтижесін алып алу этикаға сай емес және оны қолдануға болмайды;

4) авторлар басқа Журналға жіберген және қаралып жатқан қолжазбаларды, сонымен қатар басқа журналда жарияланған мақаланы Журналға бермеуі қажет;

5) егер авторлық құқығы бар мақаланың басқа мерзімді баспада немесе кітапта бір бөлігі жарияланған болса, авторлар жаңа жарияланымға уақытылы рұқсат алуына байланысты жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен, егер де қолжазбаның қандай-да бір бөлігі бұрын жарияланған болып шықса, авторлар ертеректегі жұмысын көрсетіп және бұрын жарияланған жұмыстың айырмашылығын көрсетуге міндетті;

6) үшінші тұлғалардың зерттеулеріне қатысты ескертперлер жасағанда немесе оларды сынға алғанда автор этикалық нормаларды сақтауы қажет;

7) қалай да бір зерттеулерге әсер еткен барлық тұлғалардың үлесін мойындау қажет, мысалы зерттеулерді жүргізгенде маңызды болған мақаладағы жұмыстарға сілтемелер берілуі керек;

8) зерттеу жүргізгенде маңызды үлес қосқан және бірге жазған авторлардың барлығының аттары көрсетілуі қажет. Зерттеулерге қатыспаған тұлғаларды авторлар қатарына қосуға жол берілмейді;

9) жариялануға беріліп жатқан материалдардың соңғы нұсқасымен барлығының келіскендігі жөнінде автор кепілдік беруі қажет;

10) егер де автор мақаланы қарау сатысында немесе жарияланғаннан кейін, маңызды қателерді немесе нақтылы еместікті тапса, ол кешіктірмей журнал редакциясына хабарлауы қажет;

11) қолжазбаны жариялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, автор ешқандай да шектеусіз түрде мәтінге құқығын сақтайды, сонымен қатар оны басып шығару мен тарату (электрондық және қағаз нұсқаларын) құқығын берумен келіседі;

12) автор Редакциялық алқаның, Редакцияның және рецензенттердің жұмысына құрметпен қарауы қажет, сонымен қатар көрсетілген кемшіліктерді жоюы немесе оларды негіздеп түсіндіруі керек.

Ғылыми жарияланымдарды редакциялау этикасы.

Өз қызметінде Журналдың Редакциялық алқасы авторлық туындыларды жарыққа шығарғаны үшін жауапты болады, сондықтан ол келесі негізгі принциптерді сақтауды қажет етеді:

1) жариялау туралы шешім қабылдар кезде Редакциялық алқа, қаралып жатқан жұмыстың ғылыми маңыздылығын және берілген мәліметтердің шынайылығын басшылыққа алады;

2) автордың зияткерлік меншігінің құқығын сақтайды, белгілі артықшылықтар арқасында редакциялау кезінде алынған ақпараттар немесе идеялар құпиялы түрде сақталуы қажет және жеке пайда табу мақсатында пайдаланылмауы керек;

3) Редакциялық алқа материалды жариялау туралы шешімді келесі басты критерияларды басшылыққа ала отырып қабылдайды: қолжазба мақалаларының Журнал тақырыбына сәйкестігі, берілген мақаланың өзектілігі, жаңалығы мен ғылыми маңыздылығы және нәтижелердің шынайылығы мен шешімнің аяқталуы. Зерттеудің сапасы мен оның өзектілігі жариялауға шешім қабылдау үшін негіз болып табылады; плагиат жеткілікті түрде есептелетін негіз болған жағдайда ақпаратты жариялауға жол бермеу.

4) мақаланы жариялау туралы қорытынды шешім қабылдау кезінде Редакциялық алқа рецензенттердің ұсынысын ескеруге міндетті. Жариялау туралы шешім қабылданғаны үшін жауапкершілік Журналдың Редакциялық алқасына артылады.

5) мақаланы рецензиялауға тиісті ғылым саласының ғалымдарын тарту;

6) қақтығыстық жағдайда білінгенде бұзылған құқықтарды қалпына келтіруде барлық шараларды қабылдау, сонымен қатар қаралған немесе жарияланған қолжазбаларға қатысты талап қоюшыларды жауапсыз қалдырмау.

Рецензент этикасы

Рецензент авторлық материалдарға ғылыми сараптама жасайды, соның салдарынан оның іс-әрекеті келесі этикалық принциптерді сақтауы қажет:

1) алынған кез келген қолжазбалар құпиялы ақпарат есебінде қабылдануы қажет, жұмыстарды автордың қолжазбаларымен жұмыс жасауға Редакциялық алқамен уәкілеттенген басқа тұлғалармен талқылауға жол берілмейді;

2) сынды ескертулер беру және мақалаға келесі объективті ғылыми критериялармен баға беруді басшылыққа алу: Журналдың профиліне сәйкестігі, ғылыми жаңалығы, зерттеулер нәтижелерінің шынайылығы және толықтылығы, өзектілігі, маңыздылығы, анықтамалардың туралығы және стилі. Авторлар жұмыстарын әрі қарай жетілдіруге мүмкіндік алуы үшін

рецензенттердің объективті болуы қажет және олар өз ойларын аргументтер келтіру арқылы нақтылы түрде келтіруі қажет;

3) қолжазбалар көшірмесін өздерінің қажеттілігі үшін түсірмеу және рецензиялау кезінде алынған ақпараттарды жеке пайдасы үшін пайдаланбау;

4) бағаланып отырған қолжазбаның маңызды немесе басқа да бір жұмыстарға жартылай ұқсастықтарын, сонымен қатар осы немесе басқа авторлармен бұрын жарияланған жұмыстардағы сілтемелердің жоқ болу фактілеріне Редактордың назарын аудару қажет;

5) авторды жеке сынға алуға болмайды. Анық негізделген ұсыныстар және жазылған зерттеулер нәтижелерін негіздеп бағалау, объективті шешім қабылдануы қажет;

6) автор немесе ұйым мүдделерінің қақтығыстары болған жағдайда, бұл туралы рецензентті пікір беру процесінен шығару туралы өтінішпен редакторға хабарлануы қажет, мысалы оның ойынша рецензенттің қолжазбаны бағалау үшін жеткілікті біліктілігі болмаған кезде немесе ол объективті бола алмайтын жағдайда;

7) рецензентпен мақаланы қарау нәтижесі – мақаланы берген, өңделген күйде, қайта жұмыс жасағаннан кейін (қайта қарағаннан кейін)немесе одан бас тарту немесе жариялау туралы шешім қабылдау болып табылады. Бұл шешім Журналдың Редакциялық алқасымен бекітіледі.

Редакция мүшесі келесі этикалық қағидаларын сақтауы қажет:

1) жариялауға дейінгі кездегі кез келген ақпаратты және авторлардан алынған жарияланымдардың құпиялылығын қамтамасыз ету;

2) автордың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беру немесе жарияланбаған, қаралуға берілген қолжазбалар мәліметтерін жеке мақсат үшін пайдаланбауы қажет;

3) егер де плагиат болып табылатын жеткілікті дәлелдер болған жағдайда, ақпаратты жариялауға жол бермеу;

4) мақаладан бас тартылған жағдайда өз шешімін негіздеуге міндетті;

5) жариялау алдында мақаланың соңғы нұсқасын авторларымен келісу.