Редакциядан

Журнал құқық қорғау органдарының мәселелерін жан-жақты талқылау және шешу, жаңа заң шығару бастамалары мен жаңалықтары үшін ғылыми және білім беру ақпараттық ортаны қалыптастырудың инновациялық алаңы болып табылады.

Журналдың негізгі мақсаты болып құқық қорғау қызметі саласындағы түбегейлі және қолданбалы зерттеулерді, заң ғылымдарын және халықаралық құқық, сонымен бірге оқырмандарды әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми жасалымдарын енгізумен таныстыру болып табылады.

Журнал келесі міндеттерді шешуге қатысады:

  • отандық және шетелдік заңнамалардың қазіргі жағдайларын, құқықтың түрлі салалары мен құқық қорғау қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау туралы құқық қолдану практикасын қалыптастыруды зерттеу;

2) мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың теориялық және эмпиристикалық аспектілерін, халықаралық және шетелдік заңнамаларды талдау;

3) Қазақстан Республикасы мен басқа елдердің құқық қорғау органдарының қызметіне  салыстырмалы түрде талдау жүргізу;

4) Журнал тақырыбында қарастырылған ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық, ғылым салаларындағы мамандар қызметінің негізгі нәтижелерін көрсету;

5) практикалық қызметкерлер мен заң қауымдастығы зерттеулерінің нәтижелерімен таныстыру.

Журналда Академияның қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, басқа да ғылыми мекемелермен, жоғары оқу орындарымен және жеке бастамалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізетін азаматтармен жүзеге асырылатын құқық қорғау, құқық және ғылым саласындағы ашық ғылыми зерттеулердің нәтижелері жарияланады.

Журналдың ғылыми жарияланымдарында авторлардың географиялық әр түрлілігі мен бірге жоғарғы сілтеме индексі бар шығуы қамтамасыз етіледі.

Журнал баспа түрінде шығады, мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

Журнал тоқсан сайын шығарылады.